Қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырмалар жинағы Қазақ әдебиеті



бет6/20
Дата27.08.2023
өлшемі148,29 Kb.
#179963
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20
Байланысты:
ФО Қазақ әдебиеті 7 кл

Оқылатын шығарма
тақырыбы Қазтуған жырау «Қазтуғанның қонысымен қоштасуы»


Оқу мақсаты 7.А/И3. Шығармадағы көркемдегіш құралдардың (символ,
синекдоха, қайталау түрлері: эпифора, анафора, аллитерация, ассонанс, риторикалық сұрақ) қолданысын талдау


Бағалау критерийі Білім алушы

• Шығармадағы көркемдегіш құралдарды анықтайды


• Көркемдегіш құралдардың қолданылу ерекшелігін
талдайды


Ойлау дағдыларының Жоғары деңгей дағдылары
деңгейі


1-тапсырма


Берілген үзіндідегі аллитерация мен ассонансты, риторикалық сұрақты тауып, анықтамасын беріңіз.

Еділді алса –


елді алар,
Енді алмаған не қалар?
Жайықты алса -
жанды алар,
Жанды алған соң не қалар?
Ойылды алса -
ойды алар,
Ойлашы, сонда не қалар?
Қара мауыты мұшақат
Бүтін тоғай жерді алар.
Жаз кіреге жақсы деп,
Дулығалы нарды алар,
Қыс кіреге жақсы деп,
Шудасы қалың айырды алар.
Сусынына шай алар,
Шайнауына май алар.


Дескриптор Білім алушы



  • шығарма үзіндісінен аллитерация мен ассонансты, риторикалық сұрақты анықтайды;




  • оларға анықтама береді.



2-тапсырма
Берілген үзіндідегі аллитерация мен ассонанстың, риторикалық сұрақтың қолданылу ерекшелігін, шығармадағы маңыздылығын талдаңыз.

________________________________________________________________________________ __________________________________________________________________________




Дескриптор Білім алушы



  • аллитерация мен ассонанстың қолданылу ерекшелігін анықтап жазады;




  • шығармадағы риторикалық сұрақтың қолданысын талдайды.

20



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет