1.
Қоршаған айналаны оқыту әдістемесінің революцияға дейінгі
кезеңдегі дамуы.
Мектепте қоршаған айналаны пәнінің енгізілуі және оның дамуын 3
кезеңге бөлуге болады. Айталық; 1-революцияға дейінгі кезең болып са-
налады. Қоршаған айналаны оқу пәні ретінде орыстың жалпы білім
беретін мектебіне алғаш рет 1786 ж. енгізілді. Мектептегі білім беруді
реформалау кезінде үкімет халық училищелерінің жарғысын жариялады.
Ашылған училищелер шағын және негізгі болып бөлінді. Қоршаған айна-
ланы пәндерінің курсы тек негізгі училищелердің бағдарламасына енгізі-
ліп, олар география, физика, қоршаған айналаны тарихынан тұрды. Қор-
шаған айналаны тарихы 4-сыныпта оқытылды. Сол кездегі Халық учили-
щесіне арналып жазылған қоршаған айналаныдан алғашқы оқулық, оның
авторы натуралист, саяхатшы, академик Василий Федорович Зуев
болды.
В.Ф.Зуевтің бұл кітабы «Жаратылыс тарихының бейнелері» деп ата-
лады. Ол «Қазбалар әлемі», «Өсімдіктер әлемі», «Жануарлар әлемі»
делінген үш бөлімнен тұрды. Оқулықтың алғашқы бөлімі жерлерді,
тастарды, тұздарды, жанғыш заттарды, металдарды сипаттауға арнал-
ған. Өлі табиғатты зерттеу топырақты, сазды және құмды сипаттаудан
басталды. Екінші бөлімі өсімдіктердің тіршілігі мен құрылысын зерттеуге
арналса, ал үшінші бөлімде зоология материалдары кірістірілген.
В.Ф.Зуевтің оқулығы сол мезгілде мектептегі қоршаған айналаны бойын-
ша бірінші бағдарлама, әрі мұғалімнің алғашқы әдістемелік құралы
болды. Мұнда автор заттай көрнекілікті пайдалануды, мүмкін болмаған
жағдайда ғана суретін қолдануды насихаттады. Ол жергілікті табиғатты
және адамға пайдалы өсімдіктер мен жануарларды зерттеуге көп көңіл
бөлді. В.Ф.Зуевтің бұл жетекші әдістемелік құралы ширек ғасыр бойы
қоршаған айналаныдың негізгі оқулық ретінде қолданылды.
XÌX
ғасырдың басында халыққа білім беру саласында маңызды өзге-
рістер болды. Қоршаған айналаныды оқыту 1804 жылғы жарлық бойын-
ша айтарлықтай кеңейтілді. Қоршаған айналаны жеке пән болып оқытыл-
маса да оқушыларға табиғат, ауыл шаруашылығы және адам денсаулы-
ғы туралы қысқаша мәліметтер беру ұсынылды. Мұндай оқудың мақсаты
табиғат құбылыстары туралы түсінік қалыптастыру еді. Гимназия мектеп-
терінде қоршаған айналаны пәнін 2 - сынып пен 4 - сыныпта оқытылды.
Пәнді ойдағыдай оқыту үшін мұғалімдерге оқушыларды табиғатқа
ғана емес, сондай-ақ фабрикалар мен зауыттарға экскурсияға шығару
ұсынылды. Жарлық бойынша барлық гимназия мектептерінде табиғат-
тың барлық үш патшалығы бойынша табиғи көрнекілік ретінде коллек-
циялары болу тиіс деп талап етілді. Сонымен бірге жергілікті материал-
ды пайдалануға айырықша көңіл бөлінді.
Уақыт өте келе пән мазмұны өзгерді, тіпті 1828 жылы жалпы білім
беретін мектептерде қоршаған айналаны оқу пәні ретінде ширек ғасыр
бойы өткізілмей қалды. Бұл декабристер көтерілісінен соң үкіметтің ғы-
лым атаулыға сенбеуінен туындаған реакция еді.
Қоршаған айналаны мектепке ұзақ үзілістен соң, 1852 жылы оралды.
Бекітілген бағдарлама бойынша бастауыш мектептің 1- сыныпында пәнді
оқытуға 2 сағат бөлінді. Одан кейінгі сыныптарда сәйкесінше биология,
география, физика пәндері оқытылды.
Ал 1864 жылғы жаңа мектеп реформасының жарлығына сәйкес
реальдық және сыныпсикалық гимназиялардың бағдарламасынан про-
педевтикалық курсы алынып тасталды да, биологияны, географияны жә-
не физиканы оқыту пәндік түрі сақталды. Осы кезеңде кіші мектеп жа-
сындағыларға қоршаған айналаныды оқыту әдістемесін дамытуға ерек-
ше үлкен үлес қосқан Ушинский Константин Дмитриевич болды.
Ушинский Константин Дмитриевич (1824-1870) – бастауыш білім бе-
ру саласындағы аса ірі педагог-әдіскер. Ол кіші мектеп жасындағылар-
дың логикалық ойы мен тілін дамыту үшін бастауыш мектептерде қорша-
ған айналаны және географияны оқып үйренуге үлкен мән берді. Ол көр-
некі құралдармен оқытудың қажеттігін дәлелдей келе көрнекілік
теориясын талдап жасады.
К.Д.Ушинский табиғат құбылыстарын бақылау және оны қорыту бі-
лімнің қайнар көздері болуы керек деп атап көрсетті. «Жаратылыс ғы-
лымдары түгелдей адамның ақыл ойының табиғат құпиясымен осынау
мәңгілік күресі болып табылады» - деп жазды.
К.Д.Ушинскийдің бастауыш сыныптарда қоршаған айналаныды оқы-
ту жөніндегі көзқарастары «Ана тілі», «Балалар әлемі» деген кітаптарын-
да, сонымен бірге мұғалімдерге арналған «Ана тілі» кітабында және
«Балалар әлемі» оқулығының кіріспесінде ашып көрсетеді. Әдістемелік
тұрғыда К.Д.Ушинскийдің кітабы үлкен жетістікке ие және ол ерекше
педагогикалық білгірлікпен жазылған деп бағаланаған. Кітап көрнекілік
және оқушылардың өздігінен ойлау белсенділігін жүйелі түрде арттыру
негізінде құрылған. Кітаптың өн бойындағы материалдар жеңіл, әрі қара-
пайымнан күрделіге қарай орналастыру принципі сақталынған, әрбір же-
ке тақырып материалы тұтас кейінгі тақырыптағы материалдармен бай-
ланысып отырады.
К.Д.Ушинский балалардың дамуы үшін тікелей табиғаттағы бақылау-
лардың орасан мәні бар, педагогтың сөзінің онымен бәсекелесуі қиын
деп көрсетті. Сондай-ақ, ол «табиғат логикасы балалар үшін ең жеңіл
және ең пайдалы логика» деп есептеді.
Осы кезеңде қоршаған айналаныды оқыту әдістемесін дамытуға
және А.Я.Герд (1841-1888) елеулі үлес қосты. А.Я.Герд қоршаған айна-
ланы оқушыларға дұрыс дүниетаным, оларда белгілі бір көзқарас
қалыптастыруы тиіс деп санады. Ол 1877 жылы қоршаған айналаныдың
мектептік курсын құру жоспарын жариялады. Осы Жоспары: бойынша 2-
және 3-сыныпта табиғаттың органикалық емес әлемін оқып үйрену ұсы-
нылды. Мұнда тау жыныстарының, топырақтың, минералдардың қасиет-
тері сияқты түсініктер, әртүрлі тау жыныстарының шығу тегі, жанартау,
жер сілкіну ұғымдары, пайдалы қазбаны пайдалану т.с.с. материалдар
кірді.
А.Я.Гердтің пікірінше, бастауыш мектепте жекелеген жаратылыс ғы-
лымын оқып білуге орын жоқ, табиғатты зерттеп, танып білуге кешенді
тұрғыдан келу қажет, яғни біріккен пән түрін енгізу керек дегенді насихат-
тайды. Оның «Құдірет әлемі» оқулығы мен «Заттық сабақтар» деп ата-
латын әдістемелік құралдары көп жылдар бойы өлі табиғат курсын оқып-
үйренуде мұғалімнің негізгі әдістемелік көмекші құралы болып келді.
Өзінің әдістемелік еңбектерінде А.Я.Герд бірқатар идеялар ұсынады:
1.
Практикалық сабақтар мен экскурсияларда баланың өзіндік бел-
сенді әрекетін тудыра білу;
2.
Мектептің тірі табиғатпен байланысын кеңейту;
3.
Табиғатты танып білу үшін тікелей зерттеу жүргізу;
4.
Бастауыш сыныптарда табиғатты зерттеуге кешенді тұрғыдан
келу;
5.
Оқушылардың эволюциялық көзқарасын қалыптастыру.
А.Я.Гердтің осы сияқты көптеген идеялары мектеп практикасында
көп жылдардан соң, яғни тек біздің уақытта кең қолдау тапты.
70-
жылдардағы редакция 1871 жылы қоршаған айналаныды гимна-
зияның бастауыш сыныптарынан алып тастауға әкелді. Ал жоғары сы-
ныптарда бұл циклді пәндерді оқыту күрт қысқарды. Кейбір гимназия-
ларда бұл пәнге мүлде тиым салынды. Тек либеральдық училищелердің
жоғары сыныптарында ғана ол қысқартылған түрде оқытылды.
Капитализмнің дамуы XÌX ғасырдың соңындағы революциялық қоз-
ғалыс мектептегі білім беру ісін реформалау қажеттігін туғызды. Қоғам-
дық пікірдің қысымымен Халық ағарту министрлігі гимназиялық білім
беруді түбірімен қайта құру мәселесін қоюға мәжбүр болды.
1901
жылы комиссия құрылып, қоршаған айналаны пәнін орта
мектептің барлық сыныпында енгізуді ұсынды. Бұл жобаны қоғамның
либеральдық бөлігі мақұлдады, ал сыныпсикалық білім беруді
жақтаушылар мұны құр әурешілік деп санады, өйткені бастауыш сынып
оқушылары жаратылыс ғылымдарын түсінбейді деп есептеді.
Қоршаған айналаны саласы бойынша сарапшы ретінде натуралист
Д.Н.Кайгородов шақырылды. Ол кезде Д.Н.Кайгородов табиғат туралы
ғылыми – көпшілік кітаптардың авторы ретінде белгілі болатын. Бірнеше
жыл бойы ол табиғаттың жылнамасын жариялап, Россияда фенология-
ның дамуына жол ашқан. Д.Н.Кайгородов мектепте табиғатты зерттеудің
міндеті деп балаларды «табиғатты көріп, естіп, түсіне білуге және таби-
ғатпен біртұтас байланыста екенімізді сезіндіруге үйретуден тұрады» –
деп насихаттады. Алайда ол қоршаған айналаны баланың ақыл-ойын да-
мытуда маңызды роль атқарады деген көзқарасты қолдаған жоқ. Табиғат
оның пікірінше «өскелең ұрпақтың рухани-адамгершілік тұрғыдан
сауығуына» қызмет етуі тиіс.
Сондықтан анатомиялық-морфологиялық және физиологиялық мәлі-
меттер баланың табиғатты қабылдауын бұзады деген жаңсақ пікірді қол-
дады.
Д.Н.Кайгородовтың бағдарламасы табиғи бүтін бірлестікті зерттеу-
ден тұрды. Ол мынадай алты бірлестікті көрсетеді: орман, дала, бақ,
шалғын, тоған және өзен. Әр бірлестік алғашқы үш сыныпта жыл мезгілі
бойынша қарапайымнан күрделіге қарай оқытылуы тиіс болды және қор-
шаған айналаныды оқытудың негізгі тәсілдері экскурсиялар мен фено-
логиялық бақылаулар деп санады.
Д.Н Кайгородов жаратылыс ғылымдарының ғылыми жүйелі білімі қа-
жет дегенді теріске шығарды. Сондықтан педагог ғалымдар оның бағ-
дарламасына қарсы болды. Осы келіспеудің нәтижесінде Халық ағарту
министрлігі Д.Н Кайгородовтың бағдарламасын қайта қарап, бастауыш
сыныптарда оны қысқартуға мәжбүр болды.
Содан кейінгі жаңа бағдарлама авторы Петербург университетінің
профессоры, зоолог В.М.Шимкевич болды. Бұл бағдарламаға А.Я.Герд-
тің бастауыш мектепке арналған идеялары қоса алынып, ол мынадай
мазмұнда болды:
1 -
сынып
Қатты, сұйық, газды заттармен танысу;
Қыздыру барысында дене көлемінің ұлғаюы; термометрмен танысу.
Су. Суды сүзу, мұзға айналуы, булануы, тұманның және шықтың
пайда болуы;
Тұздың еруі мен кристалдануы; ауа құрамындағы су.
Ауа, ауаның серпімділігі, қысымы, қозғалысы;
Ауа құрамы және тыныс алу және жану кезіндегі ауаның өзгеруі.
Топырақ, топырақтың құрамы; тау жыныстары (қарапайым физи-
калық қасиеттері).
2 -
сынып
Тұқым, тұқымның құрылысы, құрамы және өнуі.
Сабақ, сабақ түрлері және атқаратын қызметі. Бүршік.
Тамыр, түрлері және қызметтері; тамырдың түрөзгерісі.
Жапырақ, құрылысы мен түрлері.
Гүл,түрлері, құрылысы мен бөліктерініңатқаратын қызметтері.
Жемістер, түрлері мен таралуы.
3 -
сынып
Адам қаңқасы және оның құрамы. Сүтқоректілер, құстар мен балық-
тардан айырмашылығы.
Ас қорыту мүшелері; Қан айналу мүшелері; тыныс алу мүшелері;
Сезім мүшелері. Тері жабыны.
Осы бағдарлама «табиғаттану» курсы атауымен мектеп бағдарла-
масына мықтап енді, онда білім «табиғаттың үш патшалығы» бойынша
жүргізілді. Қоршаған айналаныдың бастауыш мектепке арналған барлық
оқулықтары осы нұсқа бойынша құрастырыла бастады.
1902
жылдың күзінен бастап бағдарлама барлық мектептерге толық
енгізілді. Курс бастауыш мектепте «Табиғаттану» деп атала бастады.
Оқу материалы төмендегідей жүйеленді:
1 -
сынып. Өлі табиғат.
2 -
сынып. Өсімдіктер.
3 -
сынып. Жануарлар мен адам.
Достарыңызбен бөлісу: |