Бекітемін:
Оқу тәрбие ісі жөніндегі орынбасары:____________ Қ.Баянғалиев
Сабақ жоспары
Сабақ : 40
Күні:
Сабақтың тақырыбы: Экскурсия жүргізудің техникасы
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Туризм саласымен тереңірек танысу, зерттеп, зерделеу
Дамытушылық: Жеке тұлғаны дамыту,талдау, салыстыра білу қабілеттерін дамыту,оқу материалынан ең бастысын бөліп алу, классификациялау, әдебиеттер мен қосымша көрнекіліктерді тиімді пайдалану.
Тәрбиелік: Адамгершілік тәрбиесін беру,Қазақстандық патриотизм,ұлттық келісім ұғымдарын дұрыс қабылдау, үлкенге сый-кішіге жол көрсету, мамандық бағдарлау және экономикалық тәрбие.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың әдісі: түсіндіру, саяхат жасау
Сабақтың көрнекілігі: оқулық, сабаққа қатысты құрал-жабдықтар
Сабақ барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі
ІІ.Жаңа сабақты қалыптастыру
Экскурсия жүргізу техникасына бірнеше талаптар қойылған.Олар экскурсоводтың туристік топпен танысуы, туристтердің обьект қасында орналасауы, экскурссанттардың автобустан шығу және кіру ережелері, экскурсоводтардың микрофонды дұрыс қолдануы, экскурсиондық уақытты есептеу, тақырыпты ашып жеткізу және сұрақтарға жауап беру.
1. Экскурсоводтың туристік топпен танысуы.Экскурсовод автобусқа кіріп,туристтермен танысады. Өзінің аты-жөнін,турфирманың атын және экскурстандарға жүргізуін, таныстырады. Туристтер экскурсия тақырыбын алдын-ала білу керек. Әрбір тақырыптың кіріспесі әр түрлі болады. Кіріспе туристік топ құрамына байланысты болады.
2. Туристтердің автобустан шығуы. Туристтердің экскурсиондық обьектіге жақындағанда автобустан шығуға дайындық керек. Әйтпесе, туристтердің жартысы автобустан шығып, обьектке қарай кетеді, ал 2-ші жартысы автобусттың ішінде қалады. Экскурсияның басында қанша аялдама болады және қай жерлерде болатынын айту керек. Автобус тоқтаған кезде, экскурсовод автобустан 1-ші шығады, барлық экссурттандарды жинап,экскурсияның бағытын көрсетеді. Автобус санитарлық немесе әртүрлі сувенилерді сатып алу үшін тоқтаған кезде экскурсовод автобустың жүретін уақыты қысқарса немесе созылып кетсе, барлық өзгерістерді экскурстантарға айтуы керек.
ІІІ. Жаңа сабақты бекіту
1. Экскурсия жүргізудің талаптары қандай?
2. Экскурсияны жүргізуші адам қалай аталады?
Достарыңызбен бөлісу: |