Қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырмалар жинағы Қазақ тілі



бет23/32
Дата12.02.2022
өлшемі404,51 Kb.
#131588
түріСабақ
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   32
Байланысты:
2-osh fo aza-tl t1 6-syn.docx
Notes 200418 180720 cef, Баскетбол тарихы, Қазақстан тарихы, Дүниежүзілік тәртіп
Бағалау критерийі Білім алушы

Құттықтау, мінездемені жанрлық, стильдік


ерекшелігіне сай құрастырып жазады


Ойлау дағдыларының Қолдану


деңгейі


Тапсырма
Суреттерге назар салып қараңыз және олардың кім, қай спорт саласында жетістікке жеткен тұлғалар екенін еске түсіріңіз.



  1. Мәтінді оқып, мәтіннен спорт жұлдызына қатысты негізгі ақпараттарды анықтаңыз.



Жасындай жарқ еткен жұлдыз
Ол 1980 жылы 4 сәуірде Түркістан қаласындағы қарапайым отбасында дүниеге келген. Бекзат – әкесі Сейілхан мен анасы Сырлыкүлдің кенже баласы. Саттархановтардың Бекзаттан өзге мектеп қабырғасындағы спорттық бәсекелерде оза шапқан үш ұлы болды. Бағдат, Болат, Мақсат есімді балалары да спортты серік еткен екен. Бала кезінде өте нәзік, аурушаң, әлжуаз болған Бекзаттан атағы жер жүзіне жайылатын даңқты боксшы шығады деп ешкім ойламаса керек.
Алғашында өзін-өзі қорғап үйренсін деген оймен ата-анасы Бекзатты күрес үйірмесіне қатыстырады. Алайда күреске ынтасы болмай, екінші жағынан күреспен айналысу бойдың өсуін тежейтінін ұғып үйірмеге бармай, бірден боксқа бет бұрады. 1986-1996 жылдар аралығында Абай атындағы мектеп-интернатта, кейін Жұмабек Еділбаев атындағы №18 орта мектепте оқиды. 1995 жылы алғаш рет бокс үйірмесіне жазылып, балалар бапкері Нұрлан Жұмабаевтан тәлім ала бастайды.
Бекзат заң саласы мамандығын игерген. Алдымен Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің дене шынықтыру факультетіне түсіп, кейін Түркістан қаласындағы Қожа Ахмет Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетінің заң факультетін тәмамдаған. Бекзат бокста Серік Қонақбаевты үлгі тұтқан. 1980 жылы Мәскеу Олимпиадасының финалында Серік Қонақбаев жұдырықтасқан сәтте Бекзат бесікте жатқан сәби еді. Анасы Сырлыкүл Саттарханованың Серік Қонақбаев секілді Бекзат та чемпион болсын деген үлкен арманы болған. Бекзат кейін ана арманын орындайды да. Ол Сиднейдегі жеңісін Түркістан қаласының 1500 жылдығына тарту ететіндігін айтқан. Бекзат – 18 жасында қажылыққа барған мұсылман.
Бекзаттың қысқа ғұмырында 2000 жыл тек Сидней Олимпиадасындағы жеңісімен ерекшеленбейді. Ол мұхиттың арғы бетіндегі додаға аттанғанға дейін Қырғызстанда өткен Орта Азия ойындарында, Испанияда жалауы желбірген халықаралық жарыстарда жеңіс тұғырына көтеріледі. Астана қаласындағы «Қазақстан-Куба» кездесуінде қарсыласын айқын басымдықпен жеңіп, Чехияда өткен «Гран Приде» жеңімпазға берілер Кубокті қанжығасына

23

байлайды. Мәскеудегі ТМД елдерінің біріншілігінде 4 жүлдемен қатар, сайыстың үздік боксшысы деген атақты еншілейді.
Бүгінде Түркістан қаласында Бекзат Саттарханов атындағы ықшам аудан мен спорт кешені бар. Алматы қаласында көшеге Бекзат Саттарханов аты берілді. 2002 жылдан бастап бокстан Бекзат Саттархановты еске алуға арналған дәстүрлі халықаралық турнир өтеді. 2010 жылы, яғни спортшының 30 жас мерейтойы қарсаңында туған қаласы Түркістанда Бекзат Саттархановқа арналған ескерткіш қойылды. 2005 жылы Қазақстанда боксшыға арналған пошталық марка шығарылды. Бекзат туралы 3 тілде кітап, фотоальбом жарық көрген. 2009 жылы режиссер Сатыбалды Текеев «Бекзат» атты деректі фильм түсірсе, 2012 жылы режиссер Ермек Шахмет «Бекзат» атты фильм түсіру жұмыстарын қолға алды. Биографиялық кинофильмде басты рөлді актер Асылхан Төлепов сомдап шықты. Бекзат Сейілханұлы Саттарханов 20 жылдық ғұмырында шаршы алаңда 143 жекпе-жек өткізіп, оның 132-сінде жеңіске жеткен.



  1. Мәтіндегі негізгі ақпараттарға сүйене отырып, спортшы Б.Саттархановтың өмірбаянын жазыңыз. сөйлемдерде етістік түрлерін қолданыңыз. Жазылым жұмысын орындауда өмірбаянның жазылу ерекшеліктерін ескеріңіз.



Дескриптор Білім алушы

-мәтіндегі негізгі ақпараттарды анықтайды;


-ақпараттар негізінде өмірбаян жазады;
-есімдік түрлерін қолданады;
-өмірбаянның жазылу ерекшеліктерін ескеріп, жазады.

24


4-тоқсанға арналған қалыптастырушы бағалау тапсырмалары


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   32




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет