Қазақ тілі 6-сынып І тоқсан 1- бөлім І тоқсан бойынша жиынтық бағалауға арналған тапсырмалар Бөлім: «Ұлттық және отбасылық құндылықтар. Фонетика»
«Әлемнің жеті кереметі. Лексикография»
Оқу мақсаты: 6.1.5.1 -тыңдалған мәтін мазмұны бойынша жалпы және нақты сұрақтарға жауап беру, мәтіндегі ақпаратты шынайы өмірмен
байланыстыру
ӘТН. 6.4.1.1 - тақырып бойынша жеке сөздер, бірге, бөлек және дефис арқылы жазылатын сөздерді орфографиялық нормаға сай жазу.
Бағалау критерийі: -тыңдалған мәтін мазмұны бойынша сұраққа жауап береді;
-ақпаратты шынайы өмірмен байланыстырады;
-тақырып бойынша жеке сөздер, бірге, бөлек және дефис арқылы жазылатын сөздердіорфографиялық нормаға сай жазады.
Ойлау дағдыларыңың деңгейі:Қолдану
Орындау уақыты: 20 минут
Тапсырма. А. Мәтіндерді мұқият оқыңыз. мәтін
Келіннің тапқырлығы Ертеректе бір қарияның балаларының аты Қамысбай Қасқырбай Қойбай Қубай Субай Қайрақбай Пышақбай Баубай Балтабай екен. Балтабайы үйге келін түсіріп, сол жаңа түскен жас келінді сынамақ болған атасы өзеннің ар жағынан сасқалақтағансып жүгіріп келіп:
«-Келін- ау, келін, судың ар жағында, қамыстың бер жағында қойды қасқыр жеп жатыр. Тез ауылға бар да, хабар бер. Балтабай пышақ қайрап әкеліп, қойды адал бауыздап алсын. Мен қасқырды қуып кеттім. Шүу!», - депті. Мұнысы - «қысылтаяң шақта келінім көргенсіздік танытып, өзінің қайын аға, қайын атасының атын атап қояр ма екен?» деген ойы ғой. Сөйтсе, келіншек не істепті десеңші, шапшаң төбеге жүгіріп шығып, күйеуіне: «Шапқы-ау шапқы шапшаң кел. Сарқыраманың ар жағында сылдыраманың бер жағында маңыраманы ұлыма жеп жатыр. Атам: «жаныманы білемеге жанып әкелсін» дейді. Өзі ұлыманы қуып кетті», -депті. Сілтемесі: asyldin.kz › article › view 2-мәтін
Қайта оралды қазағыма бүгін дәстүрлері.
Көптен күткен халқымыздың асыл арманы еді.
Берекелі қазақ жері - ел мерекелі
Дәстүрлерін жоғалтпаған қазағымның бұл ежелгі.
Шілдехана бесік той
Тұсау кесер сүндет той
Ай, шіркін-ай!
Құда түсіп сырға салу
Беташарым-ай.
Алтыбақан аясында сұлу бойжеткен,
Қыз-бозбала кең даланы
Әнімен елтіп тербеткен.
Ер жігітке жарасады озып шыққан бәйгеден,
Қыз балаға жарасады алқа, шашбау, сәукеле.
Жоғалмасын дәстүріміз ұмытылмасын,
Ата-баба көзіндей қылып сақтайық қазақ дәстүрін Сілтемесі: sazalem.com › track › altynbek-tashimbetov-kazagymnyn-dasturleri-ai 1. Тыңдалған мәтін мазмұны бойынша сұрақтарға жауап беріп, ақпаратты шынайы өмірмен байланыстырыңыз, өз жұбыңызбен талқылаңыз. 1. Жас келін атасының сынына қандай тапқырлық танытты?
2. Өлеңдегі дәстүрдің қандай түрі халық арасында жиі кездеседі?
2.Екі мәтінді қайталап тыңдаңыз. Жеке сөздер, бірге, бөлек және дефис арқылы жазылатын сөздерді сәйкестендіріңіз.
3.Мәтін бойынша жеке сөздер, бірге, бөлек және дефис арқылы жазылатын сөздерді орфографиялық нормаға сай жазыңыз.------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------