Байланысты: Алипбаева Г.А. Қоршаған әлемді оқыту әдістемесі
2. Қоршаған айналаны оқыту әдістемесі пәнінің мақсаты мен міндеттері Қоршаған айналаны оқыту әдістемесіпәнінің мақсаты болашақ мұға-
лімдерге арнайы мектептегі “Қоршаған айналаны” пәнінің теориялық
негіздерін және оқыту мен тәрбиелеу әдістемесімен таныстырады. Ал
«Қоршаған айналаны» пәнінің мақсаты оқушыларға еліміздің табиғаты,
табиғи байлығы, экономикасы, адам-адам, адам-қоғам, адам-табиғат
арасындағы қарым-қатынас туралы ғылыми ұғымдар мен дүниені танып
білудің әдіс-тәсілдерін меңгерту болып табылады.
Қоршаған айналаны оқыту әдістемесіпәнінің міндеті бастауыш мек-
теп мұғалімін мемлекеттік білім стандарты мен оның талаптарын, оқу
бағдарламасын, пәннің мазмұны мен оқыту әдіс-тәсілдерін және техно-
логиялары жөнінде білімдермен қаруландыру болып табылады.
Қоршаған айналаны оқыту әдістемесі пәнінің міндеттері:
оқушыларға дүние туралы (көркем, аңыздық, т.б. түсініктер мен
байытылған дүниенің ғылыми бейнесі);
оқушылардың қалыптастыруы тиіс әрекет түрлері (оқу, еңбек,
ойын, қарым-қатынас т.б.);
дүниені танып білудің әдіс-тәсілдері (логикалық, ғылыми) туралы
білім, білік-дағдыларды меңгертумен бірге оларды шығармашылық
бағытта жан-жақты дамыту болып табылады.
Қоршаған айналаны оқыту әдістемесі– оқу пәні ретінде оқыту
әдістерінің өзіндік ерекшеліктерімен сипатталады, онда педагогикалық
әдістермен қоса нақты объектілер (өсімдік, жануар, адам) және тірі таби-
ғаттың күрделі құбылыстары мен дамуын сипаттайтын әдістер де қолда-
нылады.