Дескриптор Білім алушы
суреттердің арасынан нақты бейнені анықтайды;
суретті түсіне келтіріп бояйды;
жұпта айтады.
Бөлім Шығармашылық жұмсты жасау және дайындау
Бөлімше 2.1 Қоршаған ортаны бейнелеу
Оқу мақсаты 1.2.1.1 Қоршаған ортадағы белгілі бір визуалды элементтерді
қарапайым тәсілдермен бейнелеу
Бағалау критерийі Білім алушы
• Шығармашылық идеяларын көрсету үшін қоршаған
ортаның элементтерін пайдаланады
Ойлау дағдыларының Қолдану
деңгейі
Тапсырма
Суреттерге мұқият қара. Суреттерде қандай табиғат құбылыстары бейнеленген?
Қандай түстер қолданылған?
Қандай материалдар пайдаланылған?
Қандай техникада орындалған?
Ауа райын бейнелейтін шығармашылық жұмыс жаса.
Дескриптор Білім алушы
суретте бейнеленген табиғат құбылыстарын (түсін, техникасын, материалдарын) сипаттайды;
өз жұмысында бейнелер мен пішіндердің, түстердің үйлесімділігін сақтайды.
Суреттегі жұмыстың орындалу кезеңдеріне мұқият қара. Сол бойынша жіппен сурет салып көр.
Ескерту: кез келген түсті пайдалануға болады.
Ол үшін:
Жіпті ыдыстағы езілген бояуға салып, боя.
Жіпті екіге бүктелген қағаздың бір бөлігіне иректеп орналастыр.
Жіптің бір шеті міндетті түрде қағаздың астынан шығып тұруы қажет.
Қағаздың екінші бөлігін жауып, үстінен кітаппен бастыр.
Бір қолыңмен кітаптың үстінен қаттырақ басып тұрып, жіпті астыңғы жағынан суырып тартып ал.
Нәтижесінде қандай сурет шыққанын әңгімеле.
Дескриптор Білім алушы
жұмысты кезеңдер бойынша дұрыс орындайды;
өз жұмысын сипаттайды.
Бөлім Шығармашылық жұмысты жасау және дайындау
Бөлімше 2.2 Шығармашылық жұмысты орындау материалдары мен
техникалары
Оқу мақсаты 1.2.2.1 Қарапайым әдістер мен тәсілдерді пайдаланып,
материалдарды (табиғи және жасанды) және құралдарды қолдану, эксперимент жүргізу
Бағалау критерийі Білім алушы
• Қарапайым құралдар мен материалдарды
қолданып, эксперимент жүргізеді
Ойлау дағдыларының Қолдану
деңгейі
Тапсырма
Суреттерге мұқият қара. Бұл жұмыстар қалай жасалған? Қандай материалдар қолданылған? Жұпта талқыла.
Жұптаса отырып табиғи материалдардан ұқсас композиция құрастырып көр.
Ол үшін:
Әртүрлі табиғи материалдар дайындап ал.
Таңдалған материалдар негізінде болашақ жұмысыңның эскизін сал.
Таңдап алған материалыңмен «үлкенінен кішіге» немесе «ұсақтан іріге» тәсілдері арқылы композиция құрастыр.
Жұмысыңды сыныптастарыңа таныстыр.
Достарыңызбен бөлісу: |