Алиева Гулим Сабитбековна Тайтөбе ауылының орта мектебі, Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Ертегілерді оқу-тәрбие процесінде пайдаланудың көрсеткіші



Дата13.12.2016
өлшемі111,71 Kb.
#3761
Алиева Гулим Сабитбековна

Тайтөбе ауылының орта мектебі,

Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Ертегілерді оқу-тәрбие процесінде пайдаланудың көрсеткіші

Халық ертегілерінің бала дүниетанымын қалыптастырудағы маңызы аса зор. Қазақ фольклорындағы ертеден келе жатқан көне жанрлардың бірі -ертегілер. Ол ұрпақтан - ұрпаққа ауызша тараған мол мұра. Оның осы дәуірге дейін жетуі ертекшілермен тығыз байланысты. Халық арасында үлкен беделге ие болған ертекшілер ертегіні шебер орындаған. Жаңадан ертегілік сюжетті тудырып, толықтырып отырған. Ертегіден халқымыздың ертеңге деген сенімі мен арман - тілегін, қиялын, даналығын, ғасырлық өмір тәжірибесін көреміз. Ертегінің қай түрін алсақта ол баланың ой-қиял ұшқырлығын күшейтеді, мінез -құлқын, ерік - жігерін қалыптастырады. Сондықтанда ертегіні оқытуда оның жанрлық ерекшелігін ескеріп, тәрбиелік мақсатына айрықша көңіл бөлгеніміз жөн. Дүниеге ғылыми көзқарастың қалыптасуы ұзақ және күрделі үрдіс.

Халық педагогтары бала тәрбиесіндегі ертегінің алатын орны жөніндегі түсінігі:


  1. Халқымның тіл байлығын жоғалтпай тіл ұштауға қажет екенін түсінген.

  2. Жазба әдебиеті жоқ жердегі ертегі баланың қиялын, рухын тәрбиелеп, қиялдандыруға, жүйелі түрде сөйлей білуге баулитындығын түсінген.

Халқымыз ой - өрісінен, салт - санасынан дерек беретінін ұғынған. Сондықтан халық арасында арнайы ертегі айтатын ертекшілер болған. Олар әңгімесін мәнерлеп тыңдаушыны қызықтыру жағын қарастырған. Мысалы:

Ертек - ертек, ерте екен,

Ешкі жүні келте екен,

Қырғауыл жүні қызыл екен,

Құйрық жүні ұзын екен,

Мұзға мінген екен,

Бұты сынған екен, - деп тақпақтап бастап қызықтыра бастады, ертегі айтушының тілі, үні дауыс интонациясын қоя беру шеберлігі көңіл аударғанын көреміз. Қазақ ертегілері, 4000 - ға жуық. Оларды: хайуанаттар туралы, қиял - ғажайып ертегілер, тұрмыс - салт ертегілер, батырлық, күлдіргі сынды бірнеше түрлерге бөлген. Хайуанаттар туралы ертегілер көне заманда елдің және аңдардың, малдың киесі бар деген, сенім қалыптасқан кезде пайда болған (Ақ қасқыр, Шопан ата, Шек - шек ата, Ойсыл ата, Зеңгі баба, Қамбар ата т.б) ол дами келе, тыңдаушыны қуантатын, көңілдендіретін ертегілермен толысты. Қазіргі хайуанаттар ертегілерінде космосқа ұшып жүрген (бәтінке, шұжық, балқаймақ) хайуанаттар мен төрт - түлікті көреміз. Ертегілердің ішінде баланың қиялын шарықтатып, балалық шақтың болашағын елеулетіп, келешекке сеніммен қарауға тәрбиелейтін ең әсерлі ертегілер ол қиял - ғажайып ертегілер. Ертеде «Ұшқыш кілем» ойлап шығарған халық енді «Зымыранның» өмірде бар екенін тілге тиек етіп, жұлдыздар мен планеталарды еркін аралайтын алыптар туралы ертегілер шығарды. Мұндай ертегілердің көбісі ғылым болжамдарына сәйкестіріліп шы,арылады. Сондықтан оларды ғылыми фантастикалық ертегілер деп атауға болады. Ертегілер сонымен қатар халықтың тарихи

талаптарына және тұрмыс - салтына байланысты туған. Онда бай баласы мен жарлы баласының таптық айырмашылықтары сөз болады, ақылды кедей мен сараң бай, қанағатсыз саудагер, ақымақ хан мен ақылды шаруаның іс - әрекеттері, мінез - құлықтары суреттеледі. Елін қорғап, халық қадірлеген ерлердің таңғажайып әрекеттері батырлық ертегілерде баяндалады. Олардың еңбектерімен, адамгершілік іс - әрекеттері кейінгі ұрпаққа үлгі өнеге етіп айтылады. Ертегінің қандай түрі болсада бала жанына жақын, баланың қиялын, ойын өрге сүйрететін, еңбек сүйгіш, қолынан келмейтін өнері жоқ, өнегелі, «жеті қырлы, бір сырлы» - болуға тәрбиелейді. Ертегілерді оқыту барысында мынадай ережелерге назар аударған дұрыс:



Оқыту тәсілдерінің түрлері:
• ой, зейін, ес, қабылдау, қиялды жақсарту тәсілдері;
• мәселелі жағдаят тудыруға көмектесетін тәсілдер;
• оқушылардың сезімдеріне әсер ететін тәсілдер;
• жеке оқушылар арасындағы қарым-қатынасты басқару
тәсілдері.

Сөздік әдісі мектептің барлық сатыларында қолданылып, әңгіменің сипаты, көлемі, ұзақтығы өзгереді. Әңгіме арқылы жаңа білімді хабарлау үшін оған кейбір талаптар қойылады. Олар:
•    әңгіменің оқушылардың адамгершілігіне әсер етуі;
•    әңгімеде дәлелді және ғылыми фактілердің болуы;
•    ой пікірдің дұрыстығын дәлелдейтін жарқын және нанымды мысалдардың, фактілердің жеткіліктілігі;
•    әңгіменің жүйелілігі болуы керек;
•    әңгіменің әсерлілігі;
•    тілінің қарапайымдылығы және түсініктілігі;
•    мұғалімнің фактілер, оқиғаларға берген бағасының болуы.

Әңгімелесу әдісінің артықшылықтары:
•    ес пен тілді дамытуы;
•    оқушылардың оқу-танымдық қызметін белсенді етуі;
•    оқушылардың білімінің белгілі болуы;
•    жақсы диагностикалық құрал;
•    үлкен тәрбиелік күші бар.
Әңгімелесу әдісінің кемшілігі:
•    уақыттың көп кетуі;
•    қауіп элементі бар (оқушы дұрыс жауап бермеуі мүмкін, оны басқа оқушылар естіп, есінде сақтап қалады.

Баспа материалдарымен өз бетімен жұмыстың кейбір тәсілдері бар. Олар:
•    конспектілеу - кітаптың мазмұнын қысқа баяндау;
•    мәтіннің қарапайым және күрделі жоспарын жасау. Жоспар құру үшін мәтінді оқып болған соң оны бөліктерге бөліп, әр бөлікке атау беру керек;
•    тезистеу - кітаптың негізгі ойларын қысқа баяндау;
•    цитаталау - мәтінді сөзбе сөз көшіру. Міндетті түрде автор, кітап (жұмыс) аты, баспасы, шьққан жылы, беттері көрсетіледі;
•    аннотация — мәнді, елеулі мағынасын жоғалтпай мазмұнды қысқа баяндау;
•    рецензиялау - оқу материалы туралы өз ойын қысқа жазу;
•    справка жазу - тапқан кітап, т.б. мағлұмат көзі туралы мәлімет. Анықтамалар статистикалық, библиографиялық (өмірбаяндық, терминологиялық, географиялық, т.б) түрде болады;
•    формальдық-логикалық модель - мәтіннің сызбасы;
•    тақырыптық тезаурус – бөлім, тақырып бойынша негізі ұғымдарды ретке келтіру.

Оқытудың көрнекілік әдісінің шарттарды:
•    көрнекіліктің оқушылардың жасына сәйкестігі;
•    көрнекілікті сабақтың керек сәтінде қолдану;
•    демонстрацияланған затты барлық оқушылардың көруі;
•    иллюстрацияның ең бастысын, мәндісін нақты бөлу;
•    құбылыстарды демонстрациялау кезінде берілетін түсініктерді мұқият ойластыру;
•    демонстрацияланатын көрнекіліктің оқу материалы мазмұнымен сәйкес келуі;
•    көрнекі құрал мен демонстрациялық қондырғылардан керекті мәліметтерді табуға оқушыларды ңатыстыру.

Ертегілердің бала тәрбиесіне тигізетін ықпалы «Ел болам десең, бесігіңді түзе» деп халқымыз бекер айтпаса керек. Кешегі Абай, Мұхтар сынды айтулы азаматтарымыз әжелерінің әлдиі мен ертегісін естіп өскен. Ал сіз, балаңызға ертегі айтасыз ба? Ертегінің бала дамуына ықпалы зор. Мұндағы ұрпақ тәрбиесінің негізгі түйіні – имандылық, адамгершілік, отбасы тәрбиесіне байланысты. Әр ертегінің өзіндік ерекшеліктері бар. Мәселен, қиял- ғажайып ертегісі баланың ойын, қиялын дамытса, шыншыл ертегілер жаман- жақсыны, өтірік пен шындықты ажырата алуға тәрбиелейді.Мысалы, «Шық бермес Шығайбай», «Алдаркөсе». Ал, жан-жануарларға байланысты ертегілер төрт түлікті, жануарларды құрметтеуге, оның пайдасын түсінуге тәрбиелейді. Осы айтылған ертегілер түрлерін мен өз сабағымда пайдаланып отырамын. Себебі, ертегі сабақты түрлендіріп отырса оқушылардың қызығушылығы артады. Аталған ертегілерді оқушылармен сахналық көрініс етіп қоямыз. Соңында ертегілер кейіпкерлеріне мінездеме беріп, қорытынды пікір айтып, ортаға саламыз. Сонымен қатар оқушылар өз қолдарынан ертегі кейіпкерлерінің мүсінін жасап, қуыршақ театрын да қойып көрдік. Сондағы байқағаным, оқушылардың сабаққа қызығушылығы артып, сабаққа белсенді қатысып отырды. Мұнда баланың қол өнер шеберлігі, қиялы дамиды. Міне, сондықтан, кемелденген Тәуелсіз мемлекетіміздің тізгінін ұстар жастарымыздың бойында ұлттық және азаматтық намысы бар, мәдениетті, білікті етіп тәрбиелегіміз келсе, бала тәрбиесіндегі барлық жұмыстарымызды халықтық педагогика негізінде құру керек деп ойлаймын. Ертегі арқылы қандай білім беруге болады, икем дағдысына қандай талаптар қою керек? Міне, бұл мәселелер әр мұғалімді толғантуы, ойландыруы тиіс. Ертегілерді оқытуда ең басты мына мәселелерге көңіл бөлу керек:


  • Ертегілердің жанрлық ерекшелігін таныту, яғни, әдеби – теориялық ұғымдар беру;

  • Сюжет пен композициясында жамдастық, тұтастық, өзіндік ерекшеліктерін білдіру;

  • Тіл құрылысы ұйқаспен, тақпақпен келуі, баяндау, суреттеу, портреттеу шеберлігі, бейнелі сөздердің мол келуі, оқиғалардың қызықтығы, жиынтығы. Ертегінің бай тілі – халқымыздың ғасырдан – ғасырға келе жатқан байырғы, тарихи тілі екендігі.

  • Ертегі негізінде халқымыздың асыл арманы, ұшқыр қиялы, гуманизмі, адамдық биік мінез құлқының, тыныс – тіршілігінің айнымай көрінуі. Қай ертегі болмасын, халық арманы, тілегіне сай, тек жақсылықпен бақытқа жетумен аяқталады.

  • Ертегілерді оқытуда қандай әдіс – тәсілдер, оқу формалары, сабақ типтері тиімді саналады?

Ең алдымен, оқушыларға ертегіні оқыту мазмұнын толық меңгерту мәселесін ойластыру керек. Мазмұнын меңгерте отырып, оның негізіндегі идея, айтайын деген терең ой туралы сөз қозғау. Мазмұнын меңгертуде мәнерлеп оқу, әңгімелеу, баяндау, мазмұны тұтас сақталынған толық жоспар, эпизодтарға бөлу, әр эпизодқа ат қою, сұрақтарға тапсырмалары жүйесін ойластыру. Оқушылардың қабілеті, икем – дағдысын арттыруға байланысты. Жұмыс түрлерін жүргізу, соның ішінде өтілгелі отырған ертегіге сәйкес ертегілер құрастыруға баулу, пікір айта білу, өз беттерімен талдауға дағдыландыру, мәтінге жуық мазмұндату, басты оқиғаларды ғана қамтып, мазмұндату мәселелерін ойластыру. Ертегілерді оқыту жолдарын «Керқұла атты Кендебай» ертегісі (5 –сынып) арқылы қарастырайық.

Ертегі мазмұнын толық меңгерту, мәтінді оқыту мақсатында ірі мұнын оқушылар оқығалы отырған тұңғыш көлемді ертегі екенін ескеріп, мұғалім оны эпизодтарға бөліп, көрнекі етіп жазып қояды. Оқу, талдау барысында сол бөліктерге оқушыларға ат қойғызады. Ертегіні мына эпизодтарға бөлуге болады:



  1. Кендебайдың және Керқұла құлын тарихы;

  2. Мергенбай батырдың баласы оның басынан өткен жайлар;

  3. Кендебайдың Мергенбайды іздеп, сапарға аттануын;

  4. Кендебайдың малшы болуы

  5. Алтын құйрықты тарихы. Ол Кендебайды тауып, хан алдына табыс етуі

  6. Ханның жаңа шарты, Кендебайдың оны да орындауы

  7. Ата – анасына қосылып, баланың бақытқа жетуі. Кендебай батырдың елі.

Ертегіні оқу барысында мұғалім: «Балалар, қазір мына эпизодты оқимыз, онда қандай оқиғалар болады екен, кәне, тыңдап отырайық»- деп олардың назарын үнемі негізгі эпизодтарға ауларып отыру керек. Эпизодты оқып болған соң, сұрақтара арқылы қолма- қол мазмұндаудың маңызы зор болмақ.

Сұрақтар: мысалы, І- эпизодқа



  1. Ертегі қандай сөздермен басталады?

  2. Қараңғап кедейдің іс – әрекеті, кәсібі туралы не айтылады?

  3. Кендебай дүниеге қалай келді? Оның сипатын, мергенділігін айтып бер.

  4. Кендебай Керқұла құлынға қалай ие болды? Құлын қалай өсті?

Мазмұндап болған соң, эпизодқа тақырып қою жұмысын жүргізу керек. Онда да балалардың өз пікіріне жол ашқан жөн. Балалармен бірге отырып, «Кендебай және Керқұла құлын тарихы» деген тақырып қоюға болады. Мұғалім эпизодқа тақырып қоюдың негізгі шарттарын балаларға түсідіндіруге, яғни, тақырып сол эпизодтың ең басты, негізгі оқиғасы айналысында қойылатынын ескертеді.

Ертегілерді оқытуда көп қолданылатын әдіс – тәсілдер түсіндіру, баяндау, әңгімелеу. Мұғалім өзі мәнерлеп оқуға дағдыланады, мұғаліммен бірге бәрі де мәтінмен жұмыла жұмыс істейді. Сондай – ақ эпизод бойынша кезектесе оқытудың да тиімділігі бар.

Ертегі мазмұнын меңгерту кезініңде қызықты эпизодтарымен инсценировка көрсетуге болады. Онда кездесетін архаизм сөздерге түсінік беріп, сөздік жұмысын жүргізу басты тәсілдерінің бірі. Содан кейін мазмұндату жұмыстары жүргізілді. Мысалы:

А) Мәтінге жуық толық мазмұндау;

Ә) Эпизодтарға байланысты басты оқиғаларын теріп мазмұндау;

Б) Өздеріне ұнаған оқиғаларды ғана мазмұндау;

В) Мұғалім сұрағына жауап – мазмұндау. Мазмұнын толық меңгерткеннен кейін, ертегіге әдеби талдау жүргізіледі.

Әдеби талдауды түсіндірмелі әдіс, проблемалық баяндау, сұрақ-жауап, практикалық тапсырмалар, әңгімелесу, пікірлесі т.б. әдіс тәсілдер арқылы оқушылардың өзін қатыстыра отырып жүргізген жөн.




Жоспар

Әдіс −тәсілдері

Ертегі – ауыз әдебиетінің бір саласы. Өзіндік ерекшеліктері


Әңгімелесу, баяндау

«Керқұла атты Кендебай» ертегісі, оның қиял ғажайып сипаттары

Баяндау, сұрақ−жауап, топтастыру, оқулықпен жұмыс.

Ертегі негізінде жатқан басты мәселелер

Тізбектеу, әңгімелесу

Басты кейіпкерлер. Кендебай бейнесі. Кендебайға мінездеме.

Ти кестесі, оқушының ауызша суреттеуі

Жетім бала

Сұрақ – жауап, әңгімелесу

Хандарға мінездеме

Сұрақ−жауап, баяндау , әңгімелесу

Керқұла ат туралы

Топтастыру, оқушы әңгімесі

Оқушыларға қойылатын сұрақтар проблемалық сипатта болуы керек, себебі, ол оқушылардың ойлау белсенділіктерін арттырады, білімді өз ынталарымен алуға жағдай жасайды.



Сұрақтар, тапсырмалар(сыныпта, үй тапсырмасында қолданылады).

  1. «Керқұла атты Кендебай» ертегісі неге қиял –ғажайып ертегісіне жатады?

  2. Ертегі арқылы халық неге айтпақ болған?

  3. Халық арманын қай жерден көруге болады?

  4. Өзіне Кендебай ұнай ма? Әсіресе қандай мінездері, іс – әрекеттері ұнайды?

  5. Кендебай арқылы халық нені армандаған, соны айтып бер.

  6. Қалай ойласың, Керқұла болмаса, Кендебай мерген батырды құтқара алар ме еді?

  7. Керқұла ат арқылы халық не айтпақшы болған?

  8. Екі ханға салыстырмалы мінздеме бер, өзінше қайсысы өте ұнамсыз, әділетсіз?

  9. Жетім баланың ертегідегі орны туралы әңгімеле, қалай ойлайсың, егер ол бала Кендебайға кезікпесе, ертегі дәл казіргідей қызықты болар ма еді?

  10. Ертегіні өзің ары қарай қалай жалғар едің?

  11. Кендебайға ұқсағыларың келе ме? Келсе, әсіресе, қай қасиетіне ұқсағың келеді?

  12. Ертегіден ұқсастық сөз тіркесін тап. Өзіңе ұнаған жақсы сөз болса, дәптеріңе жазып ал.

5- сынып оқулығында бірнеше ертегі берілген. Оларды оқып, талдап болған соң, қорытынды сабақ ретінде салыстыру жұмыстарын жүргізудің маңызы зор. Бұндай жұмыс оқушылардың ертегілерді жанрлық жағынан бір бірінен ажырата білулерін, ортақ, ұқсас нәрселерін, үндестіктерін, өзіндік ерекшеліктері тереңірек түсінуге көмегін тигізеді. Мұндай сабақта «Ертегіде қонақта» немесе «Ертегі кейіпкерлері сыр шертеді» деген тақырыптармен өткізуге болады. Бірнеше ертегіден шағын көріністер көрсету, ертегіні ертекшіге бастату, ертегілер бойынша суреттер салғызып, сабақта оны пайдалану балалардың әдебиетті сүю, халық туындыларына деген құрметін, қызығушылығын арттырады.


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет