Қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырмалар жинағы Қазақ тілі мен әдебиеті



бет13/20
Дата11.03.2020
өлшемі2,72 Mb.
#59886
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   20
Байланысты:
Қалып баға 6 сынып

Тапсырма


Мәтінді оқып, берілген кестені толтырыңыз, етістіктің шақтарын ажыратыңыз.

Ұлы Жібек жолы


Сауда кезінде жол бойындағы елдер бір-бірімен өзара мәдени жағынан да байланысқа түсті. Жібек жолы арқылы жан-жаққа діни ой-пікірлер де таратылды. ІІІ- VI ғасырларда Ұлы Жібек жолы «қажылар жолы» деп аталды, бұл жол арқылы будда монахтары Қытайдан Үндістанға, Үндістаннан Қытайға сапар шекті. VII-X ғасырларда Ұлы Жібек жолының халықаралық маңызы арта түсті, себебі Қытай Византиямен және арабтармен байланыс орнатты. XV ғасырда теңіз жолының дамуына байланысты Ұлы Жібек жолы маңызын жоя бастады. Сол кездегі сауданың басты тауары Қытайда өндірілетін жібек болған. Сондықтан жол «Жібек жолы» деп аталған. Жібекпен бірге Шығыстан Батысқа, Батыстан Шығысқа – Рим, Франция, Византия, Русь, Иран мен Араб халифатында, Қытай, Корей, Жапонияда өндірілген көптеген тауарлар ағылды. Жібек жолы халықтар арасындағы сауданың ғана емес, Шығыс пен Батыс елдерінің арасындағы халықаралық (дипломатиялық) қарым-қатынастың дамуына да әсерін тигізді.

Жібек жолын зерттеудің әрі маңызды, әрі сирек олжасы – Отырардан табылған күміс ақша мен заттар көмбесі. Көмбеде Шығыс Түркістан қалалары – Алмалық, Пулад, Эмильдің (Еміл); еуропалық Қырымның; малайзиялық Сива, Кони, Тебриздің; қазақстандық Жент қалаларының ақшалары жинақталған. Ақшалардың соғылған уақыты XIII ғасырдың 40–60 жылдары. Көмбеден табылған күмістен жасалған құрама белдік жапсырмалар, ортаазиялық бұрама білезіктер, поволжиялық өрме білезіктер, Кіші Азиялық айылбастар – теңдесі жоқ жәдігерлер.




Етістіктің шақтары

осы шақ

өткен шақ

келер шақ









Мәтінді өткен шақта баяндаңыз. Ауыспалы келер шақта сұрақтар дайындаңыз.


Дескриптор Білім алушы

  • мәтіндегі етістік шақтарын ажыратады;

  • мәтінді өткен шақта баяндайды;

  • ауыспалы келер шақта сұрақтар дайындайды.

Оқу мақсаты

6.4.5.1 - жазба жұмыстарында сөзге қосымша жалғауда үндестік заңын ескеріп, орфографиялық нормаға сай дұрыс жазу

Бағалау критерийі

Білім алушы

  • Жазбаша мәтінді орфографиялық нормаға сай жазады

  • Қосымша жалғауда үндестік заңын ескереді

Ойлау дағдыларының деңгейі

Қолдану

Тапсырма

Берілген суреттерді топта талқылаңыз. «Жер байлығы ел байлығы» тақырыбында жазбаша мәтін құраңыз. Үндестік заңы мен орфографиялық норманы ескеріңіз.





Дескриптор

Білім алушы

  • суреттерді топта талқылайды;

  • тақырып бойынша жазбаша мәтін құрайды;

  • қосымша жалғауда үндестік заңын ескереді;

  • орфографиялық норманы сақтап жазады.




Оқу мақсаты 6.5.1.6 - сын-қимыл (бейне) және мөлшер үстеулерді ауызша және жазба жұмыстарда орынды қолдану
Бағалау критерийі Білім алушы

    • Сын-қимыл, мөлшер үстеулерді ауызша, жазбаша жұмыстарда қолданады





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   20




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет