Қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырмалар жинағы Сауат ашу 1-сынып Аталған тапсырмалар жинағы мұғалімге 1-сынып білім алушыларына


Бөлімше 1.9 «Сөздерді, дыбыстарды орфоэпиялық нормаларға сәйкес



бет5/45
Дата21.11.2019
өлшемі10,76 Mb.
#52171
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   45
Байланысты:
ҚБ сауат ашу (1)

Бөлімше 1.9 «Сөздерді, дыбыстарды орфоэпиялық нормаларға сәйкес


дұрыс айту»

Оқу мақсаты:

1.1.9.1 Сөздегі дыбыс түрлерін (дауысты, дауыссыз, жуан және жіңішке дауыстылар) ажырату және дұрыс дыбыстау.

Ойлау дағдыларының деңгейі:

Білу және түсіну Қолдану

Бағалау критерийі:

Тапсырма

Білім алушы

  • Сөздегі дыбыстардың түрлерін (дауысты/дауыссыз, жуан және жіңішке дауыстылар) анықтайды.

  • Дыбыстарды дұрыс айтады.

Суреттегі заттарды атаңыз. Сөзде неше дыбыс бар? Сөздегі дауысты дыбыстарды қызыл түспен, дауыссыз дыбыстарды көк түспен бояңыз және атаңыз.



Дескриптор: Білім алушы

-суреттегі заттарды атайды;

-сөздегі дыбыс санын анықтайды;


  • сөздегі дауысты дыбыстарды анықтайды және сәйкес түспен бояйды;

  • сөздегі дауыссыз дыбыстарды анықтайды және сәйкес түспен бояйды;

  • дыбыстарды дұрыс атайды.

Бөлімше 1.9 «Сөздерді, дыбыстарды орфоэпиялық нормаларға сәйкес


дұрыс айту»

Оқу мақсаты:

1.1.9.2 Дыбыстардың мағына ажыратушылық қызметін түсіну.

Ойлау дағдыларының деңгейі:

Білу және түсіну Қолдану

Бағалау критерийі:

Тапсырма

Білім алушы

  • Сөздегі өзгерген дыбыстарды атайды.

  • Дыбыстың сөз мағынасын өзгертуге қатыстылығын түсіндіреді.

Берілген сөз жұптарын мұқият тыңдаңыз. Не байқадыңыз? Өзгерген дыбыстарды атаңыз. Сөздердің мағынасын түсіндіріңіз.

МАЛ - ТАЛ НАР – ШАР - ҚАР

АРА - ОРА ТӨЛ - КӨЛ - ШӨЛ ТАҢ - ШАҢ САБАҚ -ТАБАҚ - ҚАБАҚ

 Өзіңіз мысал келтіріп айтыңыз.



Дескриптор: Білім алушы:

- сөздегі өзгерген дыбыстарды атайды; - сөздердің мағынасын түсіндіреді; - өздігінен мысал келтіреді.


Бөлімше 1.9 «Сөздерді, дыбыстарды орфоэпиялық нормаларға сәйкес


дұрыс айту»

Оқу мақсаты: 1.1. 9.3 Сөздің буыннан тұратынын түсіну және сөздегі буын санын анықтау.

Ойлау дағдыларының Білу және түсіну

деңгейі: Қолдану

Бағалау критерийі: Білім алушы

  • Сөзді буынға бөледі және сызбамен көрсетеді.

  • Сөздегі буын санын анықтайды.

Тапсырма

Заттардың атауларын буынға бөліп айтыңыз. Сөзде неше буын бар? Сызбамен көрсетіңіз.







Дескриптор: Білім алушы

- заттың атауын буынға бөліп айтады; - буынды сызбамен көрсетеді; - сөздегі буын санын айтады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   45




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет