Қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырмалар жинағы Физика 7 сынып Құрметті мұғалім!



бет6/7
Дата11.12.2021
өлшемі12,2 Mb.
#79082
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
!22-ОШ ҚБ Физика 7-сын қаз

3-тоқсан

«Қысым» бөлімі





Тақырып «Газдардың, сұйықтардың және қатты денелердің молекулалық құрылымы»


Оқу мақсаттары


7.3.1.1 - заттардың молекулалық құрылысы негізінде газдардың, сұйықтар мен қатты денелердің құрылымын сипаттау







Бағалау критерийі

Білім алушы

  • Заттардың молекулалық құрылысы негізінде газдардың, сұйықтар мен қатты денелердің құрылымын сипаттайды







Ойлау дағдыларының

деңгейлері

Білу және түсіну



Тапсырма 1

Газдарға, сұйық денелерге және қатты денелерге сәйкес келетін қасиеттерді, төмендегі таблицаға толтыр.

1) Көлемін және пішінін сақтайды;

2) Көлемін сақтайды, бірақ пішінін сақтамайды;

3) Өзіне берілген барлық кеңістікті алуға тырысады.


Газдар

Сұйық денелер

Қатты денелер












Дескриптор

Білім алушы

- газдардың қасиеттерін көрсетеді;

- сұйық денелердің қасиеттерін көрсетеді;

- қатты денелердің қасиеттерін көрсетеді.





Тақырып «Қатты денелердегі қысым»


Оқу мақсаттары


7.3.1.2 - қысымның физикалық мағынасын түсіндіру және өзгерту әдістерін сипаттау







Бағалау критерийі

Білім алушы







Ойлау дағдыларының

деңгейлері

Білу және түсіну

Жоғары деңгей дағдылары




Тапсырма 1

Суреттегідей қойылған кірпіштер жерге бірдей қысым түсіреді ме?





Дескриптор


Білім алушы

- қысымның физикалық шамаларға тәуелділігін түсіндіреді.


Т апсырма 2

Суға түсіп кеткен адамды құтқарушы балалардың қайсысының әрекеті дұрыс. Себебін түсіндіріңіз.



Дескриптор

Білім алушы

- қысымның анықтамасын қолданып, қорытынды жасайды.





Тақырып «Қатты денелердегі қысым»


Оқу мақсаттары


7.3.1.3 - есептер шығаруда қатты дененің қысымының формуласын қолдану







Бағалау критерийі

Білім алушы

  • Қатты денелер түсіретін қысымды есептейді







Ойлау дағдыларының

деңгейлері

Қолдану



Тапсырма 1

  1. Вагонның барлық дөңгелектерінің рельстермен жанасу ауданы 0,001 м2. Егер осы вагонның массасы 30 т болатын болса, онда оның жерге түсіретін қысымы қандай?




  1. Асфальт төсейтін каток жерге 400 кПа қысым түсіреді, каток тірегінің ауданы 0,1 м2. Катоктың салмағы неге тең?





Дескриптор

Білім алушы

- қысымның формуласын есеп шығаруда қолданады.





Тақырып «Сұйықтар мен газдардағы қысым, Паскаль заңы»


Оқу мақсаттары


7.3.1.4 - газ қысымын молекулалық құрылым негізінде түсіндіру







Бағалау критерийі

Білім алушы

  • Газ қысымының пайда болуын түсіндіреді




Ойлау дағдыларының

деңгейлері

Білу және түсіну

Жоғары деңгей дағдылары




Тапсырма 1

  1. Екі бірдей жабық ыдыстағы газдың массалары бірдей. Осы ыдыстардың бірі жылы бөлмеде, екіншісі суық бөлмеде тұр. Ыдыстардың қайсысындағы газдың қысымы артық? Неліктен?





  1. Суретте поршеньді цилиндрдің екі түрлі жағдайлары берілген. Екі жағдайдағы поршень астындағы газ қысымы бірдей ме? Жауабыңызды түсіндіріңіз.



Дескриптор

Білім алушы

  • газ қысымының қандай шамаларға тәуелді екенін сипаттайды.



Тақырып «Сұйықтар мен газдардағы қысым, Паскаль заңы»


Оқу мақсаттары


7.3.1.5 - сұйықтардағы гидростатикалық қысымның формуласын шығару және оны есептер шығаруда қолдану







Бағалау критерийі

Білім алушы

  • Гидростатикалық қысымның мәнін анықтайды







Ойлау дағдыларының

деңгейлері

Қолдану



Тапсырма 1

  1. Ө лшемдері суретте көрсетілген аквариумның түбіне судың түсіретін қысымын және судың салмағын анықтаңыз. (су  103 кг/м3)






  1. Ц илиндр тәрізді ыдысқа массасы бірдей сынап және су құйылды. Сұйықтардың екеуінің жалпы деңгейлерінің биіктігі h1 = 2 см, h2 = 27,2 см. Сұйықтардың ыдыс түбіне түсіретін жалпы қысымын анықтаңыз.

(су  103 кг/м3, сын  13,6103 кг/м3)


Дескриптор

Білім алушы

  • сынап пен судың биіктіктерін анықтайды;

  • сынаптың түсіретін қысымын есептейді;

  • судың түсіретін қысымын есептейді;

  • сұйықтардың жалпы түсіретін қысымын анықтайды.






Тақырып «Қатынас ыдыстар»


Оқу мақсаттары


7.3.1.6 - қатынас ыдыстарды қолдануға мысалдар келтіру


Бағалау критерийі

Білім алушы

  • Қатынас ыдыстардың қолданылуын түсіндіреді

Ойлау дағдыларының

деңгейлері

Білу және түсіну

Жоғары деңгей дағдылары









Тапсырма 1

  1. Қатынас ыдыстарға су құйылған. Сол жақтағы ыдысқа аздап су құйсақ қандай өзгеріс болады? Неліктен? Ортадағы ыдысқа су құйсақ ше?





  1. С уретте кескінделген кофе қайнатқыштардың біреуіне екіншісіне қарағанда сұйық көбірек сыяды. Неліктен?


Дескриптор

Білім алушы

  • қатынас ыдыстар үшін орындалатын шартты түсіндіреді;

  • берілген ыдыстардың қолданылуына сипаттама береді.






Тақырып «Гидравликалық машиналар»


Оқу мақсаттары


7.3.1.7 - гидравликалық машиналардың жұмыс істеу принципін сипаттау







Бағалау критерийі

Білім алушы

  • Гидравликалық машиналардың жұмысын сипаттайды







Ойлау дағдыларының

деңгейлері

Жоғары деңгей дағдылары



Тапсырма 1
Суретте берілген гидравликалық престің жұмыс жасау принципін түсіндіріңіз. Гидравликалық престің жұмыс жасауы қандай заңға негізделген?



Дескриптор


Білім алушы



  • гидравликалық престің құрылысын сипаттайды;

  • гидравликалық престің жұмыс істеу принципін түсіндіреді.



Тақырып «Гидравликалық машиналар»


Оқу мақсаттары


7.3.1.8 - гидравликалық машиналарды қолдану кезіндегі күштен ұтысты есептеу

Бағалау критерийі

Білім алушы

  • Гидравликалық машиналардың қолданылу мақсатын анықтайды




Ойлау дағдыларының

деңгейлері

Қолдану



Тапсырма 1
Гидравликалық машинада престелетін денеге қандай күш әсер етеді?


Дескриптор

Білім алушы

  • гидравликалық машинада күштен алынатын ұтысты есептейді.



Тақырып «Атмосфералық қысым. Атмосфералық қысымды өлшеу»


Оқу мақсаттары


7.3.1.9 - атмосфералық қысымның табиғатын түсіндіру және оны өлшеудің әдістерін ұсыну







Бағалау критерийі

Білім алушы

  • Атмосфералық қысымды анықтауға арналған тәжірибені сипаттайды




Ойлау дағдыларының

деңгейлері

Білу және түсіну

Жоғары деңгей дағдылары





Тапсырма 1

С уретте атмосфералық қысымды зерттеу үшін Б. Паскаль шәкіртінің жасаған тәжірибесінің сұлбасы берілген. Тәжірибе нәтижесін түсіндіріңіз.


Дескриптор


Білім алушы








Тақырып «Манометрлер. Сорғылар»


Оқу мақсаттары


7.3.1.10 - манометр мен сорғылардың жұмыс істеу принципін сипаттау







Бағалау критерийі

Білім алушы

  • Манометр не үшін қолданылатынын түсіндіреді

  • Сорғы қолданылуына сипаттама береді







Ойлау дағдыларының

деңгейлері

Білу және түсіну

Қолдану




Тапсырма 1

Суретте қарапайым сынап барометрі мен сынап манометрі берілген. Манометрде белгілі бір мөлшерде сығылған газ бар.



  1. Барометр мен манометр қолданылуындағы айырмашылықты түсіндіріңіз.

  2. Монометрдегі сығылған газ қысымы неге тең?





вакуум


Дескриптор Білім алушы

  • барометр мен манометрдің қолданылу айырмашылығын түсіндіреді;

  • сығылған газ қысымын анықтайды.



сығылған газ
Тапсырма 2

Суретте берілген сорғы суды сорып шығару үшін максимал тереңдік қандай болу керек? Ол тереңдік мәні неге тәуелді?



Дескриптор


Білім алушы



  • сорғының қолданылуын түсіндіреді;

  • максимал тереңдік мәнін есептейді.



Тақырып «Архимед заңын зерделеу»


Оқу мақсаттары


7.3.1.11 Кері итеруші күшті анықтау және оның сұйыққа батырылған дененің көлеміне тәуелділігін зерттеу







Бағалау критерийі

Білім алушы

  • Кері итеруші күшті анықтайды

  • Кері итеруші күштің сұйыққа батырылған дененің көлеміне тәуелділігін зерттейді







Ойлау дағдыларының

деңгейлері

Қолдану

Жоғары деңгей дағдылары




Тапсырма 1

Су ішінде массасы 100 г денеге әрекет ететін ығыстырушы күшті анықтаңыз.

Құрал-жабдықтар: суы бар ыдыс, массасы әр түрлі жүктер, динамометр, мензурка, жіп.

Жұмыстың барысы:



  1. Мензурка көмегімен жүктің Vд көлемін анықтаңыз.

  2. Дененің өлшенген көлем мен су тығыздығы бойынша дене ығыстыратын су салмағын табыңыз.

  3. Денені жіпке байлап, динамометрге іліңіз және оған әрекет ететін ауырлық күшінің мәнін табыңыз.

  4. Динамометрге ілінген жүкті түгелімен суға батырып, оның су ішіндегі салмағын анықтаңыз және ығыстырушы күштің мәнін есептеңіз.

  5. Ығыстырушы күш ығыстырылған су салмағына тең бе? Тексеріңіз.

  6. Тәжірибені басқа денемен жасаңыз.

  7. Тәжірибе нәтижелерін кестеге жазыңыз.

  8. Бұл тәжірибеде Архимед заңы қандай дәлдікпен орындалатынын бағалаңыз.






Дененің

көлемі, м3



Дене ығыстырған сұйық салмағы, Р, Н

Дененің ауадағы салмағы, Р, Н

Дененің судағы салмағы,

Р1, Н



Ығыстырушы

күш, Fы, Н









































Дескриптор


Білім алушы



  • ығыстырушы күшті анықтайды;

  • ығыстырушы күш пен ығыстырылған су салмағын салыстырады;

  • тәжірибе нәтижелерін кестеге жазады;

  • тәжірибе нәтижелерін бағалайды.







Тақырып «Кері итеруші күш»


Оқу мақсаттары


7.3.1.12 - сұйықтар мен газдардағы кері итеруші күштің табиғатын түсіндіру







Бағалау критерийі

Білім алушы

  • Архимед күшінің неге тәуелді екенін анықтайды

Ойлау дағдыларының

деңгейлері

Білу және түсіну



Тапсырма 1


Құралдар: жүктер жинағы, динамометр, суы бар ыдыс

Берілген құралдарды пайдаланып,

а) көлемдері тең, массалары әртүрлі;

b) массалары тең, көлемдері әртүрлі



Денелерге әсер ететін Архимед күшін анықтауға арналған тәжірибені жоспарлаңыз. Алынған нәтижелерді салыстырып, қорытынды жасаңыз.

Дескриптор

Білім алушы

  • тәжірибе жоспарын құрады;

  • әр жағдай үшін Архимед күшінің мәнін анықтайды;

  • Архимед күшінің қандай шамаларға тәуелді екендігі туралы қорытынды жасайды.






Тақырып «Кері итеруші күш»


Оқу мақсаттары

7.3.1.13 - есептер шығаруда Архимед заңын қолдану







Бағалау критерийі

Білім алушы







Ойлау дағдыларының

деңгейлері

Қолдану





Тапсырма

  1. Көлемі 5 дм3 болатын дене толығымен суға батырылғанда, оған әсер ететін кері итеруші күш 50 Н-ға тең болса, сұйықтың тығыздығы қандай?




  1. Темірден жасалған заттың судағы салмағы, ауадағы салмағыннан 100 Н-ға кем болса, оның ауадағы салмағы қандай болғаны?

,


  1. Көлемі 500 см3 және массасы 800 г динамометрге ілінген жүкті толығымен суға батырса, динамометр нені көрсетер еді?


Дескриптор Білім алушы

  • Архимед заңын есептер шығаруда қолданады;

  • шамалардың өлшем бірлігін ХБЖ-нде жазады.



Тақырып «Дененің сұйықта жүзу шарттарын анықтау»


Оқу мақсаттары


7.3.1.14 - дененің сұйықта жүзу шарттарын зерттеу

Бағалау критерийі

Білім алушы

  • Дененің сұйықта жүзу шарттарын зерттейді







Ойлау дағдыларының

деңгейлері

Жоғары деңгей дағдылары



Тапсырма 1

Жұмыртқа, мұз, спирт, су, тұздың судағы ерітіндісі берілген. Схеманы пайдаланып, сұйықтарды анықтаңыз.






Дескриптор

Білім алушы

  • Денелердің жүзу шартын пайдаланып, әр ыдыстағы сұйықтардың тығыздығын бағалайды.




Тапсырма 2

М
ұхитта жүзіп жүрген айсберг – өте әдемі құбылыс. Алайда, сіз айсбергтің тек 1/10 бөлігін ғана көретінімізді, ал 9/10 бөлігі судың астында болатынын білесіз бе? Ал егер бөрене суда жүзіп жүрсе, онда оның жарты бөлігі суға батады. Неліктен? Жауабыңызды салыстырмалы диаграмма арқылы ұсыныңыз.



Дескриптор


Білім алушы



  • жүзу шартын пайдаланып, қорытынды жасайды;

  • нәтижені диаграмма арқылы ұсынады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет