Сабақ мақсаты: «Достық» ұғымдарын кеңейту арқылы дұрыс әрекет құндылығының мәнін ашу
Міндеттері:
1. Сыйластық туралы түсінік беру;
2. мейірімділік қасиеттерін дамыту;
3. Адалдаққа тәрбиелеу.
Ресурстар: (құралдар, мәлiметтер)
интерактивтік тақта,ватман, маркер,түрілі- түсті қағаздар, нақыл сөздер).
Сабақ барысы:
1.Ұйымдастыру кезеңi: .5-«Т» ережесін сақтау
Тыныштық сәтi. №1 Нұрға бөлену
Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ-қолыңызды айқастырмаңыз. Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін.
Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын және таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңыз бен тілек-қалауыңызды шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты.
Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Олар нұр мен махаббат құралына айналды.
Одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көздерімізге де жетті, көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді. Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелі ой келеді.
Нұр бірте-бірте қарқын және шұғылана бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан-жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз. Нұрды уақытша түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз, олардың да жүрегі нұрға толсын.
Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан-жануарларға, өсімдіктерге, барлық тірі жанға таралсын... Ғаламның барлық түпкір-түпкіріне нұр бағыттаңыз. Ойша айтыңыз: «Мен нұрлымын... Нұр менің ішімде... Мен Нұрмын».
Осындай Нұр, Махаббат және Тыныштық күйінде отыра тұрыңыз...
Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз.
Жаймен көзіңізді ашуға болады.
2.Үй тапсырмасын тексеру.
А.Бейсебайдың «Кешірімнің күші» мәтінін оқып келу.
1. «Кешіру – өзгені түсінуге тырысу» дегенді қалай түсінесің?
2. Өз бойыңда қандай кемшілігің бар деп ойлайсың?
Ескерту
5 мин.
5 мин.
3.Дәйексөз:
«Адал достық өмірлік нұсқа болады, амал достықтың өмірі қысқа болады» Әйтімбет шешен
1.Нақыл сөздің мағынасын қалай түсінесіз?
2. Адал достың бойында қандай қасиеттер болу керек?
Бір күні екі дос келе жатып, сөзге келіп қалады. Біреуі екіншісінің жағынан тартып жібереді. Таяқ жеген досы жағы ауырса да, ештеңе деместен жердегі құмға «Бүгін менің ең жақын досым жағымнан тартып жіберді» деп жазады. Олар әрі қарай кете береді де, суы бар шалғынды әсем жерге тап болады. Сол жерде шомылуды ұйғарады. Жағына шапалақ тигені суға батып кете жаздайды, оны досы құтқарып, есін жиғаннан кейін ол тасқа «Мені бүгін ең жақын досым өлімнен құтқарып қалды» деп жазды. Бір кезде шапалақпен ұрып жіберген, соңынан суға кетуден құтқарған досы одан былай деп сұрайды: «Мен сені жәбірлеген кезде сен құмға жаздың, ал енді тасқа жазып отырсың. Мұны қалай түсінуге болады?» дейді. Досы оған былай деп жауап береді: «Егер бізді біреу жәбірлесе оны құмға жазуымыз керек, өйткені жел құмдағы жазуды өшіріп әкетеді. Ал біреу жақсылық жасаса, оны тасқа қашап жазу керек, өйткені ол жазуды жел де, уақыт та өшірмеуі керек»
• Бұл аңыздан қандай қорытынды шығару керек?
• Достықта жақсылықты есте сақтап, ал жамандықты, өкпені ұмыту керек дегенді қалай түсінесіңдер?
• Адал болу үшін қандай дұрыс әрекеттер жасаймыз?
Мұғалімнің сыйы:
«Жақсылықты ұмытпайтын адал дос» видео ролик
- Ит не себепті жақсылық жасады?
- Сендер қандай жақсы істер жасап жүрсіңдер?
15 мин.
5.Шығармашылық іс-әрекет,топтық жұмыс.
1 топ:
З топқа бөлінеді.
1 Топ: Өлең құрастыру.
Дос, қымбат, сыйластық, адал, бақыт сөздерін катыстарап өлең жолдарын құрастырып, достар әніне салып айтады.
2 Топ.Мақалды жалғастыр
1. «Кемшіліксіз…. іздеген адам…. қалады».
2. «Дұшпан…. айтады, дос…. айтады».
3. «…. жаңасы жақсы,… көнесі жақсы.».
4. «Досы көппен…., Досы жоқпен…». 5. «Досы…, өзі де жақсы».
6. «…. басқа қарайды,… аяққа қарайды». 7. «Ақылсыз…. ақылды дұшпан….».
8. « Досың мың….,… біреу болса да көп». 9. «… адам тамыры жоқ… тең»
3-Топ: Жағдаяттарды сахналау
Сенің ең жақын досың өзінен кіші баланың ұялы телефонын тартып алды. Сынып жиналысында оны талқылап жатыр. Ол сенен көмек күтіп отыр. Сен не айтар едің?
Тәңір жанның егесі!
Күтеді әне, қол бұлғап
Болашақтың кемесі!
Қолыңды бер, кел, досым!
Жан жылуым ем болсын!
Биіктерге бастайық,
Бұл бақытты ел көшін!
3 мин.
7.Үй тапсырмасы
«Біз достықты бағалаймыз» достарына арналған буклет жасап келу.
1 мин.
8.Сабақтың соңғы тыныштық сәтi.
- Балалар, енді бір сәт көзімізді жұмып, тыныштықта бүгінгі сабағымызды есімізге түсірейік. Бүгінгі сабағымыздан алған әсерімізді жүрегімізге орнатайық. Әрдайым жақсыны көруге, жақсыны естуге, жақсыны айтуға үйренейік. Достарымызды көз алдымызға келтіре отырып, дүниедегі барлық жақсылықтарды достарымызға тілейікші. Енді тыныштық күйде отыра тұрыңыздар. Көздеріңізді ашуға болады.