Алимхан Жунисбек verstka 19 06 18 indd indd



Pdf көрінісі
бет10/225
Дата17.11.2023
өлшемі10,2 Mb.
#191772
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   225
Байланысты:
Жүнісбеков
Chapter 3, Blue, Brown And Pink Modern Minimalist Thesis Presentation, Слайд № 1. Неделя 2., English File 4th edition Elementary TG, “Орта білім беру ұйымдарындағы әдістемелік жұмыс мазмұны мен құрылысы» кестесін жасау, Қарт теугеушінің әңгімесі, ЭЕМм программасын тіркеу туралы өтінішхат-1, Бауыр, Lecture 1. Introduction and history
Сингармологиялық талдау
Сингармологиялық талдау үндесім (сингармонизм) заңына лайық 
жүргізілді. Себебі қазақ сингармологиясы дегеніміз үндесім сингар-
мологиясы болып табылады. Қазақ сингармологиясының ақиқат табиға-
тын тек үндесім сингармологиясы тұрғысынан талдағанда ғана дұрыс 
танимыз. Сондықтан да қазақ тілі дыбыстары үндесім заңы тұрғысынан 
өз алдына дербес талданды.
Осылай кешенді талдаудың нәтижесі қазақ тілінің дыбыс құрамы 
мен жүйесі жайлы жан-жақты және толық мәлімет береді. Оның үстіне 
теориялық және қолданба (қолғанат) тілтанымның (лингвистиканың) 
сұраныстарын қанағаттандырып, дамуына ықпалын тигізеді.
Еңбек көпшілік оқырманға арналып отырғандықтан, қазіргі фоне-
тикадағы күрделі техникалық талдау мен ұғым-атауларға соқпау жағы 
қарастырылды.
Қазіргі қазақ фонетикасының ғылыми аппараты жайлы
Қазақ фонетикасында қалыптасқан ұғымдар мен атаулар
жүйесіне көптеген өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Себебі осы 
күнгі ұғым-атаулар «дәстүрлі» үнді-еуропа тілтанымына байланып 
қалған да, көбінесе қазақ тілі табиғатын не жаңсақ, не жартыкеш түсін-
діріп жатады. Оның үстіне өзге тілдерде жоқ қазақ тіліндегі өзіндік құ-
былыстар ұғым-атау тапшылығынан көзге ілінбей келді. Сондықтан да 
қазақ фонетикасына тән ұғым-атаулардың жаңа жүйесін құрастырып, 
оларды түсіндіруге тура келді.
Сонымен, «Фонетика» бөлімі бұрынғы көз үйренген үлгісінен 
көп өзгеше болып шықты. Әсіресе, көптеген дыбыстардың сипаттама-
сы тиянақталып, қайта жазылды. Оның үстіне дыбыстардың үндесім 
(сингармонизм) жүйесі бұрын-соңды болмаған жаңа тарау ретінде қо-
сылып отыр. Тағы бір айта кететін жай – қазақ тілінің төл дыбыста-
ры ешбір қоспасыз өз алдына талданды. Соның нәтижесінде тілімізге 
жасанды еніп кеткен 
х, һ 
«әріп-дыбыстар» шығарылып тасталды. Ал 
орыс тілінен енген дыбыстарды қазақ дыбыстары құрамында қарасты-
рудың өзін жөнсіз деп таптық (керек болып жатса, іздеген адамға олар 
жайлы мәлімет орыс тілтанымында жеткілікті). Өзімізді де, өзгені де 
шатастырып келген 
и, у, я, ю 
кірме әріптері жайлы қосымша мәлімет 
бергенді жөн көрдік.
Алдымен қазақ тілінің төл дыбыстарының құрамын анықтап,
жүйесін сипаттап алған соң барып кірме дыбыстар жайлы сөз еткен 


18
дұрыс болар. Олар қазақ дыбыстарының құрамы мен жүйесінен үн-
десім орнын тауып сіңді ме, жоқ әлде жапсырма-жамау күйінде қалды 
ма? Жауап біреу: егер кез келген кірме дыбыс үндесім заңына бағынба-
са, онда ол қазақ дыбыстарының құрамына енген жоқ деген сөз.
Қазақ тілінің дыбыс құрамын төл сөзқұрауыш сингармология 
тұрғысынан талдағанда ғана қазіргі кездегі «қазақ тілінде қанша да-
уысты бар, қанша дауыссыз бар?» деген әрі тарт, бері тарт сұрақтардан 
арылатын боламыз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   225




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет