Қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырмалар жинағы Сауат ашу 1-сынып Аталған тапсырмалар жинағы мұғалімге 1-сынып білім алушыларына



бет4/45
Дата21.11.2019
өлшемі10,76 Mb.
#52171
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   45
Байланысты:
ҚБ сауат ашу (1)

Дескриптор: Білім алушы

- берілген тақырыпқа қатысты ой бөліседі; - сурет бойынша сөйлемдер құрастырады; - оқиғаның соңын болжап айтады.



Бөлімше 1.5 «Түрлі жағдаяттарда тілдік нормаларды дұрыс қолдану»

Оқу мақсаты:

1.1.5.1 Түрлі жағдаяттарда этикет сөздерін қолдана білу.

Ойлау дағдыларының деңгейі:

Білу және түсіну Қолдану

Бағалау критерийі:

Білім алушы

  • Сыпайы сөздерді атайды.

  • Түрлі жағдаяттарда сыпайы сөздерді қолданады.

Тапсырма

Берілген өлең шумақтарын мұқият тыңдаңыз. Өлеңдегі сұрақтарға жауап беріңіз.



Не деу керек?

Апаң сенің базардан, Добын апар Назардың, Алма сатып әкелді. Деді ағаң бармадың.


Ең үлкенін, жақсысын, Саған таңдап әперді.

Тапжылмадың, сазардың, Аға тілін алмадың.
Не деп барып жеу керек? Сен қай сөзді айтпадың?

Балалар жүр көшеде, Әжең сенің түскі асқа, Естіледі шу-айқай. Қант-кәмпит салды мол. Сен де шықтың, көршіңді Жұрттан бұрын ыдысқа, Қағып кеттің байқамай. Өз бетіңмен салдың қол. Мұндайда не деу керек? Не дегенің жөн еді?

Осы келген бетіңде, Үй артында қоқысты, Допты қудың жарыстың, Жатқан көптен үйіліп. Көшенің сол шетінде, Тазалайды қарт кісі, Кезікті бір танысың. Белі зорға иіліп.

Ұмыттың сен не деуді? Не дегенің жөн еді?

Дескриптор: Білім алушы

-өленде ұсынылған жағдаятты талқылайды;

- өлеңнің мазмұнына қатысты сыпайы сөздерді атайды.

Бөлімше 1.6 «Тыңдаушының назарын аудару»


Оқу мақсаты:

1.1.6.1. Сөйлеу барысында сипаттау/салыстыру сөздерін, вербалды емес қарым-қатынас құралдарын (ым-ишара, қимыл), дауыс ырғағын, мәнерін, қарқынын, сөз арасындағы кідірісті қолдану.

Ойлау дағдыларының деңгейі:

Қолдану

Бағалау критерийі:

Білім алушы

  • Сөйлеу барысында дауыс ырғағын, мәнерін, қарқынын, сөз арасындағы кідірісті сақтайды.

  • Мәтінің мазмұнын қимылдың, ым-ишараның көмегімен жеткізеді.

  • Сөйлеу барысында сипаттау/салыстыру сөздерін қолданады.

Тапсырма

Диалогті мұқият тыңдаңыз.



  • Сенің атың кім?

  • Менің атым – Марғұлан.

  • Сен неше жастасың?

  • Мен алты жастамын.  Сен ше?

  • ....

Жұптық жұмыс.

Диалогке сүйеніп, досыңызға сұрақ қойыңыз. Сұрақ арқылы



  • досыңыздың анасының аты кім екенін;

  • отбасында неше адам бар екенін;  сүйікті ойыншығы қандай екенін;

  • қандай ойынды ұнататынын анықтаңыз.

Сөйлесудің нәтижесі бойынша досыңызды сыныпқа таныстырыңыз. Таныстыру барысында басқалардың назарын аудару үшін дауыс ырғағын, ым-ишараны қолданыңыз.

Дескриптор: Білім алушы

      • жұбына сұрақ қоя отырып, диалогке қатысады;

      • жинаған ақпараты бойынша досын таныстырады;

      • тыңдаушының назарын аудару үшін дауыс ырғағын, қимылды, ым-ишараны қолданады.

Бөлімше 1.7 «Тыңдалған материал бойынша өз пікірін айту»

Оқу мақсаты: 1.1.7.1. Тыңдалған мәтінге өз көзқарасын жай

сөйлеммен білдіру (ұнайды/ ұнамайды). Ойлау дағдыларының Қолдану деңгейі: Бағалау



Бағалау критерийі: Білім алушы

  • Мәтінге қатысты пікірін айтады.  Өз көзқарасын түсіндіреді. Тапсырма

Мәтінді мұқият тыңдаңыз. Сұрақтарға жауап беріңіз.

Айдар бірінші сыныпта оқиды. Оның Мойнақ деген күшігі бар. Ол күнде Айдарға ілесіп, мектепке барады. Айдар сабақтан шыққанша есіктің алдында күтіп отырады.

Бір күні Айдар Мойнаққа өзінің сөмкесін беріп қойды. Мойнақ сөмкені тістеп алып, Айдарға ілесіп келе жатқан. Кенет жолдың шетінде жатқан сүйекті байқап қалды. Ол сөмкені тастай салып, сүйекке жармасты. Айдар бұған таңдана қарады.


  • Мәтін кім/не не туралы?

  • Мәтіннің қай бөлігінде күлкіңіз келді?

  • Мәтін сізге ұнады ма, ұнамады ма? Неліктен?

Дескриптор: Білім алушы

    • мәтін бойынша қойылған сұрақтарға жауап береді; - мәтінге қатысты көзқарасын айтады; - өз ойын түсіндіреді.

Бөлімше 1.8 «Берілген тақырыпқа әңгіме құрап айту»

Оқу мақсаты: 1.1.8.1 Берілген сюжетті сурет бойынша шағын

әңгіме құрап айту.



Ойлау дағдыларының Қолдану деңгейі:

Бағалау критерийі: Білім алушы

        • Сюжетті суреттерді сипаттайды.

        • Сюжетті суреттерді реті бойынша әңгіме құрастырып айтады.

Тапсырма

Сурет бойынша «Менің күн тәртібім» тақырыбына шағын әңгіме құрастырыңыз.





Дескриптор: Білім алушы

    • өзінің күн тәртібі туралы айтады;

    • сөйлеу барысында өз ойын жүйелі жеткізеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   45




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет