Қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырмалар жинағы Қазақ тілі мен әдебиеті


тоқсанға арналған қалыптастырушы бағалау тапсырмалары Бөлім «Қуат көзін үнемдей білеміз бе?»



бет9/20
Дата11.03.2020
өлшемі2,72 Mb.
#59886
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   20
Байланысты:
Қалып баға 6 сынып

тоқсанға арналған қалыптастырушы бағалау тапсырмалары Бөлім «Қуат көзін үнемдей білеміз бе?»



Оқу мақсаты 6.1.5.1 - тірек сөздер, жетекші сұрақтар, мәтін тақырыбы

арқылы негізгі ойды анықтау


Бағалау критерийі Білім алушы

      • Негізгі ойды тірек сөздер, жетекші сұрақтар, мәтін тақырыбы арқылы анықтайды






Тапсырма


Мәтінді мұқият 2 рет тыңдап, 6 тірек сөз бен сөз тіркесін анықтап, бағдарсызық бойына жазыңыз.
Қостанай облысының Сарыкөл ауданында тұратын бір кәсіпкер ауылда жиі жарық өше бергендіктен, өз қолымен желден қуат өндіретін қондырғы құрастырып алған. Қазір ауласында тұрған құрылғыдан күніне 3 киловатқа дейін электр энергиясын алады. Былтыр осы бастамасы үшін «Бизнестің жол картасы» бағдарламасы бойынша 2 миллион теңге қайтарымсыз грантқа ие болды. Содан бері тағы 7 жел қуатын өндіретін құрылғы жинап шығарды. Тұтынушылар – негізінен жергілікті тұрғындар мен жеке шараушылық иелері.

Алғашқыда желден энергия өндіргіштің шағын түрін жасады. Қазіргілері қуаттырақ. Секундына 15-20 метр жел соққанда, бір құрылғы күніне 2-3 килловат электр энергиясын өндіреді.




Тірек сөздердің негізінде мәтіннің тақырыбы мен негізгі ойын анықтаңыз.




Тақырып

Негізгі ой








Дескриптор Білім алушы

  • мәтін құрауға негіз болған 6 тірек сөзді анықтайды;

  • анықталған тірек сөздерді кластерге орналастырады;

  • тірек сөздердің көмегімен мәтінге ат қояды;

  • мәтіндегі негізгі ойды 1 сөйлеммен береді.

Оқу мақсаты




6.2.2.1 - тақырып бойынша диалогті бастау, жалғастыру,

аяқтаудың ұлттық сөз әдебі мен сөйлеу этикеті формаларын білу



Бағалау критерийі




Білім алушы

Ойлау дағдыларының деңгейі

Қолдану

Тапсырма

Берілген суреттерді пайдаланып, жұпта диалог құрастырыңыз. Диалог мазмұнында берілген сөйлеу этикетінің формаларын қолданыңыз.


Сөйлеу этикетінің формалары: Сәлеметсіз бе, сіз қалай ойлайсыз, сіз. дегенмен

келісесіз бе, мен сіздің........ ойыңызбен келісемін,өте жақсы ой айттыңыз, пікіріңізге рахмет, сау болыңыз


Дескриптор


Білім алушы




  • сурет бойынша жұпта диалог құрастырады;

  • жұбына тақырып туралы 3 сұрақ қояды;

  • жұбының сұрағына толық жауап береді;

  • диалогте берілген сөз оралымдарының кем дегенде 4-5 қолданады.




Оқу мақсаты




6.4.4.1 - мәліметтерді жинақтай отырып, тақырып

бойынша постер, сызба-кестелер жасау



Бағалау критерийі

Білім алушы

  • Тақырыпқа сай мәліметтерді жинақтайды, сызба-кестелер әзірлейді

Ойлау дағдыларының деңгейі

Қолдану

Тапсырма

Мәтінді түсініп оқыңыз. Мәтіндегі ақпараттарды кесте немесе сызбаға түсіріңіз. Сызба/кестеңіз бойынша жұбыңызға мәтінді ауызша әңгімелеңіз.


Статистика бойынша, үйде шамдар мен шырақ шамдар электр энергиясының 20 пайызын тұтынады, сондықтан қыздыру шамдарын энергия үнемдейтін шамдарға ауыстыру отбасы бюджетін үнемдейді. Бұл энергия үнемдейтін шамдар үйреншікті қыздыру шамдарынан 5-7 есе қымбат тұратынына қарамастан, шамдарды ауыстырғандағы үнемді бағалайды. Ол үшін, мәселен, қыздыру шамы күніне 3 сағаттан 100 Вт қуаттылықпен немесе айына 90 сағат жұмыс жасайды деп алайық. Бұл жағдайда қыздыру шамы ай сайын 9 кВт (0,1кВт*90=9кВт*) электр энергиясын тұтынады. Егер қыздыру шамының орнына 20 ваттық энергия үнемдейтін шамды қолданса, электр энергиясының тұтыну айына 1,8 кВт (0,2кВт*90=1,8кВт*) құрайды. Сонымен бір қыздыру шамын энергия үнемдейтін шамға ауыстырудан болған үнем айына 7,2 кВт құрайды. Егер бір ай көлемінде бір шамды ауыстырумен болған үнем азғантай сияқты болғанмен, ал 10 шамды ауыстыру кезіндегі бір жылғы үнем 864 кВт* құрайды.

Энергия үнемдейтін шамдардың электр энергиясын үнемді тұтынудан басқа да ұзақ мерзім қызмет ету және жоғары жарық беру ерекшеліктері бар. Яғни, энергия үнемдейтін шамдарды Сіз 5-10 жыл, ал қыздыру шамдарын 1 жыл ғана қолдана аласыз.



Дескриптор

Білім алушы




  • кесте немесе сызба түрінің бірін таңдайды;

  • мәтіндегі ақпараттарды кесте/сызбаға түсіреді;

  • кесте/сызбасын қолдана отырып, жұбына мәтінді ауызша әңгімелейді.

Оқу мақсаты




6.3.6.1 - тақырып бойынша үйренген сөздерін қолдана

отырып, мәтінде көтерілген мәселені шынайы өмірмен байланыстыру



Бағалау критерийі




Білім алушы

  • Тақырып бойынша үйренген сөздерді қолданады

  • Көтерілген мәселе туралы өз ойын өмірлік дәлелмен жеткізеді

Ойлау дағдыларының деңгейі

Қолдану

Тапсырма

Мәтіндегі ақпараттарға қатысты 2-3 мәселені балықтың жоғарғы қаңқаларына жазыңыз. Төменгі қаңқаларға мәселенің шешіміне қатысты ұсыныс беріңіз.


Еліміздегі электр қолданысына сараптама жасаған білгір мамандар кейінгі жылдары электр қуаты бей-берекет жұмсалып жатқанын айтуда. Кейбір дерек көздерінің айтуынша, электр қуатын ысырап етуде Қазақстан алдыңғы қатарда екен. Мәселен, елімізде ішкі жалпы өнімнің 1 долларын өндіруге 2,8 кВт/сағ. шығындалса, Жапонияда – 0,22, Ұлыбританияда – 0,23, Германияда – 0,27, АҚШ-та – 0,30, Түркияда

– 0,56, Қытайда 1,22 кВт/сағ. кетеді. Яғни дамыған елдердің көрсеткіші бізден бірнеше есе төмен. Тағы бір мәліметке көз жүгіртсек, 2010 жылы Қазақстанда 68,13 млрд. кВт/сағ. электр қуаты тұтынылса, 2011 жылы 71,7 млрд. кВт/сағ тұтынылыпты. Осы қарқынмен жалғаса беретін болса, 2020 жылы ел бойынша 117 млрд. кВт/сағ. электр қуаты қажет болмақ. Ал еліміздегі қазіргі электр станцияларының осынша қажеттілікті өтеуге қабілеті жетпейді екен. Сондықтан да, ел Үкіметі жаңа электр станцияларын салып, қуат көзін үнемдеуге барынша мән бере бастады. Десек те, жаңа электр станциясын салуға қыруар қаражат қажеттігі анық. Сол себепті бүгінде электр қуатын үнемдеу - елімізде өткір тұрған мәселелердің бірі.



Дескриптор

Білім алушы




- мәтіннен тақырыпқа қатысты 2-3 мәселені анықтайды;

  • анықталған мәселелерді балықтың жоғарғы қаңқаларына жазады;

  • төменгі қаңқаларға мәселелердің шешіміне қатысты ұсыныс жазады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   20




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет