Алипбаева Г. А., Нурова А. К


  Қоршаған  айналаны  оқыту  әдістемесі  пәнінің  басқа  ғылым-



Pdf көрінісі
бет7/41
Дата19.05.2020
өлшемі1,67 Mb.
#69583
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   41
Байланысты:
Алипбаева Г.А. Қоршаған әлемді оқыту әдістемесі

3. 
Қоршаған  айналаны  оқыту  әдістемесі  пәнінің  басқа  ғылым-
дармен байланысы 


Қоршаған айналаны оқыту әдістемесі пәні жоғары сыныптарда өтіле-
тін  физика,  химия,  биология,  география,  астрономия  сияқты  пәндердің 
алғы  шарттары.  Бастауыш  сыныпта  алынған  осы  ғылымдар  төңірегінде 
алған  білімдері  жоғары  сыныптарда  дамытылады.  Бұл  оқу  пәнін  өзінің 
дидактикалық  ерекшеліктері  бар,  оны  мектеп  курсының  өзге  пәндерінен 
ерекшелейді.  Табиғат  жайлы  ғылымдардың  барлығы  айнала  дүниенің 
даму барысын түсіндіру, табиғаттың даму заңдылықтарын ашу негізін қа-
растырады.  Табиғат  құбылыстарының  қарапайым  байланыстарын  және 
өзара  тәуелділігін  анықтайды.  Тірі  және  өлі  табиғат  арасындағы  айыр-
машылықтарды,  байланыстарды  түсіндіреді.  Табиғат  құбылыстарының 
сырын  түсіндіре  отырып  материалистік  көзқарас,  яғни  дұрыс  дүниета-
нымдық көзқарас қалыптастырады. Мұғалім көмегімен айналадағы таби-
ғатты зерттеу (бақылау) арқылы олардың табиғатқа деген сүйіспеншілігін 
және оны қорғауға деген ықыласын тудыра отырып, өздері тұрған жердің 
табиғат айырмашылықтарын, олардың себептерін анықтайды. 
«Дүниетану», «Қоршаған айнала»  пәндері «Адам»,  «Қоғам», «Таби-
ғат»  деп  аталатын  үш  ірі  бөліктен  (блок)  құралады.  Бұл  айналадағы 
дүние  туралы  балада  біртұтас  көзқарас  қалыптастыру  және  онда  адам-
ның орны мен ролін түсінуге көмектеседі. Таным арқылы заттар мен құ-
былыстардың  басты  белгілері,  ұқсастықтары  мен  айырмашылықтары 
жайындағы  бейнелі  қабылдау  нәтижесінде  ұғым  туады.  Осылайша  та-
ным  нақты  дүниеге,  қоршаған  ортадағы  бар  заттарға  негізделсе  ғана 
белгілі  мазмұнға  ие  болады,  оны  өз  мәнінде  танып  білу  үшін  ғылым 
керек. 
Әр блоктың мазмұны сыныптан сыныпқа қарай біртіндеп күрделеніп 
үздіксіз  оқытылады.  Әр  блок  мазмұнының  өзара  байланысы  адамның 
еңбек  әрекеті  және  бөлінбес  бөлігі  ретіндегі  табиғатпен,  негізгі  мүшесі 
ретінде  қоғаммен  әрекеттестік  қарым-қатынасы  туралы  білім  мазмұны 
арқылы жүзеге асады. 
Пән  мазмұны  қазіргі  заманғы  ғылыми  білімнің,  мәдениеттің  әртүрлі 
салаларынан  (қоғамдық  және  қоршаған  айналаны  ғылымдары,  эконо-
мика,  этика,  эстетика,  құқық,  өнер,  т.б.)  хабардар  ету  негізінде  дүниені, 
әлемді,  қоршаған  ортасын  танып  білу  әдістерімен  (бақылау,  тәжірибе, 
эксперимент, модельдеу, талдау, синтез, салыстыру, т.б.) оқушыны қару-
ландыру  арқылы  оның  ортамен  сауатты  қарым-қатынасын  жан-жақты 
дамытып, тәрбиелуді жүзеге асыруға мүмкіндік береді. 
Қоршаған айнала пәні арқылы оқушы алғашқы тірі және өлі табиғат, 
табиғаттағы құбылыстарды, дене мен заттар, олардың әрқайсысына тән 
қасиеттерін,  олардың  адамдарға  қажеттілігі  туралы  біледі.  Осындай 
мағлұматтарды  ұғына  отырып  ұғымдар  жүйесі  қалыптасып,  сөз  қоры 
молайып,  табиғат  пен  адамның  тығыз  байланыстылығын  түсінеді.  Сон-
дай-ақ, табиғатты аялау, үнемдеу т.с.с. экологиялық тәрбие беріледі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   41




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет