Жидебай қорығы



Дата20.03.2020
өлшемі0,66 Mb.
#60560
Байланысты:
Презентация1 турии
Токтамысова ҚМЖ, Токтамысова ҚМЖ

Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министрлігі

Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті

Тақырыбы:Шығыс Қазақстан облысындағы негізгі туристік орталықтар

Дайындаған:Социал Д.Ә.

Тексерген:Шұлғаубаев Е.Қ.

Тобы:Г1-701



Жидебай қорығы-тарихи-мәдени және әдеби мемориалдық,экологиялық аймақ.Мемлекет қамқорлығына алынған.Семей облысы,Абай ауданы жерінде орналасқан. Семей қаласынан 180 км, Қарауылдан 25 км қашықтықта орналасқан. 1945 жылы ұлы ақынның туғанына 100 жыл толуы қарсаңында арнаулы мемлекеттік комиссия шешімімен Жидебайдағы Абай қыстауы Абайдың Жидебайдағы мұражай-үйіне айналды. Мұражайдың бес бөлмесі мен ұш залына орналастырған заттар ұлы ақынның жақын-туыстарынан, достары мен замандастарынан алынған. Үйдің кұрылымы,сыртқы пішіні Абай заманындағы көрініскелбетін сақтаған. Ұзын дәліздің сол жағындағы бірінші есіктен ас үйге кіреді. Ол - терезесі шығысқа қараған кең бөлме. Оң жақ босағада асадал мен күміс,мыс жалатылып сүйектен жасалған кішкене кебеже.1885жылы Абай осы екі бұйымды Семейдің өлкетану мұражайына өз қолымен өткізген. Көп заттардың ішінен кабырғадағы түскиіз ерекше көз тартады.Қазіргі таңда ақынның мұражай-үйі жұмыс істейді.Жидебай Еуразия материгінің орталығы,нақ ортасы болып есептелінеді.

Сүйектен жасалған төсек



Курчатов қаласы.Қалада Қазақстанның Ұлттық Ядролық орталығы орналасқан.Қала атауы,осында ұзақ уақыт тәжірбиелік іс-сапарда болған физик-Игорь Курчатовтың құрметіне қойылған.Ядролық сынақ бақыланатын жабдық үлгілері,жарылыс іздері алған материалдар полигон мұражайында сақталған. Орталық қызметінің негізгі бағыттары: Қазақстан аумағында ядролық қару сынағы зардабын жою;

Қазақстанда атом энергетикасын дамыту мақсатында ғылыми-техникалық, технология және кадрлық негіз жасау; бұрынғы әскери-өнеркәсіптік Семей сынақ полигонын конверсиялау және оның ғылыми-техникалық әлеуетін бейбіт мақсатқа пайдалану; дүние жүзіндегі әлі жұмыс істеп тұрған полигондардағы ядролық қару сынағына бақылау жасау. 



Қозы көрпеш–Баян сұлу мазары – 10 – 11 ғасырларда тұрғызылған сәулет өнері ескерткіші.  Шығыс Қазақстан облысы Аягөз ауданы Таңсық ауылына таяу,Аягөз өзенінің оң жағалауында орналасқан. Мазар табаны төрт бұрышты таған түрінде (сырт жағынан ауданы7,10 метр, ішкі жағынан 3,38 метр), жоғары қарай сүйірленіп, күмбезделіп өрілген, биіктігі 11,65 метр Еденінен күмбезіне дейінгі биіктігі-4,35 метр Қабырғасы гранит қалақ тастан сабан аралас балшықпен қаланған, қалыңдығы 1,86 метр Кірер есігі шығысқа қаратылған. Қозы көрпеш – Баян сұлу мазарының жанында төрт тас мүсін болған

Андреев кафедралық шіркеуі-Православие ғибадатханасы.Өскемен епархиясының кафежралық шіркеуі болып табылады.Екі мың адамға арналған.Орыс Православие сәулетінің үздік дәстүрімен салынған:бес күмбезді,кіреберісінде қоңырау мұнарасы бар.Шіркеу Өскемен қаласында Қасиетті Троицкі ерлер ғибадатханасы аймағында орналасқан.

Мұзтау-Алтай тауларының ең биік нүктесі (4509 м), әлемдегі ең ірі шыңның бірі. Ол халық арасында қасиетті саналған. Биік сеңгірлер, тік жартасты рельефтер, мұздықтар – бәрі үндесіп, тауға ерекше асқақ келбет береді. Мұзтауға жыл сайын әлемнің түкпір-түкпірінен көптеген альпинистер келіп шыңды бағындырады.

Алакөл-малта тастар мен қиыршық құмнан тұратын әлемдегі бірегей жағажай. Алакөлдің шипалық қасиеті көптеген тері ауруларын, сондай-ақ, қимыл-тірек қозғалысына, жүйке-жүйені емдеуге жағымды әсерін тигізеді.Балқаш-Алакөл қазаншұңқырының шығысында, Алматы және Шығыс Қазақстан облыстары шекарасының қиылысында және Балқаш-Алакөл жазығында орналасқан ағынсыз тұзды көл. ХІІ және ХІХ ғасырлар арасында оның бірнеше атауы болған: Түрге - Нұр (моңғол тілінен аударғанда «көпір-көл»), Алақтакөл,Алатеңіз, Алақта. Көлге 15 өзен құяды, олардың ішінде негізгілері-Үржарғ Қатынсу, Емелқұйса, Ырғайты, Жаманаткөл, Тасты. Алакөл - өте келбетті, табиғи рельефі сұлу қазаншұқырға жатады..

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет