Алимхан Жунисбек verstka 19 06 18 indd indd



Pdf көрінісі
бет13/225
Дата17.11.2023
өлшемі10,2 Mb.
#191772
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   225
Байланысты:
Жүнісбеков
Chapter 3, Blue, Brown And Pink Modern Minimalist Thesis Presentation, Слайд № 1. Неделя 2., English File 4th edition Elementary TG, “Орта білім беру ұйымдарындағы әдістемелік жұмыс мазмұны мен құрылысы» кестесін жасау, Қарт теугеушінің әңгімесі, ЭЕМм программасын тіркеу туралы өтінішхат-1, Бауыр, Lecture 1. Introduction and history
бөлшектік
 
2.1-
сызба

Әлем тілдерінің жіктелімі
(
жіктелім белгілер
)
ТІЛДЕР
 
БЕЛГІЛЕР
 
орыс
қытай
қазақ
славяндық
қытайлық
түркілік
үнді

еуропалық
тай

қытайлық
орал

алтайлық
үнді
-
еуропа
құрлығы
оңтүстік
-
шығыс
азия
құрлығы
орталық
-
батыс 
азия
құрлығы
аллофондық
(аллофон)
аллотондық
(аллотон)
аллосингемдік
(аллосингема

фонемдік
(фонема

тонемдік
(тонема

сингемдік
(сингема
*

көп қарқынды 
(
полиакцентн
.) 
көп деңгейлі 
(
политональ
.) 
көп әуезді 
(
политембраль
.) 
екпінді
(акцентный

әуенді
(
тональный

үндесімді 
(
сингармоничес
.) 
қопарылмалы
(
флектив

жадағай
(
изолирующий

жалғамалы
(агглютинатив
.) 
география
-
лық
 
ұлы 
 
туыстық
 
орта 
 
туыстық
 
кіші 
 
туыстық
 
морфо

логиялық
 
просо

диялық
 
құрылымдық
 
түрленім
 
бөлшектік
 
1
2.1-сызба. Әлем тілдерінің жіктелімі (жіктелім белгілер)
*
1
Сингема және аллосингема жайлы 4-бөлімді қарыңыз.


21
Халықтардың өзара туыстығы ұзақ тарихи дамудың нәтижесі бо-
лып табылады. Оның ішінде халықтар арасындағы тіл бірлігінің бел-
гілері ерекше орын алады. Туыстықтың ежелгі белгісі (бастау көзі), 
көне белгісі (жалғас желісі) және жаңа белгісі (қазіргі қалпы) болады.
Алғашқы топтың ежелгі бірлестігі ретінде үнді-еуропалық
туыстықты атауға болады. Іргелес жатқан үлкен екі құрлықты мекен-
деген халықтардың басын өзара біріктіріп тұрған, түсіністікке қиын 
болса да, үнді-еуропа тілі болып табылады. Себебі бір-бірінің тіліндегі 
дыбысы мен лексика-грамматикасында үнді-еуропалық ежелгі ортақ 
ұқсастықтар сақталған.
Келесі топтың ежелгі бірлестігі ретінде ертедегі тай-қытайлық 
туыстықты атауға болады. Көлемі жағынан жинақы отырған халықтар-
дың басын осы белгі біріктіріп отыр. Мұнда да бір-бірінің тіліндегі 
дыбысы мен лексика-грамматикасында тай-қытайлық ежелгі ортақ ұқ-
састықтар сақталған.
Үшінші топ ұлан-ғайыр Орал-Алтай жұртының туыстығы болып 
табылады. Орал-Алтай бірлестігі – Үлкен Азияның орталық-батысы 
мен Еуропаның шығыс жиегін қамти орналасқан халықтарын бірік-
тіріп отырған белгі. Мұнда болса, бір-бірінің тіліндегі дыбысы мен 
лексика-грамматикасында орал-алтайлық ежелгі ортақ ұқсастықтар 
сақталған.
Жоғарыдағыдай ұлан-ғайыр жерге орналасып жатқан бастау
туыстығы ортақ көп халық біртұтас күйінде қала алмайды. 
Үнді-еуропалық туыстас тұтас халық іштей тағы тарамдала бастай-
ды. Мысалы, сол көп халықтың ішінен өзара тіл ұқсастығы мол славян 
халықтары жіктеліп шығады. Олардың тілінде көне славяндық дыбыс 
пен лексика-грамматикалық ұқсастықтар сақталған.
Сол сияқты тай-қытай бірлестігінің де өзіндік орта топтары бар. 
Көне қытай тілінің дыбыс және лексика-грамматикалық ұқсастықтары 
сақталған.
Орал-Алтай бірлестігінен өзіндік ерекшелігімен сараланып түркі 
тобы тарайды. Бұл топқа кіретін тілдердің құрамында түркілік көне 
дыбыс пен лексика-грамматикалық ұқсастықтар сақталған.
Жоғарыдағы аталған үлкен және орта туыстық бірлестіктер үлкен-
ді-кішілі ұлттардың жиынтығы болып табылады.
Туыстығы жақын славян тілдерінің ішінен, мысалы, өзгелерінен 
дара орыс тілі немесе украин тілі бөлініп шығады. Орыс тілінің не-
месе украин тілінің жаңа дыбыс және лексика-грамматикалық үлгісі 


22
(нормасы) сол ұлт өкілдерінің бәріне бірдей тән, сондықтан да бәріне 
бірдей түсінікті. Ендеше, тілдің сол ұлт өкілдерінің бәріне бірдей ортақ 
болуы тілдік жіктелім белгісінің қазіргі қалпын көрсетеді.
Сондай-ақ екінші топтан, мысалы, ұлт өкілдеріне дыбыс және лек-
сика-грамматикалық үлгісі (нормасы) ортақ қытай немесе екінші ұлт 
өкілдеріне дыбыс және лексика-грамматикалық үлгісі (нормасы) ортақ 
бирман тілі бөлініп шығады. Ендеше, тілдің сол ұлт өкілдерінің бәріне 
бірдей ортақ болуы тілдік жіктелім белгісінің қазіргі қалпын көрсетеді.
Үшінші топтан, мысалы, ұлт өкілдеріне дыбыс және лексика-грам-
матикалық үлгісі (нормасы) ортақ қазақ немесе екінші ұлт өкілдеріне 
дыбыс және лексика-грамматикалық үлгісі (нормасы) ортақ қырғыз 
тілі бөлініп шығады. Ендеше, тілдің қазақ немесе қырғыз ұлт өкіл-
дерінің бәріне бірдей ортақ болуы тілдік жіктелім белгісінің қазіргі 
қалпын көрсетеді.
Тұтас тіл жіктелім белгі болып табылатын болса, онда тілдің ішкі 
бірліктері де жіктелім белгі бола алды. Тілдің күрделі деңгейінен бастай-
тын болсақ, онда алдымен морфологиялық деңгейге тоқталу керек.
Орыс тілі морфологиясының жіктелім ерекшелігі оның флек-
тивтілігінде, басқаша айтқанда, морфологиялық өзгерістер сөздің 
«ішінде» болып жатады. Мұндай тілдік құбылыс орыс тіліне тән 
болғандықтан, оны орыс тілінің морфологиялық жіктелім белгісі деп 
қабылдау керек.
Қытай тілі морфологиясының жіктелім ерекшелігі оның морфо-
логиялық бірліктерінің даралығында, яғни басы бірікпейтіндігінде 
(изолирующий), басқаша айтқанда морфологиялық өзгерістер морфо-
логиялық бірліктердің өзара тәуелсіздігінен туындайды. Мұндай тілдік 
құбылыс қытай тіліне тән болғандықтан, оны қытай тілінің морфоло-
гиялық жіктелім белгісі деп қабылдау керек.
Қазақ тілі морфологиясының жіктелім ерекшелігі оның жалға-
малылығында (агглютинатив), басқаша айтқанда, морфологиялық
өзгерістер түбір+қосымша (немесе қосымшалар) тіркесінен болып жа-
тады. Мұндай тілдік құбылыс қазақ тіліне тән болғандықтан, оны қазақ 
тілінің морфологиялық жіктелім белгісі деп қабылдау керек.
Тіл-тілде сөз просодикасының (сөзқұрауыштың) маңызы үлкен, 
өйткені дыбыстардың басын құрап буын жасап, буындардың басын 
құрап сөз жасап тұрады.
Орыс тіліне тән сөз просодикасы сол сөздің екпіні (ударение) бо-
лып табылады. Егер орыс тілінде сөзге екпін дұрыс қойылмаса, ол 


23
орыс сөзі болмайды немесе сөз мағынасы өзгеріп кетеді. Сондықтан 
сөз просодикасы (екпін) орыс тілінің маңызды жіктелім белгісі болып 
табылады.
Қытай тіліне тән сөз просодикасы сол сөздің әуені (тон) болып та-
былады. Егер қытай тілінде сөзге әуен дұрыс қойылмаса, ол қытай сөзі 
болмайды немесе сөз мағынасы өзгеріп кетеді. Сондықтан сөз просоди-
касы қытай (тон) тілінің маңызды жіктелім белгісі болып табылады.
Қазақ тіліне тән сөз просодикасы үндесім (сингармонизм) болып 
табылады. Егер қазақ тілінде сөздің үндесім әуезі дұрыс айтылмаса, ол 
қазақ сөзі болмайды немесе сөз мағынасы өзгеріп кетеді. Сондықтан 
сөз просодикасы (үндесім) қазақ тілінің маңызды жіктелім белгісі бо-
лып табылады.
Әр тілдің өзіне тән просодика құрылымы болады.
Орыс тілі көп екпінді (полиакцентный), өйткені сөз құрамындағы 
буындардың екпін қарқыны әртүрлі болады. Екпінді буын (главное 
ударение) біреу болғанымен, екпінсіз буындар (второстепенные ударе-
ния) бірнешеу және әртүрлі қарқынды болады. Екпіннің осы ерекшелі-
гі орыс тілінің просодикалық жіктелім белгісі болып табылады.
Қытай тілі көп әуенді (политональный), өйткені сөз құрамындағы 
буындардың әуен деңгейі әртүрлі болады. Әртүрлі әуенді буын-сөз-
дер (немесе сөз-буындар) бірнешеу және көп сатылы болады. Әуеннің 
(тонның) осы ерекшелігі қытай тілінің просодикалық жіктелім белгісі 
болып табылады.
Қазақ тілі көп әуезді (политембральный), өйткені әрбір сөздің өз 
айтылым әуезі бар. Қазақ тілінде төрт әуез бар. Сөз әуезінің (тембрдің) 
осы ерекшелігі қазақ тілінің просодикалық жіктелім белгісі болып та-
былады.
Тіл-тілдің өзіне тән сөз мағынасын өзгертетін немесе түрлен-
діретін дыбыс бөлшектері болады.
Орыс тіліне тән сөз мағынасын өзгертетін немесе түрлендіретін 
дыбыс бөлшек фонема болып табылады. Сондықтан фонема орыс 
тілінің жіктелім белгілерінің бірі болып табылады.
Қытай тіліне тән сөз мағынасын өзгертетін немесе түрлендіретін 
дыбыс бөлшек тонема болып табылады. Сондықтан тонема қытай 
тілінің жіктелім белгілерінің бірі болып табылады.
Қазақ тіліне тән сөз мағынасын өзгертетін немесе түрлендіретін 
дыбыс бөлшек сингема болып табылады. Сондықтан сингема қазақ 
тілінің жіктелім белгілерінің бірі болып табылады.


24
Тіл-тілдегі сөз мағынасын өзгертетін немесе түрлендіретін дыбыс 
бөлшектерінің сол тілге ғана тән айтылым түрлері (варианттары) бо-
лады.
Орыс тіліне тән фонеманың айтылым түрлері аллофон болып та-
былады. Сондықтан аллофон орыс тілінің жіктелім белгісі болып та-
былады.
Қытай тіліне тән тонеманың айтылым түрлері аллотон болып та-
былады. Сондықтан аллотон қытай тілінің жіктелім белгісі болып та-
былады.
Қазақ тіліне тән сингеманың айтылым түрлері аллосингема болып 
табылады. Сондықтан аллосингема қазақ тілінің жіктелім белгісі бо-
лып табылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   225




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет