Қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырмалар жинағы Қазақстан тарихы 8-сынып Құрметті мұғалім!



бет1/2
Дата02.10.2019
өлшемі336,82 Kb.
#49123
  1   2
Байланысты:
14-osh fo azastan-tarihy 8-syn az



Қалыптастырушы бағалауға

арналған тапсырмалар жинағы
Қазақстан тарихы
8-сынып

Құрметті мұғалім!


Аталған тапсырмалар жинағы білім беру мазмұнын жаңарту аясында мұғалімдерге көмек құралы ретінде құрастырылды. Бұл мұғалімдердің ұжымдық жұмысының нәтижесі. Бағалау критерийлері мен дескрипторлары бар тапсырмалар қалыптастырушы бағалауды өткізуге, сабақты жоспарлауға, ұқсас тапсырмаларды құрастыруға және іріктеп алуға, оқу мақсатына жетуге қатысты сындарлы кері байланыс беруге көмектесетін үлгі болып табылады.
Жинақтың ұсынылған сипаты сізге білім алушының қажеттілігі мен мүмкіндігін есепке ала отырып , тапсырмаларға толықтырулар мен өзгерістер енгізуіңізге, бейімдеуіңізге мүмкіндік береді.
Қосымша материалдарды (нұсқаулықтар, таныстырылымдар, жоспарлар және т.б.), форумдағы талқылауларды және бейне нұсқауларды сіз «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ smk.edu.kz ресми сайтынан таба аласыз.
Жемісті жұмыс пен шығармашылық табыс тілейміз!
Жинақ негізгі мектеп мұғалімдеріне, әдіскерлерге, критериалды бағалау бойынша өңірлік және мектеп үйлестірушілеріне, басқа да мүдделі тұлғаларға арналған.
Жинақты дайындау барысында ресурстар (суреттер, мәтіндер, бейне және аудио материалдар, т.б.) қолжетімді ресми интернет-сайттардан алынды. Жинақ коммерциялық емес мақсатта құрастырылған.

2


МАЗМҰНЫ
I тоқсан 4
Бөлім: Қазақ-жоңғар соғыстары 4
Бөлім: Қазақ-жоңғар соғыстары 6
Бөлім: XVIII ғасырдағы Қазақ хандығы 8
II тоқсан 11
Бөлім: XVIII ғасырдағы Қазақстанның мәдениеті 11
Бөлім: Отарлау және ұлт-азаттық күрес 13
III тоқсан 16
Бөлім: Отарлау және ұлт-азаттық күрес 16
Бөлім: Қазақстан Ресей империясының құрамында 17
Бөлім: Қазақстан Ресей империясының құрамында 20
IY тоқсан 22
Бөлім: XIХ-XX ғасырдың басындағы Қазақстанның мәдениеті 22

3


I тоқсан
Бөлім: Қазақ-жоңғар соғыстары
Тақырып Жоңғар басқыншылығына қарсы Отан соғысының

басталуы
Оқу мақсаты 7.2.2.1 Халық ауыз әдебиеті мен музыка өнері

туындыларының тарихи дереккөзі ретінде құндылығын бағалау

Бағалау критерийі Білім алушы


  • Халық ауыз әдебиеті мен музыка өнері

туындыларының тарихи дереккөзі ретінде

құндылығына талдау жасайды

Ойлау дағдыларының Жоғары деңгей дағдылары

деңгейі
Тапсырма
Дерекпен жұмыс. «Елім-ай» әніннің сөзін оқып, төмендегі сұрақтарға жауап беріңіз.

«Елім-ай» - қазақ халқының басына төнген қауіп-қатер, азап-қиыншылықты, босқан елдің мұң-зарын толғайтын тарихи сазды өлең. Кейінгі зерттеулерде оның нақты авторы - Қожаберген жырау Толыбайұлы деп беріледі.

Елім-ай

Қаратаудың басынан көш келеді,

Көшкен сайын бір тайлақ бос келеді,

Елім-ай, Елім-ай.


Ел-жұртынан айрылған жаман екен,

Қара көзден мөлтілдеп жас келеді,

Елім-ай, Елім-ай.
Мына заман қай заман? Бағы заман,

Баяғыдай болсайшы тағы заман,

Елім-ай, Елім-ай.
Атадан ұл, енеден қыз айрылды,

Көздің жасын көлғылып ағызамын,

Елім-ай, Елім-ай.
Мына заман қай заман? Қысқан заман,

Бақыт құсы алаштан ұшқан заман,

Елім-ай, Елім-ай.
Көк аспаннан топырақ, шаң борады,

Күні суық қаңтардан, қыстан жаман,

Елім-ай, Елім-ай
Өлең жолдарынан қандай тарихи оқиға туралы ақпарат алуға болады, қысқаша тоқталыңыз.

______________________________________________________________________________

______________________________________________________________________________

_____________________________________________________________________


4


Осы тарихи кезеңдегі қазақ халқының жағдайын төменде берілген салалар бойынша талдап жазыңыз.





Әлеуметтік




Саяси




Экономикалық




























• _____________




• _____________




• _____________




_____________




_____________




_____________




_____________




_____________




_____________




_____________




_____________




_____________

























Қортынды ой жазыңыз: ________________________________________________


Дескриптор Білім алушы:


  • берілген әндегі тарихи оқиғаны сипаттайды;

  • қазақ халқының әлеуметтік жағдайын талдайды;

  • қазақ халқының саяси жағдайын талдайды;

  • қазақ халқының экономикалық жағдайын талдайды;

  • қорытынды ой жазады.

5


Бөлім: Қазақ-жоңғар соғыстары
Тақырып Біртұтас халық жасағының ұйымдастырылуы
Оқу мақсаты 7.3.1.1 Қарақұм және Ордабасы құрылтайларының

халықты жоңғар басқыншылығына қарсы жұмылдырудағы рөліне баға беру


Бағалау критерийі Білім алушы

• Қарақұм және Ордабасы құрылтайларының халықты

жоңғар басқыншылығына қарсы жұмылдырудағы

рөліне талдау жасайды



Ойлау дағдыларының Жоғары деңгей дағдылары

деңгейі
Тапсырма
Қарақұм және Ордабасы құрылтайларының маңыздылығын анықтаңыз.








Оқиғаның маңыздылығы
















Критерийлер




























Ұпайлар (маңыздылығы

бойынша): 1

2

3 4




5




Нақты сол уақытта оқиға




Маңыздылық

1

2

3

4

5

қаншалықты маңызды болды:




Дәлел:








































Құрылтайлардың нәтижелері:




Маңыздылық

1

2

3

4

5










Дәлел:








































Бүгінгі күндегі маңызы:




Маңыздылық

1

2

3

4

5










Дәлел:








































Дескриптор

Білім алушы:



















  • Қарақұм және Ордабасы құрылтайларының сол уақыттағы маңыздылығын бағалап, дәлел келтіреді;







  • Қарақұм және Ордабасы құрылтайларының бүгінгі күндегі маңызын бағалап, дәлел келтіреді.

6


Бөлім Қазақ-жоңғар соғыстары
Тақырып Қазақ-жоңғар шайқастары
Оқу мақсаты 7.3.2.1 Жоңғар шапқыншылығына қарсы күресте танылған

хандар мен батырлардың рөлін түсіндіру


Бағалау критерийі Білім алушы

• Жоңғар шапқыншылығына қарсы күресте танылған хандар мен батырлардың рөлін сипаттайды


Ойлау Қолдану

дағдыларының
деңгейі
Тапсырма
Сурет бойынша берілген сұрақтарға жауап беріңіз.
Қандай қорытынды шығара аласыз?

Осы оқиғаларға қатысты тарихи тұлғаларды атаңыз



Берілген сурет бойынша не айта аласыз?




Дескриптор Білім алушы:

7


Бөлім: XVIII ғасырдағы Қазақ хандығы
Тақырып XVIII ғасырдың басына дейінгі қазақ-орыс қарым-

қатынастарының тарихы


Оқу мақсаты 7.3.2.2 Қазақ хандығының сыртқы саясатының нәтижелерін

анықтау
Бағалау критерийі Білім алушы

• Қазақ хандығының сыртқы саясатының нәтижелерін
сипаттайды
Ойлау дағдыларының Қолдану

деңгейі
Тапсырма

Әбілқайыр ханның Ресей императорына хат жазуының себептерін ішкі және сыртқы


саяси факторларға жіктеп, орналастырыңыз.


  1. Хандық билікті сайлау тәртібімен емес, мұрагерлік жолымен беруді жүзеге асыру




  1. Саяси қарсыластарын әлсірету

  2. Орыс қарамағындағы башқұрттар мен Еділ қалмақтарының қазақ жеріне шапқыншылығын тоқтату




  1. Ресейдің көмегімен жоңғарлар басып алған жерлер мен қалаларды қайтарып алу

  2. Үш жүздің басын біріктіріп, өзі билігін нығайту

  3. Ресеймен сауда байланысын нығайту




Ішкі саяси жағдайға байланысты

Сыртқы саяси жағдайға байланысты



\

Дескриптор Білім алушы:


  • Әбілқайыр ханның Ресей императорына хат жазуына себеп болған ішкі саяси жағдайларды анықтайды;

  • Әбілқайыр ханның Ресей императорына хат жазуына себеп болған сыртқы саяси жағдайларды анықтайды.

8


Бөлім XVIII ғасырдағы Қазақ хандығы
Тақырып Қазақ хандығының Ресей империясына қосылуының

басталауы


Оқу мақсаты 7.3.2.2 Қазақ хандығының сыртқы саясатының

нәтижелерін анықтау


Бағалау критерийі Білім алушы

• Қазақ хандығының сыртқы саясатының



нәтижелерін сипаттау
Ойлау дағдыларының Қолдану

деңгейі
Тапсырма
Суреттер бойынша төмендегі тапсырмаларды орындаңыз.

Әр суретті жеке-жеке сипаттаңыз:



  • Не көріп отырсыз?

  • Қандай қорытынды жасауға болады?

Суреттерді қолдана отырып қарастырып отырған тарихи кезең бойынша әңгіме құрастырып, қазақ халқының қоғамдық-саяси өмірі қалай өзгеруі мүмкін екенін жазыңыз.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет