Қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырмалар жинағы Қазақ тілі



бет21/32
Дата12.02.2022
өлшемі404,51 Kb.
#131588
түріСабақ
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   32
Байланысты:
2-osh fo aza-tl t1 6-syn.docx
Notes 200418 180720 cef, Баскетбол тарихы, Қазақстан тарихы, Дүниежүзілік тәртіп
Бағалау критерийі Білім алушы

• Мәтіннен детальді ақпараттарды анықтайды




Ойлау дағдыларының Қолдану


деңгейі


Тапсырма
Мәтінді мұқият тыңдап, ұсынылған сұрақтарға жауап беру арқылы детальді ақпараттарды анықтаңыз.



  • Әлемдік үздік боксшылар тобын кім бастап тұр?_____________________________

  • Геннадий келесі кездесуін қашан, кіммен өткізеді? ___________________________

  • Ол қайда, қашан дүниеге келген? __________________________________________

  • Боксшы неше мәрте Қазақстан Республикасының чемпионы? __________________




  • Геннадий кәсіпқой боксқа қашан ауысты? ___________________________________

НВО телеарнасының мәлімдеуі бойынша кәсіпқой бокстағы қазақстандық боксшы Геннадий Головкин әлемнің үздік бес былғары қолғап шеберлері санатына енді. Әлемнің үздік боксшылары тізімінің көшін америкалық 36 жасар Флойд Мейвезер бастап тұр. Одан кейінгі орындарда 29 жасар Андре Уорд, 30 жасар Тимоти Брэдли және аргентиналық 38 жасар Серхио Мартинес бар. Ал GGG орта салмақ дәрежесіндегі қазіргі таңда әлемнің үздік боксшысы болып саналады. Бұған дейін Геннадий Головкин келесі кездесуін 3 қарашада америкалық Кертис Стивенспен өткізеді. Шаршы алаңдағы жекпе-жек Нью-Йорк қаласында болады.


Ал енді спорттағы мақтанышымыз туралы нақтырақ айтсақ, Головкин Геннадий 1982 жылы 8 сәуірде Қарағандыда дүниеге келген. Ол 2003 жылы әлем чемпионы және 2004 жылғы Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері. 7 рет Қазақстан Республикасының чемпионы, халықаралық турнирлердің жеңімпазы, жастар арасындағы әлем чемпионы, ҚР I спартакиадасының чемпионы. Шығыс Азия ойындарының чемпионы, Азия ойындарының чемпионы, жеке сынақ бойынша Әлем кубогының чемпионы. Сонымен қатар «А» класты турнирлердің бірнеше мәрте жеңімпазы. Ол 2006 жылы кәсіпқой боксқа ауысты. Гена WBA нұсқасы бойынша орташа салмақта әлем чемпионы атағын 8 рет қорғады және IBO нұсқасы бойынша орташа салмақта әлем чемпионы атағын 5 рет қорғаған. 89% нокауттық үлесімен Головкин кәсіпқой бокста орташа салмағы тарихында нокаут үлесі бойынша бірінші орында тұр.
Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің дене тәрбиесі және спорт факультетін 2003 жылы бітірген. 2003 жылдан бері «Астана батыры» жекпе-жек клубы» МКҚК-да бокс жөніндегі нұсқаушы-спортсмен. Universum Box Promotion мүшесі, ҚР
спорт шебері, Халықаралық кластағы спорт шебері, бокстан ҚР Еңбек сіңірген спорт шебері. «Құрмет» орденімен марапатталған.


Дескриптор Білім алушы

- мәтіннің мазмұнын ашады;


- сұрақтарға жауап береді;
- детальді ақпараттарды анықтайды.

21

Оқу мақсаты

6.2.1.1 -мәтіннен негізгі және қосымша, детальді






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   32




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет