Бөлім «Таулар сыры» М. Мақатаев «Мен таулықпын» өлеңі
Оқу мақсаты 6.1.3.1 - тұрмыстық-әлеуметтік тақырыптарға байланысты
жаңа сөздер мен тірек сөздердің мағынасын түсіну
Бағалау критерийі Білім алушы
Тақырыптарға қатысты сөз бен сөз тіркестерінің мағынасын ажыратады
Ойлау дағдыларының деңгейі
Қолдану
Тапсырма
Мәтінді мұқият тыңдап, төменде берілген сөздердің қарсы мағынасын мәтінде тауып жазыңыз.
Қазақстанның биік таулы өлкелеріне: Алтай, Оңтүстік Алтай, Батыс немесе Кенді Алтай, Жоңғар таулы өлкесі, Тянь-Шань таулы өлкесі жатады. Биік таулы өлкелерге Қазақстанның шығысы мен оңтүстік-шығысындағы Алтай, Сауыр-Тарбағатай, Жоңғар (Жетісу) Алатауы және Тянь-Шань тау жүйелері жатады. Бұл таулардың барлығы палеозой қатпарлықтарында көтеріліп, мезозой эрасында тегістелген. Жаңа тектоникалық қозғалыстар нәтижесінде қайта жаңғырған. Биік таулы өлкенің аласа таулардан айырмасы жер бедерінің биік әрі күшті тілімделгендігімен ерекшеленеді.
Сөздер
|
Антонимі
|
аласа
|
|
әлсіз
|
|
қатпарлы
|
|
батыс
|
|
Берілген сөздердің мағынасын мазмұнды негізге ала отырып, өз сөзіңізбен түсіндіріңіз.
Сөздер мен сөз тіркестері
|
Мағынасы
|
Таулы өлке
|
|
Палеозой қатпарлықтары
|
|
Жаңғырған тау
|
|
Дескриптор Білім алушы
үш сөздің антонимін мәтіннен тауып жазады;
үш сөз тіркесінің мағынасын мәтін мазмұнына сүйеніп, өз сөзімен айтады.
Оқу мақсаты 6.1.3.1 - тұрмыстық-әлеуметтік тақырыптарға байланысты
жаңа сөздер мен тірек сөздердің мағынасын түсіну
Бағалау критерийі Білім алушы
Тақырыптарға қатысты сөз бен сөз тіркестерінің мағынасын ажыратады
Ойлау дағдыларының деңгейі
Қолдану
Тапсырма
Мәтінді мұқият тыңдап, тауларға қатысты жаңа сөздерді сөз тіркестерімен сәйкестендіріңіз.
Сарыарқа - Орталық Қазақстанда орналасқан. Батыстан шығысқа қарай 1200 шақырымға созылып жатыр. Орташа биіктігі - 500-600 метрдей. Солтүстігінде Батыс- Сібір жазығы мен оңтүстігінде Балқаш көлімен және Бетпақ Дала шөлімен, шығысында Сауыр-Тарбағатай тау жүйесімен шектеседі. Сарырқаның негізгі жауһары – Бурабай шипажайлық аймағы.
Мұғалжар – аса биік емес тас тізбегі, Орал тауларының оңтүстік сілеміне жатады. Мұғалжардың ең биік нүктесі – Үлкен Боқтыбай тауы (657 м). Солтүстіктен оңтүстікке қарай 450 шақырым. Ол Арал теңізі мен Мұғалжарды бөліп жатыр.
Маңғыстау таулары – Каспий теңізіндегі Маңғыстаулық жартылай аралында жатыр. Олардың құрамына Қаратаудың батыс және шығыс жоталары, Ақтаудың оңтүстік және солтүстік жоталары енеді. Қаратаудың ұзындығы – 117, Ақтаудың ұзындығы – 70 шақырым. Маңғыстау тауларының ең биік нүктесі – Қаратау-Бесшоқы (556 м).
Таулар
|
Сәйкестендіру бағаны
|
Ақпараттар
|
Сарыарқа
|
|
Үлкен Боқтыбай тауы
|
Қазақстанның орталығында
орналасқан
|
Мұғалжар
|
Ұзындығы 450 шақырым
|
Бурабай шипажай аймағы
|
Маңғыстау
|
Қаратау - Бесшақы
|
Дескриптор Білім алушы
Оқу мақсаты 6.1.4.1 - шағын поэзиялық шығармалардың мазмұнын талдай отырып, кейіпкерлерге сипаттама жасау
Бағалау критерийі Білім алушы
Шығарманы талдай отырып, кейіпкердің мінезін, қасиетін анықтайды
Ойлау дағдыларының деңгейі Қолдану
Тапсырма
Өлеңді мұқият тыңдап, берілген үзінділер арқылы тау баласына мінездеме беріңіз.
Tay дейтін алып жүрек Ана туған Мен таулықпын!
Таудан мен жаратылғам. Киіктің сүтін еміп ержеткенмін Қуат алып қыранның қанатынан Мен таулықпын
Таудан мен жаратылғам.
Бұлт бүркеніп, жай отын ала туғам Күн алғашқы сәулесін маған шашып Маған келіп түнейді қара тұман.
Тау ұлымын
Тау - менің дәу бесігім
Мен оның әуресімін, сәулесімін. Асқар шыңдар желпиді бесігімді Бір орамын ағытып сәлдесінің.
Үзінді
|
Кейіпкердің қандай қасиеті, мінезі
танылады?
|
Қуат алып қыранның қанатынан
|
|
Бұлт бүркеніп, жай отын ала туғам
|
|
Мен оның әуресімін, сәулесімін
|
|
Дескриптор Білім алушы
-үзінділерге сай кейіпкерге мінездеме береді.
Оқу мақсаты
|
|
6.2.6.1 - тірек сөздерге сүйеніп, сюжетті
суреттердің желісі бойынша әңгіме құрастыру
|
Бағалау критерийі
|
|
Білім алушы
Тірек сөздер мен суреттердің көмегімен әңгіме жазады
|
Ойлау дағдыларының деңгейі
|
Қолдану
|
Тапсырма
Жаз мезгілінде сынып жетекшілеріңізбен бірге тауға саяхатқа шықтыңыздар. Берілген сурет пен тірек сөздердің көмегімен таудағы саяхат кезіндегі оқиғалар мен қызықтар туралы шағын әңгіме жазыңыз.
Тірек сөздер: тауға көтерілу, жолқапшық, шатыр құру, соқпақ жол, алау, от жағу, күн ұясына бату, қызыл арай, таудағы тыныштық
|
Дескриптор
|
Білім алушы
|
|
суреттер және тірек сөздерді ажыратады;
әңгіменің басында саяхатқа дайындық, тауға шыққандығы туралы әңгімелейді;
әңгіменің негізгі бөлімінде саяхат барысында болған оқиғалар туралы әңгімелейді;
- әңгіменің соңында табиғат аясынан алған әсерімен бөліседі.
|
Оқу мақсаты
|
|
6.2.5.1 - коммуникативтік жағдаят бойынша диалогке
қатысушылар өзара түсінісіп, ойларын толықтырып отыру
|
Бағалау критерийі
|
|
Білім алушы
Рөлдерге қатысты диалог құрастырады
Шағын диалогке қатысу арқылы ойымен бөліседі
|
Ойлау дағдыларының деңгейі
|
Қолдану
|
Тапсырма
Берілген жұптардың бірін таңдаңыз. Алдыңғы сабақта алған мәліметтерді жинақтап, бір-біріңізбен жұпта диалог құрыңыз.
География пәнінің мұғалімі мен оқушы арасындағы диалог
Тауға саяхатқа шыққан екі оқушының арасындағы диалог
Туристік компанияның қызметкері мен саяхатшы арасындағы диалог
|
Дескриптор
|
Білім алушы
|
|
дайындайды;
рөл бойынша жұпта бір-біріне сұрақ қояды;
сұраққа жауап береді.
|
Оқу мақсаты 6.3.1.1 - мәтіндегі негізгі және жанама ақпаратты анықтау,
өмірдегі кейбір жағдаяттармен байланыстыру
Бағалау критерийі Білім алушы
Мәтін мазмұнындағы негізгі және қосымша ақпараттарды анықтайды
Өмірмен байланыстырады
Достарыңызбен бөлісу: |