Қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырмалар жинағы Қазақ тілі мен әдебиеті


Ойлау дағдыларының деңгейі Қолдану Тапсырма



бет8/20
Дата11.03.2020
өлшемі2,72 Mb.
#59886
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   20
Байланысты:
Қалып баға 6 сынып




Тапсырма


Мәтінді түсініп оқып, 3 негізгі және 2 қосымша ақпаратты анықтаңыз.
Қарқаралы таулары - елімізге туристерді тартуға қолайлы ең көрікті жерлердің бірі. Кербез де, сұлу бұл тау Қарағанды облысындағы Қарқаралы ұлттық паркінің аумағында орналасқан. Парк өкілдерінің пікірінше, Қазақстанның дәл ортасында орналасқан тау тізбегіне жыл сайын 20 мыңға жуық турист саяхаттап келеді. Жалпы аумағы

12 гектардан асатын ол паркте таулар тізбегінен бөлек, ағаштың сан түрі өсетін орманды алқап, өзен-көлдер мен үңгірлер де бар. Онда қосмекендінің 2 түрі, рептилияның 6, сүтқоректілердің 40 және құстардың 114 түрі мекендейді. Қарқаралы таулары айналасы ұсақ шоқылы, төбелі, жоталы, қырқалы таулар мен биік шоқылардан тұрады. Ондағы ең биік шыңы бар болғаны 1360 метрге әрең жететіндіктен, жазды күндері тау басында қар жатпайды.

Ғалымдардың пікірінше, Қарқаралының көк сеңгір таулары бұдан 250-500 млн. жыл бұрын палеозой заманында пайда болған.


Негізгі ақпараттар

1.

Қосымша ақпараттар

1.

2.

2.

3.



Дескриптор Білім алушы


  • мәтін мазмұнынан 3 маңызды ақпаратты анықтайды;

  • мәтіннен 2 қосымша ақпаратты анықтайды.

Оқу мақсаты 6.3.6.1 - тақырып бойынша үйренген сөздерін қолдана отырып, мәтінде көтерілген мәселені шынайы өмірмен байланыстыру
Бағалау критерийі Білім алушы

    • Мәселені өмірмен байланыстыруда үйренген сөздерін қолданады



Ойлау дағдыларының деңгейі


Қолдану



Тапсырма


Мәтінді мұқият оқыңыз. Мәтінде кездесетін мәселелер жазылған бұлтшаларды бояңыз.
Сұлу Көкшетаудағы биік тау туралы мынадай аңыз бар.

Ертеде Бурабай, Көкше жерін мекендеген елде бір бала дүниеге келіпті. Ол зор денелі, батыр болып өседі. Ірі болғаны сонша, өзін көтеруге мал шыдамаған соң пілге мініп жүріпті. Осы кезде қазақ жеріне қызыққан жау көп еді. Бала келген жаумен шайқасып, еліне жолатпапты.



Бір күні сол бала шайқастан кейін сәл тынығып алмақшы болады. Көлдің суына шомылады да, қалың қарағайдың арасына келіп жатады. Орман ішінде жасырынып жүрген жау осы сәтті дереу пайдаланады. Ұйқыдағы батырды қолға түсірмек болады. Байқаусызда қарусыз қалған батыр жаулармен айқаса кетеді. Батырдың күші азайып, әл-дәрмені таусылады. Сонда батыр жаулардан қорлық көргенше өлгенін артық санап, Құдайдан өзін тасқа айналдыруын тілейді. Пілін де жау қолына тастамас үшін төбесіне көтеріп алады. Сол батыр осы Оқжетпес болса керек.

Анықталған 1 мәселенің шешілу жолын мәтіннен тауып жазыңыз.




Мәселе

Шешілуі









Дескриптор Білім алушы

  • мәтінге сай 2 мәселені анықтайды;

  • 1 мәселенің шешімін білдіретін сөйлемді мәтіннен тауып жазады.

Оқу мақсаты




6.4.3.1 - жазба жұмыстарында теңеу, эпитет сөздерін

қолданып жазу



Бағалау критерийі




Білім алушы

  • Мәтін жазуда теңеу мен эпитет сөздерді орынды қолданады

Ойлау дағдыларының деңгейі

Қолдану

Тапсырма

Сіз - туристік компанияның қызметкерісіз. Туристерді жазғы демалыста Көкшетау жеріне саяхат жасауға шақырып, жарнама мәтінін жазыңыз. Жарнама мәтінінде берілген көркем сөз оралымдарын қолданыңыз.


Көркем тіркестер: аспанмен таласқан таулар, көз жетпес шың, тұнық көл, қарағайлы ну орман, биік жартас, тарих сыр шертеді, аңызға толы өлке, жоғары деңгейдегі қызмет, жағдайлар жасалған, балалар алаңы, жоғары қызметті қонақ үй, ұлттық тағамдар, шипалы су

Дескриптор

Білім алушы




  • кіріспе бөлімде Көкшетау жеріне саяхат жасауға шақыратын сөйлемдер жазады;

  • негізгі бөлімде Көкшетау табиғатының әсемдігін, көрсететін қызмет түрлері туралы ақпарат береді;

  • қорытынды бөлімде туристік компанияның қызметіне жүгінуге шақыратын сөйлемдер жазады.


    1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   20




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет