Қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырмалар жинағы Қазақ тілі мен әдебиеті



бет17/20
Дата11.03.2020
өлшемі2,72 Mb.
#59886
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20
Байланысты:
Қалып баға 6 сынып




Дескриптор


Білім алушы

- бұйрықты сөйлемдерді орынды қолданады;

- бұйрықты сөйлем интонациясын ескереді.



Оқу мақсаты 6.3.3.1 - орта көлемді шығармаларды түсіну, тақырыбы мен негізгі ойды анықтау
Бағалау критерийі Білім алушы

    • Шығарманың тақырыбы мен негізгі ойын анықтайды



Ойлау дағдыларының деңгейі


Білу және түсіну



Тапсырма


Өлеңді оқып, тақырыбы мен негізгі ойын анықтаңыз.

Шынықсаң, шымыр боларсың


Сағаттың тіліндей, Иіліп оңға бір.

Сағаттың тіліндей, Иіліп солға бір.

Сағатқа қарап ап, Жаттығу оңай ақ. Қақпаға туралап, Теп допты оң аяқ. Теп допты сол аяқ, Жаттығу, сол аяқ. Жаттығу оң аяқ,

Ал балалар, бір ауық Әріп сырын ұғайық. А дегенде отырып,

Б дегенде тұрайық.



Өлеңге қандай тақырып қоюға болады?

Өлеңнің негізгі ойы қандай?









Дескриптор Білім алушы


  • өлең мазмұнына қарай тақырып ұсынады;

  • өлеңнің негізгі ойын анықтайды.

Оқу мақсаты

6.3.3.1 - орта көлемді шығармаларды түсіну, тақырыбы

мен негізгі ойды анықтау



Бағалау критерийі

Білім алушы

  • Тақырыбы мен негізгі ойды анықтайды

Ойлау дағдыларының деңгейі

Білу және түсіну

Тапсырма

Мәтінді мұқият оқып, сұрақтарға жауап беріңіз.


Жазғы олимпиада ойындары 1896 жылы басталса, араға 28 жыл салып қысқы олимпиада ойындары өткізіле бастады. Алайда Скандинавия елдері қысқы Олимпиадалық ойындар өткізуге қарсы болды. Олар қысқы спорт түрлерін өздерінің ұлттық ойыны деп санады. 1924 жылы Францияның Шамони қаласы тарихта тұңғыш рет қысқы спорт түрлерінен апталық өткізді. Апталыққа Австрия, Бельгия, Ұлыбритания бастаған

15 мемлекет қатысты. Сондай-ақ Швейцария, Швеция сынды қысқы спорт ойындары дамыған елдердің танымал спортшылары бұл жарысқа толық құрамда келді. Спорттың 5 түрінен 14 орын сарапқа салынды. Бағдарламаға бобслей, шаңғы спорты, трамплиннен секіру, қоссайыс, мәнерлеп сырғанау сияқты спорт түрлері енді.

Алғашқы алтын медальді АҚШ спортшысы Ч. Джутроу иеленді. Ол 500 метр қашықтықтағы коньки жарысында бірінші болып келді. Осы спорт түріне бөлінген 15 медальдің 14-ін Финляндия мен Норвегияның спортшылары қанжығасына байлады. 1500 және 5000 қашықтықта Олимпиада рекордын жаңартқан фин спортшысы К. Тунберг коньки жарысының ең үздік ойыншысы атанды. Шаңғы спортының барлық түрі бойынша Норвегия спортшылары жеңіске жетті. Сол кезде Әлемнің ең үздік шаңғышысы саналған Норвегиялық Т.Хауг 3 алтын және 1 қола медаль алды.

Командалық есепте Норвегия спортшылары 4 алтын, 7 күміс, 7 қола, жалпы 18 медальдің иегері атанып, айқын басымдықпен жеңіске жетсе, Финляндия спортшылары жалпы 9 медальмен екінші, АҚШ спортшылары жалпы 3 медальмен үшінші орынға тұрақтады. 1924 жылдың 25 қаңтары мен 4 ақпан аралығында өткен осы апталыққа Еуропа мен Американың 16 мемлекетінен 293 спортшы (13-і әйелдер) қатысты.


Берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

  1. Мәтінге қандай тақырып қоюға болады?

  2. Мәтіннің негізгі ойы не туралы?

  3. Қандай негізгі ақпараттар айтылады?

  4. Қандай қосымша ақпараттар айтылады?

  5. Скандинавия елдері қысқы олимпиада ойындарын өткізуге неліктен қарсы болды?

  6. Қысқы олимпиада ойындары спорттың қандай түрлерінен өтті?

  7. Жазғы және қысқы олимпиада ойындарының қандай айырмашылығы бар?

Дескриптор

Білім алушы

  • мәтін мазмұнына сай тақырып ұсынады;

  • мәтіннің негізгі ойын анықтайды;

  • негізгі/қосымша ақпараттарды ажыратады;

  • мәтін мазмұны бойынша сұрақтарға жауап береді.

Оқу мақсаты 6.4.2.1 - эссе тақырыбының желісінен шықпай, әрбір

абзацты жүйелі құрастырып, қажетті мазмұнын ашып жазу



        1. - жазба жұмыстарында сөйлем соңында қойылатын тыныс белгілерді орынды қолдану


Бағалау критерийі Білім алушы

          • Тақырыпқа сай құрылымы сақталған эссе жазады

          • Жазбаша мәтінді орфографиялық нормаға сай жазады

          • Қосымша жалғауда үндестік заңын ескереді



Ойлау дағдыларының деңгейі


Қолдану



Тапсырма


Сіздің мектебіңізге Рио-2016 олимпиадасының күміс жүлдегері Жазира Жаппарқұл кездесуге келді. Осы кездесу туралы суретті сипаттау арқылы «Олимпиада жеңімпазымен кездесу» тақырыбында эссе жазыңыз.
Эсседе төмендегі мәселелерді қамтыңыз:

  • келген қонақ туралы

  • мектеп өмірі туралы

  • оқушылар жұмыстарын тамашалау туралы

  • спорттың денсаулыққа пайдасы жайында

  • Қазақстанның Рио-2016 олимпиадасы туралы

  • ауыр атлетика жөнінде

  • өзіңнің спортқа деген көзқарасың жайында.




Олимпиада жеңімпазымен кездесу



Рио-2016 олимпиадасының күміс жүлдегері Жазира Жаппарқұл кездесуге келді.



Олимпиада жеңімпазы Жазира Жаппарқұл мектептегі үйірмелерді аралап, оқушылардың саз құмыра жасау сәтімен танысты.


Дескриптор Білім алушы

    • эссе құрылымын (кіріспе, негізгі, қорытынды) сақтайды;

    • суреттерді тиімді пайдаланады;

    • берілген мәселелерді қамтиды;

    • сөйлем соңында қойылатын тыныс белгілерді дұрыс қолданады.


    1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет