дұрыс айту»
Оқу мақсаты:
|
1.1.9.1 Сөздегі дыбыс түрлерін (дауысты, дауыссыз, жуан және жіңішке дауыстылар) ажырату және дұрыс дыбыстау.
|
Ойлау дағдыларының деңгейі:
|
Білу және түсіну Қолдану
|
Бағалау критерийі:
Тапсырма
|
Білім алушы
Сөздегі дыбыстардың түрлерін (дауысты/дауыссыз, жуан және жіңішке дауыстылар) анықтайды.
Дыбыстарды дұрыс айтады.
|
Суреттегі заттарды атаңыз. Сөзде неше дыбыс бар? Сөздегі дауысты дыбыстарды қызыл түспен, дауыссыз дыбыстарды көк түспен бояңыз және атаңыз.
Дескриптор: Білім алушы
-суреттегі заттарды атайды;
-сөздегі дыбыс санын анықтайды;
сөздегі дауысты дыбыстарды анықтайды және сәйкес түспен бояйды;
сөздегі дауыссыз дыбыстарды анықтайды және сәйкес түспен бояйды;
дыбыстарды дұрыс атайды.
Бөлімше 1.9 «Сөздерді, дыбыстарды орфоэпиялық нормаларға сәйкес
дұрыс айту»
Оқу мақсаты:
|
1.1.9.2 Дыбыстардың мағына ажыратушылық қызметін түсіну.
|
Ойлау дағдыларының деңгейі:
|
Білу және түсіну Қолдану
|
Бағалау критерийі:
Тапсырма
|
Білім алушы
Сөздегі өзгерген дыбыстарды атайды.
Дыбыстың сөз мағынасын өзгертуге қатыстылығын түсіндіреді.
|
Берілген сөз жұптарын мұқият тыңдаңыз. Не байқадыңыз? Өзгерген дыбыстарды атаңыз. Сөздердің мағынасын түсіндіріңіз.
МАЛ - ТАЛ НАР – ШАР - ҚАР
АРА - ОРА ТӨЛ - КӨЛ - ШӨЛ ТАҢ - ШАҢ САБАҚ -ТАБАҚ - ҚАБАҚ
Өзіңіз мысал келтіріп айтыңыз.
Дескриптор: Білім алушы:
- сөздегі өзгерген дыбыстарды атайды; - сөздердің мағынасын түсіндіреді; - өздігінен мысал келтіреді.
Бөлімше 1.9 «Сөздерді, дыбыстарды орфоэпиялық нормаларға сәйкес
дұрыс айту»
Оқу мақсаты: 1.1. 9.3 Сөздің буыннан тұратынын түсіну және сөздегі буын санын анықтау.
Ойлау дағдыларының Білу және түсіну
деңгейі: Қолдану
Бағалау критерийі: Білім алушы
Сөзді буынға бөледі және сызбамен көрсетеді.
Сөздегі буын санын анықтайды.
Тапсырма
Заттардың атауларын буынға бөліп айтыңыз. Сөзде неше буын бар? Сызбамен көрсетіңіз.
Дескриптор: Білім алушы
- заттың атауын буынға бөліп айтады; - буынды сызбамен көрсетеді; - сөздегі буын санын айтады.
Достарыңызбен бөлісу: |