Қалиева Алия Ботабайқызы Ақтөбе облысы Байғанин ауданы Байғанин орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Тақырыбы: М. Әуезов «Қараш – Қараш оқиғасы»



бет2/2
Дата05.12.2016
өлшемі165,63 Kb.
#3260
түріСабақ
1   2
Жарасбай

Бақтығұл бейнесі



Сұрақтар:

1. Бақтығұлдың тұрмыс жадаулығы мен көңіл қаяулығын жазушы қалай суреттейді?

2. Боз биені олжалау кезінде Бақтығұлдың қандай қасиеттерін аңғаруға болады?

3. Жарасбай Бақтығұлдың қандай қасиеттерін байқады?

4. Бақтығұлдың еңбекқорлығына, парасаттылығына, сөзге жүйрік алғыр азаматтық қасиеттеріне мысал келтір ?

5. Бақтығұлдың Жарасбайға берген сертінен оның қандай мінезді адам екенін байқауға болады?

6. Барымта, ұрлық сөз болғанда Бақтығұлды қандай сезім биледі, оның Жарасбайдан күткені сол ма еді?

7. Жарасбайдың « арсыз жотасын » көргенде Бақтығұлды қандай сезім биледі?

8. Тұтқын болуды мойындамауынан Бақтығұлдың қандай мінезін байқауға болады?

9. Жарасбайдан кек алуға қай жағдайда бекінді?

10. Жарасбайды атқаннан кейін Бақтығұлдың қуанғанынан нені аңғаруға болады?


Кейіпкер


Іс әрекеті


Портрет


Мінездеме


Бақтығұл


Жалшылық етті, інісін жерледі, елден кетті, бие ұрлады, соққы жеді, Жарасбаймен достасты, ұрлық барымта жасады,сатқындыққа ұшырады, кек алды.



Кесек балуан

денелі,иықты, кеуделі келген қалың тік қара мұртты көп сөйлемейтін жасы 36 -37- лерде




Төзімді, лепті, қырағы мерген, адал, еңбек қор, кекшіл, рухы таза, кедей



Жазушының суреткерлік шеберлігі

1. Тау ішінің аш қасырындай бұралып, Сарымсақтының қарағайында бір күн, бір түн бекініп жатты:

2. Қой торыған бөрідей енді жұтынып, қомданып алған дөңгелек денесі анда – санда маңайды болжағанда, алды– арты, жан – жағына шапшаң бұрылады. Барлық қозғалысына ұршықтай үйірілген жіті сергектік пайда болған.Кішкене қысық көздері жауынды тунді тіліп өткендей.

3. ... Бақтығұл қоралы қойға шапқалы келе жатқан қасқырдың құйрығын қысып, басын төмен салып, елеусізденіп, сөлпеңдеп жүргені сияқты.

4. ... Далада жалғыз жорытқан көк бөріше бар сырын өз ішіне түйіп, тығып келген тіршілік мұны талдырған...

5. Қалың топырдан адасып шаң қуып қара үзіп, қаңғып қалғандай сезінді. Ел бір бөлек, бұл бір бөлек. Баяғы жалғыз жорытқан көк қасқырша өзімен – өзі ғана болып қалған қу жалғыздық күйін қайта көрді.

6. Бұл кезде Бақтығұл елден, жұрттан безіп шығып, тау ішінің жайын тағысы сияқтанып жүрген қашқын.

« Көксерек » шығармасымен байланыстыру.

Венн диаграммасы:



Көксерек пен Бақтығұл өмірінің ұқсас, айырмашылығын салыстыру.

Жазушының кейіпкер психологиясын суреттеудегі шеберлігі.

Ой тастау Бақтығұл қылмыскер ме?

Иә

Жоқ







Әріптерді сөйлетейік.

Б – батыл да батыр.

А – аңғал, адал.

Қ – қайсар да қайратты ер.

Т – табанды, төзімді.

Ы – ызалы (жауына ызалы )

Ғ – ғаламат күш иесі.

Ұ – ұстамды.

Л – лайықты (осы барлық айтылған қасиеттерге лайықты).

Прототип – көркем шығармаға негіз болған адам.

Бақтығұл – Рысқұл Жылқыайдаров.

Тектіғұл – Молдабек Жылқыайдаров.

Жарасбай – Саймасай Үшкемпіров.

СәлменЕстемес

Сейіт – Тұрар Рысқұлов.

Қатша – Ізбайша Қорғанбайқызы.

Сұрақ: Тұрар Рысқұлов туралы не білеміз?

Пысықтау Шығармаға берер оқушы бағасы

1. Шығарманы оқып шыққанда қандай әсер алдың?

2. Бақтығұлдың бойындағы қандай қасиеттер ұнайды? (Намысты азамат, қайратты ер, табанды адам.)

3. Осы шығарманың тәрбиелік мәні немесе біз қандай тәрбие аламыз?

Адал болу

Ұрлық іске бармау « Қараш – Қараш оқиғасы » әділ болу

Қиянат жасамау Мейірімді болу

Үйге тапсырма:

Тұрар Рысқұлов туралы газет журналдардан оқу. «Елінің қайсар ұлдары»(шығарма жазу)

Оқушылардың білімдерін бағалау.

Мұғалімнің қорытынды сөзі.

Бұл шығармадан

« Байлардың таңы атқан, кедейдің күні батқан » тар кезеңде қожасынан қысым, қиянат, қорлық, зорлық көрген сіңірі шыққан кедейлердің әділдікті, еркіндікті аңсаған, сол кездегі қазақ халқының басында болған қиын кезеңдіРысқұлдай өжет ердің іс – әрекетімен суретегенін білдік.

1905 – 1906ж Вырный түрмесінде болған Рысқұл Тұрардың оқу оқығанын, жақсы өмірге жеткізсе оқу жеткізетінің аманат етіп айтып кетеді. Тұрар әке аманатын орындап, халқын сүйіп, еліне адал қызмет етеді. Елінің қамын ойлайтын Тұрардай, қиыншылыққа мойымайтын әділ де қайратты ер Бақтығұл – Рысқұлдай елін сүйер азамат болыңдар.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет