Ойлау дағдыларының Қолдану
деңгейі
Тапсырма
Екі мәтінді төмендегі аспектілер бойынша салыстырыңыз.
|
|
1-мәтін
|
|
|
2-мәтін
|
Еліміз жаңа тарихи кезеңге аяқ басты. Мен
|
Мәңгілік Ел – арманымның асқары.
|
жыл
|
басындағы
|
халыққа
|
Жолдауымда
|
Мәңгілік Ел – бақытымның бастауы.
|
Қазақстанның
|
үшінші
|
жаңғыруы
|
басталғанын
|
Мәңгілік Ел – тарихымның дастаны.
|
жарияладым.
|
|
|
|
|
Мәңгілік Ел Нұрлы жолға бастады.
|
Осылайша, біз қайта түлеудің айрықша
|
|
|
маңызды екі процесі – саяси реформа мен эко-
|
Мәңгілік Ел – менің аппақ мұратым.
|
номикалық жаңғыруды қолға алдық. Біздің
|
Болашаққа нұрын шашып тұратын.
|
мақсатымыз айқын, бағытымыз белгілі, ол –
|
Мәңгілік Ел – Нұрлы жолы қазақтың
|
әлемдегі ең дамыған 30 елдің қатарына қосылу.
|
Бар әлемге мойындатар қуатын.
|
Аталған екі жаңғыру процесінің де нақты
|
|
|
мақсат-міндеттері, басымдықтары мен оған жет-
|
Мәңгілік Ел – шежіресі даламның.
|
кізетін жолдары бар. Мен көздеген жұмыстары-
|
Мәңгілік Ел – ақ тілеуі анамның.
|
мыздың бәрі дер уақытында және барынша тиімді
|
Мәңгілік Ел – мәңгілікке аманат.
|
жүзеге асарына сенімдімін. Бірақ ойлағанымыз
|
Мәңгілік Ел – Нұрлы жолы
|
орындалу үшін мұның өзі жеткіліксіз.
|
бабамның.
|
Мақсатқа жету үшін біздің санамыз ісімізден
|
|
|
озып жүруі, яғни одан бұрын жаңғырып отыруы
|
Мәңгілік Ел – ынтымақ пен бірлікте.
|
тиіс. Бұл саяси және экономикалық жаңғыру-
|
Мәңгілік Ел – ымыралы тірлікте.
|
ларды толықтырып қана қоймай, олардың өзегіне
|
Мәңгілік Ел – ертеңіңді ұлықтау.
|
айналады.
|
|
|
|
|
Мәңгілік Ел – өткеніңді ұмытпау.
|
Рухани жаңғыру тек бүгін басталатын жұмыс
|
|
|
емес.
|
|
|
|
|
|
|
|
Мен еліміз мықты, әрі жауапкершілігі жоғары
|
|
|
Біртұтас Ұлт болу үшін болашаққа қалай қадам
|
|
|
басатынымыз және бұқаралық сананы қалай
|
|
|
өзгертетініміз
|
туралы
|
көзқарастарымды ортаға
|
|
|
салуды жөн көрдім.
|
|
|
|
|
|
Талдау аспектілері
|
|
|
1-мәтін
|
|
2-мәтін
|
Мәтін түрі
|
|
|
|
|
|
|
Мәтін жанры
|
|
|
|
|
|
|
Стилі
|
|
|
|
|
|
|
|
Стильге тән 3 ерекшелік
|
|
|
|
|
Дескриптор
|
Білім алушы
|
|
|
|
екі мәтіннің түрін табады;
мәтіндердің жанрын анықтайды;
мәтіндердің стилін анықтайды;
стильге тән 3 ерекшелікті жазады.
61
Бағалау критерийі
Білім алушы
• Мақаланы жанрлық және стильдік ерекшелікті сақтап
жазады
Ойлау дағдыларының Қолдану
деңгейі
Тапсырма
Сіз мектебімізден шығатын газеттің арнайы тілшісісіз. Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында газетке «Қазақстан - мәңгілік ел!» тақырыбында мақала жазу тапсырылды. Берілген көркем тіркестерді қолдана отырып, мақала жазыңыз.
Ұсынылатын көркем сөз қолданыстары: тарихымызға тағылым, бүгінгі бақытымыз, гүлденген келешекке сенім, тұрмысы бақуатты, түтіні түзу шыққан, көк туымыз желбіреп, ертеңіне сеніммен қарайтын бақытты ел, тарихи құндылығымыз болған тәуелсіздік идеясы
Дескриптор Білім алушы
ұсынылған тақырыпқа сай өз ойын жазады;
мақала жанрын сақтайды;
берілген көркем сөз қолданыстарын пайдаланады.
62
Бөлім «Қазақстанның айтыс өнері мен сөз мәдениеті»
Оқу мақсаты
8.1.2.1 - тыңдалған мәтіннің негізгі мазмұнын түсіну, детальді ақпараттарды анықтау
Бағалау критерийі
Білім алушы
• Мәтін мазмұны негізінде детальді ақпараттарды
анықтайды
Ойлау дағдыларының Қолдану
деңгейі
Тапсырма
Балықтың басына мәтін атауын, қаңқаларына айтыс өнерінің дамуына қатысты ақпараттарды жазыңыз.
Айнұр ханым, бүгінгі күні айтыста жүрген ақын қыздарымыздың бірісіз. Отбасы мен өнерді қатар алып жүру қиын емес пе?
Шын мәнінде, қазір айтыста жүрген қыздар өте аз. Кез келген сахнаның көркі әйел ғой, халық та қыз бен жігіттің айтысын, қыздардың еркелеп, назбен айтқанын сағына күтетін шығар. Ал екінші жағынан, қыздар аз болғаннан кейін, ер азаматтар бізді сыйлап, құрметтейді. Қалай болғанда да, айтыста қыздардың көбейгенін қалар едім. Дәл қазіргі уақытта республикалық айтыстарға шығып жүргеніміз санаулы қыз ғана. Сара, Әсем үшеуіміз ғана өнер таластырып жүрміз.
Айтыста жүргеніңізге жиырма жылдан асты. Қазақ халқының ежелден келе жатқан өнерінің бүгінгі жағдайын қалай бағалайсыз?
Айтыс жақсы дамып келеді деп ойлаймын. Жас ақындар көп. Олар елдің сөзін айтып, сүйіспеншілігіне бөленіп, үлкен сұранысқа ие болып жатыр. Мемлекет айтысты қамқорлығына алды. Қазіргі уақытта эфирден қайта беріле бастады. Халықтың айтысқа деген махаббаты, ақынның қоғамдағы рөлі жеңді ғой деп ойлаймын. Тағы бір айта кетерлігі, осы күні айтыс жиі ұйымдастырылады.
Сұхбатыңыз үшін сізге алғыс айтамын. Сау болыңыз!
Сау болыңыз!
Дескриптор Білім алушы
балықтың басына мәтіннің атауын сөз тіркесімен береді;
балық қаңқаларына мәтіндегі айтыс өнерінің дамуына қатысты ақпараттарды жазады.
63
Оқу мақсаты
8.3.1.1 - перифраз түрінде берілген сұрақ арқылы қажетті ақпаратты анықтау
Бағалау критерийі
Білім алушы
• Перифраз сұрақтар негізінде ақпараттарды ажыратады
Ойлау дағдыларының деңгейі
Қолдану
Тапсырма
Берілген сұрақтарға мәтін мазмұны бойынша жауап беріңіз.
Біржан мен Сара айтысы — айтыс өнерінің озық үлгілерінің бірі. Айтыс 1871 жылы қазіргі Алматы облысының Қапал-Ақсу өңірінде Біржан Қожағұлұлы мен Сара Тастанбекқызы арасында өтеді. Бұл айтысты ең алғаш 1898 жылы Қазанда «Қисса Біржан сал менен Сара қыздың айтысқаны» деген атпен Жүсіпбек қожа Шайхисламұлы жариялады. Біржан мен Сара айтысы сол тұстағы қазақ әйелдерінің бас бостандығы мәселесін, адамгершілік пен әділдікті, шындықты өзекті тақырып етіп көтереді. Екі ақын өздері тұрған екі өңірдің жақсы-жайсаңдарының сан алуан адамгершілік қасиеттері мен келеңсіз іс-әрекеттерін жайып салып, оларға халық талабына сай келетіндей баға беріп отырады. Сарыарқадан Сараны жеңемін деп Жетісуға келген Біржан сал басынан амандасу рәсімін өз бойында дос тұрмақ дұшпан кемітер бір міні жоқ сұлудың, шебер ақын, шешен қыздың бетін қайырып, жігерін жасытып алуға пайдаланбақ болады. Айтыс алғашында рулық бағыт алса да, кейін дәстүрлі арнадан ауытқып, жүйелі өнер сайысына, көркем де кестелі сөз жарысына айналады. Айтыста халқымыздың әдептілік пен әсемдік туралы пікірлері, эстетикалық талғам-талаптары кең көрініс тапқан. Осының бәрі Біржан мен Сараның 19 ғасырдағы қазақ халқының болмыс-тіршілігін жан-жақты суреттейтін көркем туынды екенін айқын аңғартады. Айтыс негізіндегі Қ . Жұмалиевтің либреттосы бойынша 1946 жылы М. Төлебаев «Біржан — Сара» операсын жазды.
Сұрақ
|
Жауап
|
Айтыс қандай мәселелерді қозғады?
|
|
Айтыс негізінде қазақ әдебиетінде қандай
|
|
туындылар дүниеге келді?
|
|
Екі ақынның арасындағы айтыс қағаз
|
|
бетіне қашан түсірілді?
|
|
Біржан Жетісу жеріне қандай мақсатпен
|
|
келді?
|
|
Дескриптор Білім алушы
өткен сабақтардағы айтыс туралы ақпараттарды жинақтайды;
негізгі бөлімде нақты аргументтер келтіреді;
қорытындыда айтысты насихаттауға қатысты 2-3 ұсыныс жазады.
64
Оқу мақсаты
8.4.1.1 - мәтіндердің жанрлық және стильдік ерекшелігін сақтап, пікір жазу
Бағалау критерийі
Білім алушы
Мақаланы жанрлық және стильдік ерекшелікті сақтап жазады
Ойлау дағдыларының
деңгейі Қолдану
Тапсырма
Мәтінді оқыңыз.
Қазіргі айтыстың көрермені жоқ. Теледидардан көрсетілмегеннен кейін ақындар айналдырған 2000-3000 адамға айтады да кетеді. Біздің кезімізде айтыс мазмұнды болатын. Айтқандарымыздан Үкімет қорытынды шығаратын. Сөздері уытты, айтарын дәл айтатын, өлеңдерінің көркемдік дәрежесі жоғары Бекарыс, Сара, Мұхтар, Жандарбек сынды жақсы ақындар бар. Бірақ олар не айтып, не қойып жатыр теледидардан берілмейді. Ақындардың сөзі халыққа жетіп жатқан жоқ. Әрі қазіргі айтыста дайындық жоқ қой. Ақындар дайындалмай айтысады. Бір айтыста айтқанын , екінші айтыс та айтып отыра беретіндер бар. Келісіп айтысуды шығарыпты соңғы кезде. Мұның алдын алу үшін облыспен облыстың айтысын жасаймыз ба, білмеймін, бірнәрсе ойластыруымыз керек. Ақындарға миллиондап ақша беріп, көлік мінгізіп, жаман үйретіп алдық. Бір рет жүлде алған ақын ана жерден, мына жерден жүлде алады. Содан кейін әрине айтыстың қадірі болмайды. Қазіргі айтыс қадірсіз болып кетті. Жүлде берілмесін емес, бірақ бәрі орын-орнымен болуы керек қой.
Мәтіндегі айтысқа қатысты айтылған негізгі мәселелерге өз көзқарасыңызды білдіріп, пікір жазыңыз.
Дескриптор Білім алушы
негізгі мәселелерді анықтайды;
таңдалған мәселелерге өз пікірін білдіреді.
Оқу мақсаты
8.1.6.1 – тыңдалым материалдарының мазмұны деректерді келтіре отырып, дәлелді жауап беру
негізінде
Бағалау критерийі
Білім алушы
• Мәтін мазмұны бойынша детальді сұрақтарға дәлелді
жауап береді
Ойлау дағдыларының Қолдану
деңгейі
Тапсырма
Мәтінді тыңдаңыз. Мәтін мазмұны бойынша төмендегі тапсырмаларға жауап беріңіз.
Тапсырманы жұпта орындаңыз. Жауабыңызды салыстырып, толықтырыңыз.
«Пирамидалық талқылау»
Негізгі кейіпкер. 1 сөз не сөз тіркесі
65
Тақырып
Кейіпкер (жасы, мінезі, сырт тұлғасы) 2 сөз не сөз тіркесі Оқиға орны (қоғамдық ортасы, оқиғалар қайда өтеді?) Бірінші оқиға (көтерілген бір мәселе)
Екінші оқиға (кейіпкерге не болды? Қоршаған орта ықпалы)
Үшінші оқиға (мәселені шешу үшін жасалған әрекеттер)
Шешімі (сөз не сөз тіркесі)
Тоқтарға ғарышқа ұшу туралы екі мәрте ұсыныс жасалды. Алғашқысында сүйікті ісін тастағысы келмегендіктен бас тартса, екінші жағдайда оның келісімін алмастан жарияланып кетіпті. Шымбұлақта демалып жүрген жерінде бір танысы телефон соғып: «Теледидарды қосшы, сен туралы айтып жатыр»,- дейді. Онда Тоқтар Әубәкіров ғарышқа ұшуға дайындалып жатыр деп хабарлайды. Батыр жігіт өзінің сыртынан бұлай тон пішкенге күйіп-пісіп , «Менің жеке өміріме, тағдырыма қол сұққандары қалай?» деп тұрғанда, Президент Назарбаевтың қабылдауына таңертең келіңіз деген хабар алады. Ертесіне Президентпен кездесуге барады. Барған бетте ғарышқа ұшудан бас тартатынын мәлімдейді. Сонда Нұрсұлтан Әбішұлы:
– Тоқтар, бауырым! – деп майда қоңыр даусымен сөз бастайды. – Мені дұрыс түсін. Бұл сен я мен үшін емес, қазақ халқы үшін керек. Байқоңырдан осынау отыз жылдың ішінде ғарышқа кімдер ұшпады? Ал сол жердің иесі – қазақтар «Біздің жерден біздің ғарышкер қашан шығады?» деп армандаумен келеді. Туған халқыңның арманын орындаудан неге бас тартпақсың? Сен барлық жағынан дайын тұрсың... Тіпті Кеңес Одағының Батырысың! – дейді.
Тоқтар осы сөзге тоқтайды. Елбасының қолдауымен 1991 жылғы 21 қаңтарда Тоқтар Әубәкіровтің кандидатурасы жедел түрде бекітіліп, бас-аяғы төрт айдың ішінде бүкіл дайындықтан сүрінбей өтіп, 1991 жылдың 2-10 қазаны аралығында қазақстандық бағдарлама бойынша ғарышқа жол тартты. 7 тәулік, 22 сағат, 12 минут, 40 секунд ғарыш кеңістігінде болған Тоқтар Әубәкіров тұңғыш қазақ ғарышкері атанды.
Дескриптор Білім алушы
-детальді ақпаратты анықтайды;
пирамидалық сұрақтарға жауап береді.
Оқу мақсаты
8.2.5.1 - пікірталасқа қатысушылар берілген тақырып бойынша өз пікірлерін сенімді дәлелдеу және қойылған сұрақтарға еркін жауап беру
Бағалау критерийі
Білім алушы
Ойлау дағдыларының Қолдану
деңгейі
Тапсырма
Берілген пікірге ПОПС формуласы арқылы жауап беріңіз. Жұбыңызбен пікір алмасып, жауабын тыңдаңыз.
Пікір: «Байқоңыр ғарыш айлағының экологиялық зиянынан гөрі, экономикалық
66
пайдасы басым»
ПОПС формуласы
Бірінші сөйлем «Менің ойымша, ... »
Екінші сөйлем «Себебі, мен оны былай түсіндіремін … »
Үшінші сөйлем «Оны мына фактілермен, мысалдармен дәлелдей аламын … » Соңғы сөйлем «Мен мынадай қорытынды шешімге келдім ... »
Дескриптор Білім алушы
пікірге қатысты өз ұстанымын анықтайды;
өз пікірін дәлелдейтін 2-3 аргумент ұсынады;
ой қорытындысын жасайды.
67
Оқу мақсаты
|
8.4.1.1
|
- мәтіндердің жанрлық және стильдік ерекшелігін
|
|
|
сақтап, интервью жазу
|
|
Бағалау критерийі
|
Білім алушы
|
|
|
•
|
Мақаланы жанрлық және стильдік ерекшелікті сақтап
|
|
Ойлау дағдыларының
|
|
жазады
|
|
|
|
|
деңгейі
|
Қолдану
|
|
Тапсырма
Ғарышкерлер мерекесі қарсаңында сіздің мектебіңізде қазақтың тұңғыш ғарышкері
Т. Әубәкіровпен кездесу ұйымдастырылмақшы. Мектеп газетінің тілшісі ретінде ғарышкер батырмен жүргізілген сұхбат жазыңыз.
Дескриптор Білім алушы
сұхбат жазудың жанрлық ерекшелігін ескереді;
алдыңғы сабақта алған білімін сұхбат мазмұнында қолданады.
68
Оқу мақсаты
8.4.4.1 - тақырып бойынша мәліметтерді жазуда тиімді қолдану
жинақтап, эссе
Бағалау критерийі
Білім алушы
• Тақырыпқа қатысты эссе жұмысында өз көзқарасын ұсынып, дәлелді аргументтер келтіреді
• Эссе құрылымын сақтайды
Ойлау дағдыларының Жоғары деңгей дағдылары
деңгейі
Тапсырма
«Айтыс өнерінің қоғамдағы маңызы қандай?» деген тақырыпта алған ақпараттарды жинақтап, эссе жазыңыз.
Дескриптор Білім алушы
тақырыпқа қатысты ақпараттарды іріктейді;
құрылымын сақтап, эссе жазады.
69
Достарыңызбен бөлісу: |