Қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырмалар жинағы Қазақ тілі мен әдебиеті



бет2/20
Дата11.03.2020
өлшемі2,72 Mb.
#59886
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20
Байланысты:
Қалып баға 6 сынып

Бағалау критерийі




Ойлау дағдыларының деңгейі

Білім алушы

    • Негізгі ойды тірек сөздер, жетекші сұрақтар, мәтін тақырыбы арқылы анықтайды

Қолдану




Тапсырма


Берілген эпизод үзіндісі бойынша сұрақтарға өз сөзіңізбен жауап беріп, мәтіндегі негізгі ойды анықтаңыз.
Бала Абай көп ішінен, ең алдымен өзінің шешесін көріп, соған қарай жүре беріп еді, шешесі анадай жерде тұрып:

  • Әй, шырағым, балам! Арғы жағыңда әкең тұр... сәлем бер! - деді.

Абай жалт қарап еді, әкесін көрді. Алыстау жерде, қонақ үйдің сыртында, қасында екі- үш үлкен кісі бар - әкесі Құнанбай тұр екен. Ыңғайсыздықпен қысылып қалған бала, шешесінің сондайлық салқын сабырының мәнін ұқты да, әкесіне қарай тез бұрылды.

... Әкесі азғантай уақыт Абайға қарап алып:



  • Балам, бойың өсіп, ер жетіп қалыпсың-ау! Молда болдың ба? Бойыңдай боп білімің де өсті ме? - деді.




Сұрақ

Жауап

Негізгі ой

Абай алдымен кімге амандасты?







Құнанбай Абайдан не туралы сұрады?




Бұл эпизодтан қандай құндылықты аңғарасыздар?





Дескриптор Білім алушы

    • мәтін мазмұнына қатысты берілген 3 сұраққа жауап береді;

    • мәтіннің идеясын 1 сөйлеммен түсіндіреді.

Оқу мақсаты




6.2.2.1- тақырып бойынша диалогті бастау, жалғастыру,

аяқтаудың ұлттық сөз әдебі мен сөйлеу этикеті формаларын білу



Бағалау критерийі




Білім алушы

Ойлау дағдыларының деңгейі

Қолдану

Тапсырма

Берілген тақырыптардың бірін таңдаңыз. Бір-біріңізбен тақырып бойынша жұпта диалог құрыңыз.


Диалог тақырыптары

  1. Отан отбасынан басталады

  2. Отбасындағы тойланатын мейрамдар

  3. Отбасындағы міндеттер

  4. Отбасы құндылықтары

Дескриптор

Білім алушы




Оқу мақсаты

6.4.4.1 - мәліметтерді жинақтай отырып, тақырып

бойынша постер, сызба-кестелер жасау



Бағалау критерийі

Білім алушы

  • Тақырыпқа сай мәліметтерді жинақтайды, постер әзірлейді

Ойлау дағдыларының деңгейі

Қолдану

Тапсырма

Жұпта таңдаған тақырыптарыңыз негізінде ақпараттарды жинақтап, постер жасаңыз. Постер дайындауда берілген талаптарды ескеріңіз:



  • постердің мазмұндылығы;

  • постердің тақырыпты ашуы;

  • көркем безендіру;

  • креативтілік. Ұсынылатын тақырыптар

Отбасылық мерекелер Отбасылық демалыс



Өнерлі отбасы Отбасылық құндылықтар



Дескриптор

Білім алушы

  • отбасы туралы ақпараттарды қолданады;

  • тақырып туралы постерді көркем безендіреді;

  • ерекше идеялар ұсынады.

Оқу мақсаты 6.5.1.1 - мәтіндерден деректі және дерексіз зат, көптік мәнді есімдерді ажырата білу, жазбаша, ауызша жұмыстарда қолдану
Бағалау критерийі Білім алушы

      • Жазбаша, ауызша жұмыста деректі және дерексіз зат, көптік мәнді есімдерді қолданады





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет