Алимхан Жунисбек verstka 19 06 18 indd indd


Тілдердің жіктелім белгілерінің моделі



Pdf көрінісі
бет14/225
Дата17.11.2023
өлшемі10,2 Mb.
#191772
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   225
Байланысты:
Жүнісбеков
Chapter 3, Blue, Brown And Pink Modern Minimalist Thesis Presentation, Слайд № 1. Неделя 2., English File 4th edition Elementary TG, “Орта білім беру ұйымдарындағы әдістемелік жұмыс мазмұны мен құрылысы» кестесін жасау, Қарт теугеушінің әңгімесі, ЭЕМм программасын тіркеу туралы өтінішхат-1, Бауыр, Lecture 1. Introduction and history
Тілдердің жіктелім белгілерінің моделі
Тілдердің айырым белгілері олардың жіктеліміне негіз болып 
қана қоймай, кейбір пікір-талас тудырып жүрген мәселелерді шешуге 
де септігін тигізеді. Ең бастысы қазақ тілтанымында орнығып қалған
«еуропацентристік» ұстанымдардан арылуға мүмкіндік береді.
Жоғарыдағы кестеде келтірілген тілдерді жіктеудің кез келген айы-
рым белгілерін модельдеп шығуға болады. Алайда бүгінгі зәру зерттелім 
сөз просодикасының моделін жасау болып отыр. Өйткені қазақ тілта-
нымындағы «еуропацентризм» орыс тілінің сөздік екпінінен басталып 
отыр. Өйткені «қазақ тілінде екпін сөздің соңғы буынына түседі» деген 
жаңсақ ереже қазақ тілінің оқулықтарында әбден қалыптасып қалған.
Сөздік екпін немесе акцент тілдерді жіктеудің айырым белгісі 
болғандықтан, ол тек бір тілдің ғана, яғни орыс тілінің құрылымы-
на ғана тән. Ендеше, сөздік екпінді, мысалы, қазақ не қытай тілінің 
құрылымынан іздемеу керек.
Әуен немесе тон тілдерді жіктеудің айырым белгісі болғандықтан, 
ол тек бір тілдің ғана, яғни қытай тілінің құрылымына ғана тән. Енде-
ше, тонды, мысалы, қазақ не орыс тілінің құрылымынан іздемеу керек.
Үндесім немесе сингармонизм тілдерді жіктеудің айырым белгісі 
болғандықтан, ол тек бір тілдің ғана, яғни қазақ тілінің құрылымы-
на ғана тән. Ендеше, сингармонизмді, мысалы, қытай не орыс тілінің 
құрылымынан іздемеу керек.
Олай болса:
- сөздік екпін бар жерде тон мен сингармонизм болмайды;


25
- тон бар жерде сөздік екпін мен сингармонизм болмайды;
- сингармонизм бар жерде сөздік екпін мен тон болмайды.
Әлем тілдеріндегі белгілі сөз просодикаларының (сөзқұрауыш) 
моделі үшбұрыш үлгісінде болып шығады (2.1-сурет).
Үшбұрыш моделінің басты сипаты оның бұрыштары еш уақытта 
бір нүктеде қиылыса алмайды. Ал сөз просодикалары үшбұрыштың әр 
басына орналасқан. Олай болса, олар да бір тілдің құрамына жинала 
алмайды.
Әрбір сөз просодикасының көрнекі моделі олардың фонетикалық 
құрылымының да бір-бірінен мүлдем өзгеше екенін дәлелдейді. Син-
гармонизмнің тілдік мәртебесі тең төрт әуезі (суреттегі бірінші топ
сызба: жуан езулік, жіңішке езулік, жуан еріндік, жіңішке еріндік) бол-
са, сөз құрамындағы екпін түрлерінің қарқыны (суретте екінші топ 
сызба: екпінді, жоғары екпінді, орта екпінді, екпінсіз) еш уақытта тең 
болмайды, ал тонның көп сатылы деңгейлері (суретте соңғы топ сызба: 
төмен, жартылай төмен, жартылай жоғары, жоғары) буын-сөздердің 
айтылымын түрлендіріп отырады. 
Әр тілге тән сөз просодикасы өзінше көпқұрылымды болады екен. 
Сингармонизм сөз әуезі мен сөз құрамындағы буындардың айтылым 
қарқынын біркелкі ұстайды. Сондықтан да сөз бастан-аяқ тек біркелкі 
әуезбен айтылып, белгілі бір буынның басым айтылуы кездеспейді.
23
-
сингармонизм бар жерде сөздік екпін мен тон болмайды.
Әлем тілдеріндегі белгілі сөз просодикаларының (сөзқұрауыш) моделі
үшбұрыш үлгісінде болып шығады (2.
1-
сурет).
Үшбұрыш моделінің басты сипаты оның бұрыштары еш уақытта бір
нүктеде қиылыса алмайды. Ал сөз просодикалары үшбұрыштың әр басына
орналасқан. Олай болса, олар да бір тілдің құрамына жинала алмайды.
Әрбір сөз просодикасының көрнекі моделі олардың фонетикалық
құрылымының да
бір
-
бірінен
мүлдем өзгеше
екенін
дәлелдейді.
Сингармонизмнің тілдік мәртебесі тең төрт әуезі (суреттегі бірінші топ сызба: 
жуан езулік, жіңішке езулік, жуан еріндік, жіңішке еріндік) болса, сөз
құрамындағы екпін түрлерінің қарқыны (суретте екінші топ сызба: екпінді,
жоғары екпінді, орта екпінді, екпінсіз) еш уақытта тең болмайды, ал тонның
көп сатылы деңгейлері (суретте соңғы топ сызба: төмен, жартылай төмен, 
жартылай жоғары, жоғары) буын
-
сөздердің айтылымын түрлендіріп отырады.
Әр тілге тән сөз просодикасы өзінше көпқұрылымды болады екен.
Сингармонизм сөз әуезі мен сөз құрамындағы буындардың айтылым қарқынын
біркелкі ұстайды. Сондықтан да сөз бастан
-
аяқ тек біркелкі әуезбен айтылып, 
белгілі бір буынның басым айтылуы кездеспейді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   225




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет