Қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырмалар жинағы Көркем еңбек 1-сынып Құрметті мұғалім!



бет1/18
Дата12.04.2020
өлшемі1,28 Mb.
#62318
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18
Байланысты:
ҚБ Бірінші класс



Қалыптастырушы бағалауға арналған
тапсырмалар жинағы
Көркем еңбек
1-сынып

Құрметті мұғалім!


Аталған тапсырмалар жинағы білім беру мазмұнын жаңарту аясында мұғалімдерге көмек құралы ретінде құрастырылды. Бұл мұғалімдердің ұжымдық жұмысының нәтижесі. Бағалау критерийлері мен дескрипторлары бар тапсырмалар қалыптастырушы бағалауды өткізуге, сабақты жоспарлауға, ұқсас тапсырмаларды құрастыруға және іріктеп алуға, оқу мақсатына жетуге қатысты сындарлы кері байланыс беруге көмектесетін үлгі болып табылады.
Жинақтың ұсынылған сипаты сізге білім алушының қажеттілігі мен мүмкіндігін есепке ала отырып, тапсырмаларға толықтырулар мен өзгерістер енгізуіңізге, бейімдеуіңізге мүмкіндік береді.
Қосымша материалдарды (нұсқаулықтар, таныстырылымдар, жоспарлар және т.б.), форумдағы талқылауларды және бейне нұсқауларды сіз «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ smk.edu.kz ресми сайтынан таба аласыз.
Жемісті жұмыс пен шығармашылық табыс тілейміз!
Жинақ бастауыш мектеп мұғалімдеріне, әдіскерлерге, критериалды бағалау бойынша өңірлік және мектеп үйлестірушілеріне, басқа да мүдделі тұлғаларға арналған.

Жинақты дайындау барысында ресурстар (суреттер, мәтіндер, бейне және аудио материалдар, т.б.) қолжетімді ресми интернет-сайттардан алынды. Жинақ коммерциялық емес мақсатта құрастырылған.


2


Мазмұны
1-тоқсан 4
Ортақ тақырып «Өзім туралы» 4
Ортақ тақырып «Мен және менің мектебім» 8
2-тоқсан 12
Ортақ тақырып «Менің отбасым және достарым» 12
Ортақ тақырып «Қоршаған әлем» 17
3-тоқсан 25
Ортақ тақырып «Саяхат» 25
Ортақ тақырып «Салт-дәстүр және ауыз әдебиеті» 30
4-тоқсан 35
Ортақ тақырып «Тағам және сусын» 35
Ортақ тақырып «Дені саудың - жаны сау» 41

3


1-тоқсан
Ортақ тақырып «Өзім туралы»
Бөлім Шығармашылық идеяны зерттеу және дамыту
Бөлімше 1.1 Қоршаған ортаны білу және түсіну
Оқу мақсаты 1.1.1.1 Қоршаған ортамен танысу барысында нысандар

мен құбылыстардың визуалды сипаттамасын (түс, пішін, өлшем, фактура) анықтау


Бағалау критерийі Білім алушы
• Қоршаған ортадағы таныс бейнелер мен

пішіндерді ажыратады


Ойлау дағдыларының Қолдану

деңгейі
Тапсырма


  1. Суреттерге мұқият қара. Олар неге ұқсайды? Қандай материалдардан жасалған? Қандай түстер қолданылған?

Жұпта талқыла.




  • Әр суретті сипаттап айт.


Дескриптор Білім алушы


    • суреттегі бейнелерді атайды;

    • қолданылған материалдарды анықтайды;

    • түстерді ажыратады;

    • суреттерді сипаттайды.




  1. Суреттердегі бұлттарға мұқият қара. Бұлттардың пішіндері қандай заттарға ұқсайды? Бұлттарды сол заттарға ұқсатып сал және боя.



4


Дескриптор Білім алушы


  • суретті толықтырып салады;

  • бейнені пішіні мен түсіне келтіреді.



Бөлім Шығармашылық идеяны зерттеу және дамыту
Бөлімше 1.3 Шығармашылық идеяларды дамыту
Оқу мақсаты 1.1.3.1 Шығармашылық идеялары мен сезімдерін (көңіл-

күйі, мінезі) өнердің суреттеу құралдармен көрсету


Бағалау критерийі Білім алушы
• Өз идеясын нақты материалдар мен техникалар

арқылы көрсетеді


Ойлау дағдыларының Қолдану

деңгейі
Тапсырма
Суреттерге мұқият қара. Жұмыстың орындалу техникасына назар аудар.




  • Осы техниканың негізінде өз идеяңды қолданып, саусақтарыңмен кез келген суретті сал.


Ол үшін:


  1. Қажетті материалдарды (ақ қағаз, бояу, су құйылған ыдыс және майлық қағаздар) дайындап ал.

  2. Салатын суретіңді көз алдыңа елестет.

  3. Саусағыңды бояуға батыра отырып, суреттің нобайын сал.

  4. Суреттің қажетті бөліктерін сызықтармен толықтыр.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет