Қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырмалар жинағы Қазақ тілі мен әдебиеті



бет1/20
Дата11.03.2020
өлшемі2,72 Mb.
#59886
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20
Байланысты:
Қалып баға 6 сынып




Қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырмалар жинағы
Қазақ тілі мен әдебиеті (оқыту қазақ тілінде емес)
6-сынып

Құрметті мұғалім!

Аталған тапсырмалар жинағы білім беру мазмұнын жаңарту аясында мұғалімдерге көмек құралы ретінде құрастырылды. Бұл мұғалімдердің ұжымдық жұмысының нәтижесі. Бағалау критерийлері мен дескрипторлары бар тапсырмалар қалыптастырушы бағалауды өткізуге, сабақты жоспарлауға, ұқсас тапсырмаларды құрастыруға және іріктеп алуға, оқу мақсатына жетуге қатысты сындарлы кері байланыс беруге көмектесетін үлгі болып табылады.

Жинақтың ұсынылған сипаты сізге білім алушының қажеттілігі мен мүмкіндігін есепке ала отырып, тапсырмаларға толықтырулар мен өзгерістер енгізуіңізге, бейімдеуіңізге мүмкіндік береді.

Қосымша материалдарды (нұсқаулықтар, таныстырылымдар, жоспарлар және т.б.), форумдағы талқылауларды және бейне нұсқауларды сіз «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ smk.edu.kz ресми сайтынан таба аласыз.


Жемісті жұмыс пен шығармашылық табыс тілейміз!


Жинақ негізгі мектеп мұғалімдеріне, әдіскерлерге, критериалды бағалау бойынша өңірлік және мектеп үйлестірушілеріне, басқа да мүдделі тұлғаларға арналған.

Жинақты дайындау барысында ресурстар (суреттер, мәтіндер, бейне және аудио материалдар, т.б.) қолжетімді ресми интернет-сайттардан алынды. Жинақ коммерциялық емес мақсатта құрастырылған.


Мазмұны


  1. тоқсан 4

Бөлімдер: « Отан отбасынан басталады», «Қазіргі қазақ ауылы мен қаланың тыныс- тіршілігі», «Таулар сыры» 4

  1. тоқсан 24

Бөлімдер: «Қуат көзін үнемдей білеміз бе?», «Астана – мәдениет пен өнер

ордасы», «Қазақстан қорықтары» 24



  1. тоқсан 33

Бөлім: «Болашақ мамандықтары», «Қазақстан және Ұлы Жібек жолы», «Жер байлығына аяулы көзқарас», «Олимпиада жеңімпаздары – Қазақстан мақтанышы» 33

  1. тоқсан 46

Бөлім: « Абайды оқы, таңырқа!», «Қазақ ұлттық қолөнері», «Саяхат және туризм» 46

    1. тоқсанға арналған қалыптастырушы бағалау тапсырмалары Бөлім «Отан отбасынан басталады»

М.Әуезов «Абай жолы» романы, «Қайтқанда» тарауы (үзінді)


Оқу мақсаты

6.1.1.1 - тірек сөздер, мәтіннің бастапқы бөлігін тыңдау арқылы тақырыпты және көтерілетін мәселені болжау

Бағалау критерийі

Білім алушы

  • Тірек сөздер негізінде тақырыпты, көтерілген мәселені болжайды

Ойлау дағдыларының деңгейі

Білу және түсіну

Тапсырма

Мәтінді мұқият тыңдап, төмендегі тапсырмаларды орындаңыз.


Абайдың әжесі Зеренің азан шақырып қойған аты – Тоқбала екенін біле жүргеніміз жөн. Зерені Ырғызбай тұқымдары, барша ауыл адамдары «кәрі әже» деп атаған. Қартайған шағында құлағы естімей қалған Зере немерелеріне дұға оқытып, үшкіртеді екен. Ақылды, зейінді, мейірімді Зере немерелерінің ішінде Ибраhимді ерекше жақсы көріп, оны Абай деп еркелеткен. Ізгі жүректі, үлкенге қамқор, кішіге пана бола білген Зере әже Абай өміріне, ақындығына игі әсерін тигізген. « – Е-е… Бұлдыр-бұлдыр күн өткен. Бұрынғыдан кім өткен?» деп басталатын Абайдың әжесі – Зеренің ұлағатты әңгімелерінің өзі неге тұрады десеңізші?!

М.Әуезовтің «Абай жолы» роман-эпопеясының «Қайтқанда» дейтін тарауында:



«Абай биыл ғана анық бағалады. Бұның әжесі бір түрлі шебер әңгімеші екен. Қызық сөйлейді. Әңгімесінің барлық жерін дәмді ғып, қызықтырып айтады. …Әжесі әуелде көп-көп ертегілер айтқан. «Еділ – Жайық», «Жұпар қорығы», «Құламерген» – бәрі де ай- тылды. Оның әңгімелерін түсте де, кешке де, тіпті көш бойы да Абай айтқыза беретін болды» деп сипатталады.
1. Мәтін үзіндісін мұқият тыңдаңыз. 5 тірек сөз бен сөз тіркесті анықтап, cмарт-схеманы толтырыңыз.



  1. Мәтін үзіндісін екінші рет мұқият тыңдаңыз. Мәтінге тақырып қойып, көтерілген мәселені анықтаңыз.




Мәтін тақырыбы

Мәтіндегі көтерілген мәселе

Әже өнегесі







Дескриптор

Білім алушы




  • мәтін құрауға негіз болған 5 тірек сөзді анықтайды;

  • тірек сөздердің көмегімен мәтінге тақырып ұсынады;

  • мәтіндегі көтерілген мәселені анықтайды.

Оқу мақсаты 6.1.5.1 - тірек сөздер, жетекші сұрақтар, мәтін тақырыбы арқылы негізгі ойды анықтау



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет