Қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырмалар жинағы Жаратылыстану 5-сынып Құрметті мұғалім!


Тақырыбы: Жер бетін бейнелеу тәсілдері



бет7/18
Дата29.10.2022
өлшемі1,73 Mb.
#155597
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   18
Байланысты:
fo zharatylystanu 5-kl kaz

Тақырыбы: Жер бетін бейнелеу тәсілдері


Оқу мақсаты 5.2.5.4 Рәсімдеу талаптарына сай жергілікті жердің
қарапайым пландарын сызу


Бағалау критерийлері Білім алушы
 Жергілікті жердің планын сызады


Ойлау дағдыларының Қолдану


деңгейі


Тапсырма
Сынып топқа бөлінеді. Әр топ алдын ала белгіленген орындарына тұрып,

жергілікті жерде төмендегі жұмыстарды жасайды:



  1. Планшетті бағдарлайды (көкжиек бағыттарын анықтау).

  2. Өзі тұрған жерін белгілейді.




  1. Бағытты аныктайды. Тұсбағарды пайдалана отырып, солтүстік бағытты анықтап планшетке түсіреді, көзге көрінетін нысандарға бағыт сызықтарын жүргізу нәтижесінде азимутты пайдалануға тура келеді.



Азимут дегеніміз - солтүстік бағыт пен белгілі бір нысанға бағытталған 0° пен 360° аралығындағы бұрыш.



  1. Планшетке нысаналау сызғышын койып, сызғыштың жоғары қырын өздерінің планында бейнелейтін жергілікті заттарға қаратып бағыттайды да, планшеттегі әрбір нысанға нысаналау сызығын бағдарлайды, белгілі өлшеу әдістерінің бірімен өлшеу жұмыстарын жүргізеді.




  1. Ең алыстағы нысанды (ағаш, үй, көл, т. б.) планшетте көрсетілетіндей етіп масштаб алу керек. Өлшенген кашықтықты масштабты пайдалана отырып түсіреді.




  1. Нысандарды шартты белгімен белгілейді, түрлі -түсті қарындашпен бояйды.

Осы ретпен окушылар өздерінің таңдап алган әдістері бойынша жергілікті жердің карапайым планын түсіреді.




Дескриптор Білім алушы



  • оқушылардың жүріп өткен жолдарын түсіреді;

  • азимутты белгілейді;




  • жергілікті жердің планындағы объектілерді шартты белгілермен көрсетеді.

21




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   18




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет