Қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырмалар жинағы Көркем еңбек 1-сынып Құрметті мұғалім!



бет12/18
Дата12.04.2020
өлшемі1,28 Mb.
#62318
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   18
Байланысты:
ҚБ Бірінші класс


Дескриптор Білім алушы


  • әртүрлі құралдармен жұмыс істеуге қатысты қауіпсіздік ережесін құрастырады;

  • қауіпсіздік ережесін түсіндіреді.

23


Бөлім Презентация, талдау және бағалау
Бөлімше 3.3 Шығармашылық жұмысты талқылау және бағалау
Оқу мақсаты 1.3.3.1 Шығармашылық жұмысын түсіндіру
Бағалау критерийі Білім алушы
• Өз жұмыстарын таныстырады және сипаттайды
Ойлау дағдыларының Қолдану

деңгейі
Тапсырма


  1. Өз жұмысыңды төмендегі жоспар бойынша таныстыр.

Жоспар:


    1. Жұмысыңды қалай атағаныңды айт.

    2. Қандай материалдар қолдандың?

    3. Қандай техникада орындадың?

    4. Жұмыс барысында қандай қиыншылықтар болды?

    5. Не ұнады? Нені жақсарту керек деп ойлайсың?


Дескриптор Білім алушы


    • өз жұмысының атауын таныстырады;

    • қолданылған материалдарды атайды;

    • орындау техникасын түсіндіреді;

    • кездескен қиыншылықтар мен ұнайтын тұстарын айтады;

    • өз жұмысын бағалайды.




  1. Өз жұмысыңды таныстыру тәсілін ойлап тап. Оның жоспарын құрастыр. Құрастырған жоспарың бойынша жұмысыңды таныстыр.




Дескриптор Білім алушы


  • жұмысын таныстырудың тәсілін құрастырып, жоспарлайды;

  • құрастырған жоспарымен жұмысын таныстырып, көрсетеді.

24


3-тоқсан
Ортақ тақырып «Саяхат»
Бөлім Шығармашылық идеяны зерттеу және дамыту
Бөлімше 1.2 Өнер, мәдениет және дәстүрлерді білу және түсіну
Оқу мақсаты 1.1.2.2 Қазақ халқының қолданбалы өнерінің негізгі

элементтерін (ою-өрнектері, түстер, материалдар)



анықтау
Бағалау критерийі Білім алушы
Ою-өрнекті қолданады
Ойлау дағдыларының Қолдану

деңгейі

Тапсырма
Қазақ халқының ұлттық киімдерін ата. Оларға түрлі ою-өрнектер салып, түрлі-түсті қарындаштармен боя.



Дескриптор Білім алушы

25


Бөлім Шығармашылық жұмсты жасау және дайындау
Бөлімше 2.2 Материалдар және өнердегі жұмыс техникалары
Оқу мақсаты 1.2.2.1 Қарапайым әдістер мен тәсілдерді пайдаланып,

материалдарды (табиғи және жасанды) және құралдарды қолдану, эксперимент жүргізу


Бағалау критерийі Білім алушы
• Қарапайым құралдар мен материалдарды

қолданып, эксперимент жүргізеді


Ойлау дағдыларының Қолдану

деңгейі
Тапсырма
Шығармашылық жұмыс. Шашырату әдісі арқылы ғарышты бейнеле.

Ол үшін:


  • Қағазға әртүрлі ғарыштық пішіндерді салып, қиып ал.

  • Қиып алынған пішіндерді қара немесе көк түсті қағаздың бетіне жеке-жеке орналастыр.

  • Қағаздың бетіне тіс тазалайтын ысқышпен әр түсті бояу шашырат.

  • Қағаздың бетіндегі жекелеген бөлшектерді алып тастап, орнындағы суретті бояумен толықтыр.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   18




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет