Тақырыбы: Жер туралы жалпы мағлұматтар
Оқу мақсаты 5.2.4.1 Жерде тіршіліктің пайда болуын сипаттау
Бағалау критерийі Білім алушы
Тіршіліктің пайда болу теорияларын анықтайды
Ойлау дағдыларының Білу және түсіну
деңгейі
Тапсырма
Сұраққа жауап беріңіз:
«Жердегі тіршілік» ұғымы нені білдіреді?
Жердегі тіршіліктің пайда болу теорияларын сипаттаңыз.
Теориялар
|
Сипаттамасы
|
Негізін салушылар
|
|
|
|
Абиогенездік теория
|
|
|
Биогенездік теория
Дескриптор Білім алушы
«Жердегі тіршілік» ұғымын сипаттайды;
Абиогенездік теорияны сипаттайды;
Биогенездік теорияны сипаттайды;
Абиогенездік теорияның негізін салушыны анықтайды;
Биогенездік теорияның негізін салушыны анықтайды.
Тақырыбы: Жер туралы жалпы мағлұматтар
Оқу мақсаты 5.2.4.2 Тіршілік етуге қажетті жағдайларды анықтау
Бағалау критерийлері Білім алушы
Тіршілік ету үшін қажетті жағдайларды
түсіндіреді
Ойлау дағдыларының Қолдану
деңгейі
Тапсырма
Суретте өсімдік жылдың әртүрлі мезгілінде көрсетілген. Өсімдіктің өсуі мен дамуын және тіршілік етуі үшін қажетті жағдайларды сипаттаңыз.
Жаз Күз Қыс
Дескриптор Білім алушы
әр түрлі мезгілдегі жағдайларды сипаттайды;
өсімдіктің мезгілдер ауысуына байланысты өзгерістерді сипаттайды;
өсімдік тіршілігі үшін қажетті жағдайларға тұжырым жасайды.
Тақырыбы: Жер бетін бейнелеу тәсілдері
Тақырыбы Жер бетін бейнелеу тәсілдері
Оқу мақсаты 5.2.5.1 «План» және «шартты белгілер» ұғымдарын
түсіндіру
Бағалау критерийлері Білім алушы
«План» және «шартты белгілер» ұғымдарын атайды
Ойлау дағдыларының Қолдану
деңгейі
Тапсырма
a) Сұрақтарға жауап беріңіз: Шартты белгілер
План дегеніміз не?
Шартты белгілер нені білдіреді?
Берілген мәтіндегі бөлінген сөздердің орнына шартты белгілерді қойыңыз:
Мектепке ( ) баратын жалғыз аяқ жол қылқан жапырақты орманның ( )
арасымен өтеді. Қылқан жапырақты орман
жартылай кесілген жалпақ жапырақты орманмен ( ) жалғасқан. Орманнан шыққан соң жол жиегінде құдық ( ) орналасқан. Мектептің жанында бау-бақша ( ) бар.
Дескриптор Білім алушы
«план» ұғымын түсіндіреді;
«шартты белгі» ұғымын түсіндіреді;
мектептің шартты белгісін көрсетеді;
қылқан жапырақ орманының арасынан өтетін жалғыз аяқ жолының шартты белгісін көрсетеді;
жартылай кесілген жалпақ жапырақты орманның шартты белгісін көрсетеді;
құдықтың шартты белгісін көрсетеді;
бау-бақшаның шартты белгісін көрсетеді.
Достарыңызбен бөлісу: |