Сабақтыңтақырыбы Біздің өміріміздегі музыка. Музыка және әдебиет



Дата17.02.2017
өлшемі294,98 Kb.
#9545
түріСабақ

САБАҚ: Қазақ тілі

Мектеп: Атырау ХББ НЗМ

Күні:11-16.01.2016

Мұғалімнің аты-жөні: Текеева Ж.Т.


Сынып: 7 Т2

Қатысқан оқушылар саны:

Қатыспағандар:

Сабақтыңтақырыбы

Біздің өміріміздегі музыка.

Музыка және әдебиет



Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары

А5. Сенімді және еркін жауап беру

Ж3. Көркемдегіш құралдарды қолданып жазу



Сабақтың мақсаттары

7.А5. Коммуникативтік жағдаят бойынша диалогке қатысушылар өзара түсінісіп, ойларын толықтырып отыру.

7.Ж3. Жазба жұмыстарында теңеу, эпитет сөздерін қолданып жазу.



Жетістік критерийлері

диалогке қатысушылар бірін-бірі түсіне алады;

ойларын толықтырады.

көркемдегіш құралдарды тиімді қолдана алады.




Тілдік мақсаттар

Жырау, сал-сері, әуен,

Осыған дейін меңгерілген білім

Музыка біздің өмірімізде немесе ән-ғасырлар үні

Жоспар

Жоспар-ланатын уақыт

Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер

Дереккөздер

Ұйымдас-тыру

5 минут


  • Ұйымдастыру


Слайд бойынша қысқаша мәтін құрғызу;

Барлығымызға ортақ қандай сөздер (сөз тіркесі әлде сөйлем) болды?

Тақырыпты болжату


  • Оқу мақсаттары мен ЖК таныстыру.




Сабақтың ортасы

ЖЖ

Интервью әдісі (дизайн мышления әдісі бойынша)

А және Б оқушылар

Тақырып бойынша бір-біріне 2 минут ішінде сұрақ қояды

(сіз қай әншіні жақсы көресіз?

Не себепті дәл сол әнші?



Концерттеріне барып көрдіңіз бе? т.с.с.)

1-сұхбаттан кейінгі рефлексия.

Саған не қызық болды?

Неге таң қалдың?



2-сұхбат

1-сұхбатта қойған сұрақтарыңызды нақтылай түсіңіз

Екі сұхбаттан не ұққаныңызды қорытындылаңыз. Жұптасыңыздың мұқтаждығын анықтаңыз. Екі сұхбаттан рефлексия жасаңыз. Сұхбат алған адамның қажеттіліктері бойынша тізім жасаңыз. Сізді не таң қалдырды?

Сіздің жұптасыңыздың қалауы

_____________________________________ , _(адамның аты) _______________________________________(қандай адам?)

_________________________________________________________________________________________________________________________

(нені ұнатады?)

_________________________________________________________________________________________________________________________

Теориылықтүсінік (барлықсыныпқаміндеттіемес, деңгейіжоғарысыныптардыбірденмысалкелтіру, теңеулер мен эпитеттержарысынұйымдастыруғаболады)

- Оқушылар эпитет жәнетеңеудегеніміз?

(оқушыларөзтүсініктеріндәптерлерінежазады)

Түпнұсқаментаныстыру, түзету.

Мысалдаржарысы

Жұптағыоқушыларкезкелгенқұбылыстытеңейді не кезкелгенқұбылыстыайқындап, эпитеткемысалкелтіреді.

Жетелеушісөздер: … күз, … ана, қыз …, … әке,

ЖЖ.

Жұлдыздыңтүйіндемесі

Әржұпөздеріортақбіртанымаләншініңтүйіндемесіндайындайды.

Жетістіккритерийі:


  1. Құрамында 2 теңеужәне 2 эпитет болуыкерек

  2. Таныстырумерзімі 3 минут

  3. Қазақэстрадасындағыәншіболуышарт

«Меніңсүйіктіәншім» тақырыбына эссе 100 сөз




Сабақтың соңы

Рефлексия

5 минут


Кері байланыс

Бүгінгі сабақ бойынша 3 ең

ЕҢ...

ЕҢ...


ЕҢ...




Қосымша ақпарат

Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз?

Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз?

Пәнаралық байланыс

Қауіпсіздік ережелері

АКТ-мен байланыс
Құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент)


Дифференциацияны берілетін тапсырма, күтілетін нәтиже, қолдау көрсету, бөлінетін уақыт, қолданылатын дереккөздер арқылы жүзеге асыруға болады.

Дифференциация сабақтың кез келген бөлімінде қолданылады.

Бұл бөлімді оқушылардың сабақ барысында алған білімдерін бағалау үшін қолданылатын әдіс-тәсілдеріңізді жазу үшін пайдаланыңыз.

Сабақ жоспарын құру үшін сізге өзге пән мұғалімдерінің көмегі керек пе?

Берілген тапсырмалардың қайсыбірі оқушылардың қауіпсіздігіне немесе денсаулығына қауіп төндіре ме?

Оқушылар сабақ барысында өздерінің АКТ дағдыларын дамыта ала ма?

Осы сабақ барысында НЗМ құндылықтарын дамытуға қандай мүмкіндік бар?

Ойлану

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асырымды болды ма?

Бүгін оқушылар нені үйренді? Сыныптағы оқу атмосферасы қандай болды? Дифференциацияны жүзеге асыру қолымнан келді ме? Мен жоспарланғануақытымды ұстандым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?


Төменде берілген бөлімді осы сабақ туралы ойларыңызды жазу үшін пайдаланыңыз. Сол жақ бағанда берілген сабағыңызға қатысты ең маңызды сұрақтарға жауап беріңіз.




1-топқа


Ерте заманда қыз ұзату, келін түсіру тойлары, рулар мен тайпа басыларының жиындары әдетте ән салу, күй тарту сияқты салтанатты жағдайда басталатын. Қазақтардың жазға қарай жайлауға, кысқа қарай қыстауға көшетін кездері де осындай ойын-сауық салтанатымен өтетін. Ән салу, күй тарту қазақ даласындағы жәрмеңкелердің де сәнін кіргізетін. Әртүрлі еңбек үрдістері мен тұрмыстық салт-сана жоралары да ән мен күйге ұласатын. Сондай-ақ бесік жырлары мен балаларға арналған әндер де кеңінен таралған дәстүрлі әдет-ғұрып болатын.

XIX—XX ғасырлардың бас кезіндегі қазақтардың поэзиясы халықтың ежелден қалыптасқан мәдениетімен, дәстүрлерімен және әдет-ғұрыптарымен тығыз байланысты болды. XVIII ғасырдың аяғынан бастап қазақ әдебиетінде бұрынғы әншілік-жыршылық дәстүр біртіндеп ығыстырылып, оның орнын жеке поэтикалық шығармашылық ала бастады. Егер бұрын батырлардың ерлік істерін мақтау басым болып келсе, XIX ғасырдан бастап күнделікті тұрмыс-тіршілік туралы әндете бастады.Ақындар өмір жайлы ойларын жазаға кірісті.

Қазақтың музыка өнерін дамытуға Махамбет ӨтемісұлыҚұрманғазы СағырбайұлыДәулеткерей Шығайұлы,Тәттімбет ҚазанғапұлыБіржан сал ҚожағұлұлыЖаяу Мұса БайжанұлыАқжігіт (Ақан сері) Қорамсаұлы сияқты тағы басқа да көптеген ақындар мен өнерпаздар үлкен үлес қосты.
2-топқа

Ұлы ақын, ағартушы Абай музыкалық саласында да айта қалғандай мұра қалдырды. Өзінің асыл өлеңдерін, қара сөздерін қағазға түсіріп, кейінгі ұрпаққа жазып қалдырса, музыкалық жөнінде оның мұндай мүмкіншілігі болмады. Өйткені, Абай өмір сүрген көзеңде қазақта музыканың жазба мәдениеті жоқ еді, халықтық музыка ауыз дәстүрлік қалыпта еді. Сондықтан Абай әндері де қазақтың басқа халықтық ән-күйлері сияқты, ауыздан-ауызға, заманнан заманға ауыса отырып жетті. Музыка саласында жазба мәдениеттің болмауына қарамастан, Абай әндерінің бізге толық жеткен себебі - олардың халықтың жүрегінде сақталуға сапасы сай келетін шығармалар болғандығында, халық санасынан өшпес орын алғандығында. Абай әндерінің өзгешелігі - мелодиялық, ырғақтық жақтарындағы жаңалықтарында, идеялық мазмұнының ашықтығында. Бұл өзгешелік алғашқы көзде тыңдағандардың бәріне бірдей тұсінікті бола қоймады, болмақшы да емес еді. Мәдениеттің дамуына кедергі болатын феодалдық жағдайда кейбіреулер үшін ол әндердің жаңа тілдері қазақтың халықтық ән дәстүрінен шығып кеткендік болып көрінуі де мүмкін еді. Бірақ жаңа, прогресшіл мәдениет күрескері болған Абай өз бетінен қайтқан жоқ. Сейтіп, Абай әндері алғашқыда оның өз айналасына - ауыл- аймағына, кейін жалпы қазақарасына тарай бастады. Абай әндері халықтық негізден нәр алғандықтан, халық әндерімен тамырласып жатқандықтан, нотаның жоқ кезінде-ақ, ауыздан ауызға көше отырып, қалың бұқараның игілігіне айналды. Бұған бұрын-соңды халықтың музыкалық салтында болмаған жаңа өткір тілмен өлең тексіне құрылуы да себеп болды.

3-топқа


Салт айтысы

Салт айтысы екіге бөлінеді: қыз бен жігіт айтысы, ақындар айтысы. Қыз бен жігіт айтысы. Қыз бен жігіт айтысы көбіне ойын-тойда айтылады. Ойын-тойдың бір бөлімі болып кіруі оның салт өлеңі екендігін айқындайды. Әдетте, қыз бен жігіттің айтысы ақынды талғамайды, ақындығы жоқ жігіттер де, қыздар да үйреншік, жаттамалы өлеңдермен айтыса беруі мүмкін. Бірақ кейде ақын жігіт пен ақын қыздың не әдейі кездесіп, не кездейсоқ ұшырасып айтысатыны да болады. Қыз бен жігіттің айтысы – салт айтысының жоғары сатысы деп есептелетін ақындар айтысының даярлығы, соның бастамасы секілді. Қандай ірі ақын болмасын, ер жетіп, ел намысын қорғау тәрізді күрделі майданға түсу үшін, алдымен ауыл арасындағы той-топырларда айтысу тәжірибесінен өтеді. Сол айтыстарға түсіп ысылады. Сауық құрған жастар қыздарды мақтап, не жамандап немесе оның айттырып қойған жігітін жамандап, қыз бен жігіттің өз айналасымен болады. Мұндай айтыстардың мазмұны тартымды, күлкіге негізделген, тілі де, тартысатын мәселесі де жеңіл, шағын келеді. Көбінесе ұтқырлыққа, сөз тапқырлыққа құрылады. "Омарқұл мен Тәбияның" айтысын алсақ, қыз бен жігіт айтысының әлгі айтылған тақырыптарының бірін қозғайды. Бірін-бірі сүйген екі жастың өздерінің көңіл күйін сөз етеді.


1-мәтін бойынша үлгі

  1. Қазақ музыкасын бастаған кімдер деп ойлайсың?

1-жұптың жауабы:

2-жұптың жауабы:



3........
1-жұптың жауабы:

2-жұптың жауабы:



  1. ......



1-жұптың жауабы:

2-жұптың жауабы:


4.......

1-жұптың жауабы:

2-жұптың жауабы:





2-мәтін бойынша үлгі

1.Сіз Абай Құнанбаевтың музыкаға қатысы бар екенін білесіз бе??

1-жұптың жауабы:

2-жұптың жауабы:



3........
1-жұптың жауабы:

2-жұптың жауабы:



2.......

1-жұптың жауабы:

2-жұптың жауабы:


4.......

1-жұптың жауабы:

2-жұптың жауабы:




3-мәтін бойынша үлгі

1.Айтыс қандай өнер деп ойлайсыздар?

1-жұптың жауабы:

2-жұптың жауабы:



3........
1-жұптың жауабы:

2-жұптың жауабы:



2.......

1-жұптың жауабы:

2-жұптың жауабы:


4.......

1-жұптың жауабы:

2-жұптың жауабы:





  • Өлең шығарушыны кім деп атаймыз?




  • Ақын



  • «Көзімнің қарасы» әнінің авторы кім?






  • Айтыскер ақындар кімдер?




  • Жамбыл Жабаев, Сүйінбай Аронұлы, Ринат Зайтов



  • Музыкаға қобыз аспабын әкелген кім?




  • Қорқыт ата.



  • Қазақ ежелден кімдерді ерекше құрметтеген?




  • Ақындарды, сал-серілерді


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет