Ойлау дағдыларының деңгейі
Қолдану
Тапсырма
Мәтінді мұқият оқыңыз. Мәтіндегі зат есімдерді мағынасына қарай төмендегі кестеге топтап жазыңыз.
Дәстүрлі қазақ отбасында ата-баба тәрбиесі ерекше. Қазақ отбасында ата-әжені, әке- шешені ерекше құрметтеген. Олардың тікелей үрім-бұтақтары ата-аналарын қартайғанда қамқорлыққа алуға міндетті. Қазақстан Республикасының Конституциясында ата-аналар мен олардан тараған балалардың құқықтық қарым-қатынастары заң түрінде бекітіліп, өркениетті жолдармен қорғалады. Ата-ана балаларының тәлім-тәрбиесіне қаншалықты жауапты болса, балалар да кейін әке-шешелері қартайғанда оларға қамқорлық жасауға міндетті.
Қазақ отбасында әкенің орны ерекше. Әке – отбасының тірегі. Ананың орны да ерекше. Әке де, балалар да ананы сыйлайды, құрметтейді.
Әке мен шеше ақылдасып, үйленген ұлдарына енші бөледі. Тұрмысқа шыққан қыздарына жасау береді.
Берілген суреттердің бірін таңдап, ауызша мәтін құрыңыз. Мәтінге ат қойыңыз. Ауызша мәтін мазмұнында деректі және дерексіз зат есімдерді қолданыңыз.
Дескриптор Білім алушы
мәтіннен 4 деректі, 4 дерексіз зат есімдерді анықтайды;
таңдаған сурет бойынша ауызша мәтін құрастырады;
мәтінге ат қояды;
-мәтінді ауызша әңгімелеуде деректі, дерексіз зат есімдерді қолданады.
Оқу мақсаты
|
|
6.ТБ1.1- мәтіндерден деректі және дерексіз зат,
көптік мәнді есімдерді ажырата білу, жазбаша, ауызша жұмыстарда қолдану
|
Бағалау критерийі
|
|
Білім алушы
Жазбаша, ауызша жұмыста деректі және дерексіз зат, көптік мәнді есімдерді қолданады
|
Ойлау дағдыларының деңгейі
|
Қолдану
|
Тапсырма
Берілген көптік мәнді есімдерді пайдаланып, мәтін құрастырыңыз. Мәтінге ат қойыңыз. Көптік мәнді есімдер: жанұя, отбасы бақыты, ақыл, өмір, шындық, әдет, тәрбие, ақыл мен ой, ата-ана
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Дескриптор
|
Білім алушы
|
|
-көптік мәнді есімдерді қатыстырып, жазбаша мәтін құрастырады;
-мәтін мазмұнына сай ат қояды.
|
Оқу мақсаты 6.4.1.1 - мәтіндердің стильдік ерекшелігін сақтай отырып, мінездеме жазу
Бағалау критерийі Білім алушы
Мінездеме жазудың талаптарын сақтайды
|