Қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырмалар жинағы Қазақ тілі мен әдебиеті


Ойлау дағдыларының деңгейі Қолдану Тапсырма



бет20/20
Дата11.03.2020
өлшемі2,72 Mb.
#59886
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20
Байланысты:
Қалып баға 6 сынып




Тапсырма


Мәтіндерді мұқият оқып, берілген кесте бойынша түрлерін салыстырыңыз.


  1. мәтін

Құрметті, қала тұрғындары мен қонақтары! Сіздерді қаламызда өтетін дәстүрлі қолөнер көрме-жәрмеңкесіне шақырамыз! Көрмеге Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан, Өзбекстан және Ресей елдерінен келген 150-ден астам қолөнер шеберлері қатысып, өз өнерлерін көрсетеді. «Алтын алма» көрмесінде жарқын да ерекше заттарды тамашалап көрумен қатар, қолөнердің қай түріне икеміңіз бар екенін байқап, өзіңіз үшін жаңа хобби таба аласыз. Байқаудың өтетін мерзімі мен орны: 2017 жылдың 30 қыркүйегі мен 1 қазаны аралығы, Алматы қаласы, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік орталық музейі, «Бақыт» сәндік-қолданбалы өнер орталығы және «Алтын алма» атты Орта Азиялық дәстүрлі қолөнер көрмесі.


  1. мәтін

Құрметті оқушылар! Егер сіз сазбен жұмыс үйірмесінің мүшесі болсаңыз, сіздің шығармашылық қабілетіңізді шыңдаймыз! Сазбен жұмыс үйірмесі әр оқушының жеке шығармашылығын дамытуға зор үлесін қосады! Үш жылдан бері жұмыс жасап келе жатқан үйірменің шәкірттері өз шеберліктерін түрлі байқауларда көрсетіп келеді. Сазбен әртүрлі заттарды қолдан жасауға дайынсыз ба? Ендене сазбен жұмыс үйірмесіне қатысыңыз!

Қапы қалмаңыз! Үйірмеге қатысатын болсаңыз хабарласыңыз!

Үйірме жетекшісі: Кендебайұлы Шынболат. Байланыс телефоны: +7(775) 357 25 65 Жоғарыдағы мәтіндерге талдау жасап, кестені толтырыңыз.

1-мәтін

2-мәтін

Стилі







Түрі







Мақсаты







Аудиториясы











Дескриптор Білім алушы

- мәтіндердің стилін анықтайды;


  • мәтіндердің түрін ажыратады;

  • мәтіндердің мақсатын көрсетеді;

  • мәтіндердің аудиториясын табады.

Оқу мақсаты

6.4.4.1 - мәліметтерді жинақтай отырып, тақырып бойынша постер, сызба-кестелер жасау

Бағалау критерийі

Білім алушы

  • Тақырыпқа сай мәліметтерді жинақтайды, постер әзірлейді

Ойлау дағдыларының деңгейі

Қолдану

Тапсырма

Мәтінді түсініп оқыңыз. Мәтіндегі мәліметтерді жинақтап, негізгі ойды қорытындылаңыз.


Менің саяхатымды жүрген жерлерімнің сипатына қарай 2 кезеңге бөлуге болады: Бірінші - менің Жоңғарияға, яғни Жетісу мен Іле сыртындағы өлкеге және Ыстықкөлге баруым. Бұл жерлердің физикалық сипаты Сібір штабының түсіріп алған жақсы карталары бойынша да әбден мәлім болатын. Ал ғылыми жағынан оларды Шренк, Влангали, Семенов, Голубев мырзалар зерттеген. Бірақ олар бұл мәліметтерінде тек физика-география мәселелерін ғана қамтып, этнография мәселесін мүлдем қозғамаған. Мен Жоңғарияда бірінші рет 1856 жылы болдым. Онда полковник Коментовский бастаған алғашқы Ыстықкөл экспедициясына қатыстым. Содан соң Құлжада 3 ай тұрдым. Сөйтіп Жоңғарияда барлығы 5 ай болдым. Бұл өлкені Алакөлден Тянь-Шаньға дейін түгел аралап шықтым.

Жоңғария Алатауының бөктерінде терең із бар. Мұны қазақтардың айтуынша, құландарды қыру үшін Жәнібек хан қаздырған екен. Ханның жас баласы атқа отыруды үйреніп жүрген кезінде оның атын құландар өз үйіріне ілестіріп әкетіп, бала қаза тауыпты. Содан кейін хан Тарбағатайдан Ілеге дейін ор қаздырып, Жоңғарияның барлық құланын соған құлатып өлтіріпті. Одан тек бір ұрғашы, бір еркек құлан ғана аман құтылып, Балқаштан әрі өтіп, өзінің ұрпақтарына: «Бұл жаққа енді жоламаңдар!» деп өсиет қалдырыпты-мыс деседі.


Мәтіндегі мәліметтерді пайдаланып, «Жоңғарияға саяхат» тақырыбында сызба-кесте дайындаңыз.

Дескриптор

Білім алушы

  • мәтіндегі мәліметтерді жинақтайды;

  • негізгі ойды қорытындылайды;

  • тақырыпқа қатысты сызба-кесте дайындайды;

  • мәтіндегі мәліметтерді пайдаланады;

  • сызба-кестенің талаптарын ескереді.

Оқу мақсаты 6.5.1.7 - себеп-салдарлық қатынасты білдіретін жалғаулықтардың қызметін білу, ауызша және жазба жұмыстарда орынды қолдану
Бағалау критерийі Білім алушы



Ойлау дағдыларының деңгейі


Қолдану



Тапсырма


Берілген себеп-салдар жалғаулықтарымен сөйлемдер құрастырыңыз.




Сөйлем бөліктерін сәйкестендіріңіз.

    1. Төртінші мамырда Астанаға барамын,

    2. Театрдың жанындағы дүкенге бардым,

    3. Жолаушыны ұшаққа отырғызбады,

А себебі үйдің жанындағы дүкен жабық екен.

Ә өйткені оның құжаты дұрыс болмады.

Б сондықтан билет сатып алдым.


Берілген сурет бойынша себеп-салдарлық құрмалас сөйлемге мысалдар келтіріңіз. Демалысты жақсы өткізу үшін нақты жоспар құрыңыз: қайда, не үшін барасыз, кіммен барасыз, ол үшін өзіңізбен бірге не нәрсе аласыз?



(сондықтан, сол себепті, өйткені, себебі, неге десеңіз)







Дескриптор Білім алушы

- себеп-салдар жалғаулықтарымен сөйлемдер құрастырады;



- себеп-салдарлық құрмалас сөйлемдерді сәйкестендіреді;

  • сурет бойынша себеп-салдарлық сөйлемдер құрастырады;

  • сұрақтарға жауап береді;

  • жалғаулықтарды дұрыс қолданады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет