Қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырмалар жинағы Қазақ тілі мен әдебиеті



бет5/20
Дата11.03.2020
өлшемі2,72 Mb.
#59886
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20
Байланысты:
Қалып баға 6 сынып

Дескриптор Білім алушы

  • мәтін мазмұны бойынша суреттерді сәйкестендіреді;

  • мәтіндегі 2 негізгі ақпаратты анықтайды;

  • мәтіндегі 2 қосымша ақпаратты анықтайды.

Оқу мақсаты




6.3.2.1 - ресми стильдегі мәтіндердің стильдік

ерекшелігін анықтау (күнделік)



Бағалау критерийі




Білім алушы

  • Ресми стильдегі ақпараттардың ерекшелігін анықтайды

Ойлау дағдыларының деңгейі

Қолдану

Тапсырма

Мәтінді түсініп оқып, күнделіктің жанрлық ерекшелігіне талдау жасаңыз.


20 тамыз

Қалаға көшіп келгелі бір апта болды. Ауылдың тып-тыныш тіршілігіне үйреніп қалған маған қаланың шулы өміріне үйрену қиындау болатын сияқты. Бүгін анаммен киім алуға базарға бардым. Автобуспен 1 сағатқа жуық уақыт жүріп барғанша ішім пысып, зерігіп кеттім. Қаланың адамдары бәріне үлгеру үшін асығып жүретін сияқты көрінді. Биік ғимараттар мен ерсілі-қарсылы жүріп жатқан көліктерден басым айналды.


4 қыргүйек

Бүгін – дүйсенбі. Жаңа мектебім өзіме өте қатты ұнайды. Іші хан сарайындай кең әрі жап-жарық! Оқу бөлмелері соңғы технологиялармен жабдықталған. Тіпті зертханалар да бар! Түрлі үйірмелер де жұмыс істейді. Спорт залы қандай керемет! Айтпақшы, бұл мектептің ашылу салтанатына Президент Нұрсұлтан Назарбаев атамыз қатысыпты.


10 қыргүйек

Сыныбымызбен қаладағы С.Сейфуллин атындағы театрдың қойылымына бардық. Жаңа үлгідегі театрдың ішіне кіргенде, ауызым ашылып қалды. Төбедегі аспашамдарының үлкендігі соншалық, үстіме құлап кететіндей көрінді. Едені жалт-жұлт етіп, тайғанап құлап қалатындай, құрбымның қолынан қысып алдым. Қойылым біткенше, қозғалмастан отырдым. Актерлердің ойнау шеберлігі мен сахнаның безендірілуінен ерекше әсер алдым. Келесі жолы отбасыммен келу керек екен.

Күнделіктің

жанрлық ерекшеліктері



Дескриптор

Білім алушы




  • күнделік жанрына тән 4 ерекшелікті анықтайды;

  • анықталған ерекшеліктерді кластерге толтырады.




Оқу мақсаты




6.4.1.1 - мәтіндердің стильдік ерекшелігін сақтай

отырып, күнделік жазу



Бағалау критерийі




Білім алушы

  • Күнделік жазудың талаптарын сақтайды

Ойлау дағдыларының деңгейі

Қолдану

Тапсырма

Сіз отбасыңызбен қалада тұрасыз. Жазғы демалыс кезінде атаңыз бен әжеңіздің ауылына бардыңыз. Ауылда көрген қызықтарыңыз бен атқарған жұмыстарыңыз туралы 3 күніңізді сипаттап, күнделік жазыңыз.



Дескриптор

Білім алушы




  • күнделікте ауылдағы 3 күні туралы жазады;

  • күнделіктің 1-2 күнінде ауылда өткізген қызықты оқиғасы туралы жазады;

  • күнделіктің 3-күнінде ата-әжесіне жасаған көмегі туралы жазады.

Оқу мақсаты

6.3.4.1 - мәтіндердің тақырыбына, мазмұндық

құрылымына сүйене отырып, түрлерін салыстыру



Бағалау критерийі

Білім алушы

  • Екі мәтіннің стилін, жанрын, тақырыбын, мазмұнын салыстырады

Ойлау дағдыларының деңгейі

Қолдану

Тапсырма

Мәтіндерді оқыңыз. Екі мәтіннің стилін, жанрын, тақырыбын, мазмұнын салыстырыңыз.


1-мәтін

20 тамыз

Қалаға көшіп келгелі бір апта болды. Ауылдың тып-тыныш тіршілігіне үйреніп қалған маған қаланың шулы өміріне үйрену қиындау болатын сияқты. Бүгін анаммен киім алуға базарға бардым. Автобуспен 1 сағатқа жуық уақыт жүріп барғанша ішім пысып, зерігіп кеттім. Қаланың адамдары бәріне үлгеру үшін асығып жүретін сияқты көрінді. Биік ғимараттар мен ерсілі-қарсылы жүріп жатқан көліктерден басым айналды.


4 қыргүйек

Бүгін – дүйсенбі. Жаңа мектебім өзіме өте қатты ұнайды. Іші хан сарайындай кең әрі жап-жарық! Оқу бөлмелері соңғы технологиялармен жабдықталған. Тіпті зертханалар да бар! Түрлі үйірмелер де жұмыс істейді. Спорт залы қандай керемет! Айтпақшы, бұл мектептің ашылу салтанатына Президент Нұрсұлтан Назарбаев атамыз қатысыпты.


10 қыргүйек

Сыныбымызбен қаладағы С.Сейфуллин атындағы театрдың қойылымына бардық. Жаңа үлгідегі театрдың ішіне кіргенде, ауызым ашылып қалды. Төбедегі аспашамдарының үлкендігі соншалық, үстіме құлап кететіндей көрінді. Едені жалт-жұлт етіп, тайғанап құлап қалатындай, құрбымның қолынан қысып алдым. Қойылым біткенше, қозғалмастан отырдым. Актерлердің ойнау шеберлігі мен сахнаның безендірілуінен ерекше әсер алдым. Келесі жолы отбасыммен келу керек екен.


2-мәтін

Біздің ауыл тамаша!

Көз тоймайды қараса...

Ағып жатыр өзені,

Жағасына өскен көп қамыстар аласа. Әйтеке би атамыздың,

Есімімен аталған. Қаздай болып тізіліп, Әдемі үйлер салынған. Мешіт те бар ауылда, Саябақ бар тағы да,

Өзге ауылға бара қалсам,

Тез қайтамын ауылымды сағына.





Дескриптор Білім алушы

  • мәтіндердің стилін анықтайды;

  • мәтіндердің жанрын анықтайды;

- мәтіндерге тақырып қояды;

  • мәтіндердің мазмұнын 3 сөйлеммен береді.

Оқу мақсаты 6.4.5.1 - жазба жұмыстарында сөзге қосымша жалғауда үндестік заңын ескеріп, орфографиялық нормаға сай дұрыс жазу
Бағалау критерийі Білім алушы

    • Жазбаша мәтінді орфографиялық нормаға сай жазады

    • Қосымша жалғауда үндестік заңын ескереді





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет