Қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырмалар жинағы Қазақ әдебиеті



бет16/20
Дата27.08.2023
өлшемі148,29 Kb.
#179963
түріСабақ
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20
Байланысты:
ФО Қазақ әдебиеті 7 кл

Оқылатын шығарма




тақырыбы

Қ.Қайсенов «Жау тылындағы бала»

Оқу мақсаты

7.Т/Ж4. Көркем шығармадағы кейіпкер бейнесін ашып,




үзінділерді жатқа айту

Бағалау критерийі

Білім алушы




• Кейіпкер бейнесін ашады




• Көркем шығарма үзіндісін жатқа айтады

Ойлау дағдыларының

Қолдану

деңгейі






Тапсырма


Шығармада сізге қай кейіпкер көбірек ұнады? Неліктен? (кейіпкер бейнесін ашуға тырысыңыз). Шығармадан өзіңізге ұнаған кейіпкердің бейнесі немесе іс-әрекеті суреттелген тұсын жатқа айтыңыз.


Дескриптор Білім алушы



  • кейіпкер бейнесін ашады;

  • өзіндік көзқарасын білдіреді;

  • шығарма үзіндісін жатқа айтады.



47


Оқылатын шығарма
тақырыбы Қ.Қайсенов «Жау тылындағы бала»
Оқу мақсаты 7.А/И3. Шығармадағы көркемдегіш құралдардың
(символ, синекдоха, қайталау түрлері: эпифора, анафора,
аллитерация, ассонанс, риторикалық сұрақ) қолданысын
талдау


Бағалау критерийі Білім алушы

• Шығармадағы көркемдегіш құралдарды


анықтайды
• Көркемдегіш құралдардың қолданылу
ерекшелігін талдайды


Ойлау дағдыларының Жоғары деңгей дағдылары
деңгейі


Тапсырма


Берілген үзіндіні талдаңыз. Қандай көркемдегіш құралдар қолданылған? Қолданылу ерекшелігін анықтаңыз.

... Өте жақсы балалар. Бірақ, не керек , асыр салып уайым-қайғысыз өткізетін сәби өмірлері оқ пен оттың ортасында өтіп жатыр. Қыршын жастар жасына жетпей, өмір қызығын көре алмай кетуі де мүмкін ғой . Біз болсақ елуге кеп қалдық. Жас шағымыз да жаман өткен жоқ. Жігіттік дәуірдің де қызығын көрдік. Алай-бұлай болып кетсек, өкініші де жоқ сияқты, бұларға қарағанда. Қаршадай бастарынан айдалада түнеп, бозторғайша таң сәрісінен тұрып, бұта паналап жүргендері мынау, бұлар тағдырға не жазды екен ?! Бористі қойшы, оның мамасы жанында ғой. Ана Сережа бейшараны айтсаңшы! Шешесі болса жау қолынан қаза тапты. Әкесінің қайда екені, өлі-тірісі де белгісіз. Өз елінде, туған-туысқандарының арасында жүрсе тағы бір сәрі, басқа елде, басқа халықтың арасында жүр. Ол тіпті жас қой, не түсінеді? Елінің қайда екенін де білмейтін шығар. Осынша бүліншілікке қанішер қарақшы Гитлер жауапты! Баланы анадан, ананы баладан айырған сол қарақшы! Менің Жорам да осылардай . Оның өмірі не болар екен? Бірақ ол әйтеуір әке-шешесінің жанында ғой. Отрядта өзіммен бірге ғой.




Дескриптор Білім алушы



  • үзіндідегі көркемдегіш құралдарды анықтайды;

  • шығармадағы көркемдегіш құралдардың қолданысын талдайды.

48




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет