Қалжанова Күлмайра Хамитовна



Дата13.08.2017
өлшемі58,41 Kb.
#23498

Проект авторы

Аты-жөні

Қалжанова Күлмайра Хамитовна

Аумақ

Қазақстан

Мектеп орналасқан

елді-мекен



Ақтөбе облысы

Мектептің аты:

51 гимназия

Проекттің мазмұны

Проект тақырыбы: Жануарлар

Проекттің атауы:

Проекттің қысқаша мазмұны

Оқушыларға жануарлардың сан алуандығымен және олардың қандай топтарға бөлінетіндігі,жануарлардың мекен ортасына бейімділігі,жануарлар әлемін қорғаудың қаншалықты қажет екендігі жөнінде түсінік беру.

Пәндер:

Дүниетану

Кластар:

3
 

Проект ұзақтығы

1 сабақ

Проект негізі

Білім беру стандарттары:


Білу керек:
Проект жүргізу барысында оқушылар жануарлардың көптүрлілігі және олардың қандай топтарға бөлінетіндігі,жануарлардың мекен ортасына бейімділігі және жануарлардыңтабиғатқа,адамға пайдасы, Қызыл Кітапқа енген жануарлар түрлерін.

Жасай білу керек:

Жеке және топпен жұмыс жасауын жоспарлай, проект барысында жоспарды түзете білу керек

Жұмыс барысында үлкен жауапкершілікті сезіну керек.

 


Дидактикалық мақсаты/ Күтілетін нәтиже

Проект аяқталғаннан кейін оқушылар:

  • жануарлардың адам өміріндегі маңызы мен орнын түсіндіре алады;

  • жұмысты жеке және топпен жоспарлап, бағалай алады;

  • алған білімдерін бағалай алады;

  • алған мәліметтерді талдай алады;

  • жазбаша, ауызша, желілік байланысты қолдана алады;

  • жұмыс барысында үлкен жауапкершілікті сезінеді.

 

 


Проектке бағытталған сұрақтар

Негізгі сұрақ

Жануарлардың адам өміріндегі пайдасы қандай?


Проблемалық

сұрақ

Неліктен жануарларға қыста азық табу қиынға соғады?

Неліктен кейбір жануарлар Қызыл Кітапқа енгізеді?





Оқу сұрақтары

  • Жануарлар тірі табиғатқа жата ма, әлде өлі табиғатқа жата ма?

  • Жер бетінде жануарлардың қанша түрі бар?

  • Жануарлар қандай топтарға бөлінеді?

Омыртқасыз жануарларға қандай жануарлар жатады?

  • Омыртқалы жануарларға қандай жануарлар жатады?

  • Өсімдік қоректі жануарларды ата.

  • Жәндікқоректі жануарларды ата.

  • Жыртқыш жануарларды ата.

  • Бунақденелілерге нелер жатады?




Бағалау жоспары

Бағалау графигі

Жоба жұмысына дейін

Оқушылар проектімен жұмыс жасайды және тапсырмаларды орындайды


Жоба жұмысынан кейін

1.Кіріспе – Оқушылар өздері білетін жануарлар атауларын жазады.


2.Ассоцация Табиғат

3. Бағалау критерийлериялар дайындау

1.Аңыз-әңгімелер. Оқушылар мұғалімдерден, кітапханалардан мәліметтер жинайды.

2. Семантикалық карта.

Оқушылар сабақта жануарлар түрлері бойынша картаны толтырады.



3. Талдау.

Жиналған материалдар бойынша талдау жасалынады 




1.Конференция

2.Бағалау критерийлерінің

парағы.

топ жұмысы



3.Мультимедиялық бөлім.

(проект материалдарының презентациясы)



Бағалау әдісінің сипаттамасы

Кіріспе – Оқушылар жануарлар туралы толық мағлұмат жазады. Ассоциация әдісі арқылы жануарлар- тірі табиғаттың бөлігі екенін анықтайды.
Семантикалық карта- жануарлар түрлерін анықтау.

Конференцияжүргізілген жұмысты класта қорытындылау.

Эссе- оқушылардың ой толғауын талқылау



Бағалау критерийлерінің парағы - топ жұмысын бағалау

Мультимедиялық бөлім -проект материалдарының презентациясы.

 


Проект туралы

Жалпы жануарлардың пайдасы туралы, жануалардың тіршілігі, олардың азайып кетуінен хабардар ету. Жануарлардың адам өміріндегі маңызы мен орнын анықтау.






Оқыту этаптары
Дайындық.

Оқушылар жануарларға анықтама береді, оның түрлерін анықтайды, Қызыл Кітапқа енген жануарлар туралы мәлімет жинайды.



Негізгі бөлім.

1.Оқушылар мұғалімдерден, кітапханалардан, мәліметтер жинайды.

2.Оқушылар сабақтан тыс уақытта интернет-қорларды пайдаланады..

3.Жиналған материалдар бойынша талдау жасалынады 

 

Қорытынды бөлімі.



Конференцияға мектеп мұғалімдері, ата-аналар, оқушылар қатынасады. Жобаны қорғау мультимедиялық презентация түрінде көрсетіледі.
 


Дифференциалдық оқыту материалдар

Оқу материалдарын игермеген оқушы

Тапсырманы нақтылап беру, көмек көрсету, проектімен жұмыс нәтижесі жұмыс көлеміне, мазмұнына, оқушының даму деңгейіне сәйкес келу керек.







Дарынды оқушы

Дифференциалдық оқытуға сәйкес оқушыларға деңгейлік тапсырмалар беру (мысалы, оқушының мүмкіндігіне, қызығушылығына сәйкес). Проект барысында зерттелетін тақырыптың ашылуы.

Проектке қажетті материалдар және ресурстар

Технология-құралдар

Фотоаппарат, компьютерлер, интерактивті тақталар, видеокамера, сандық камера, интернет желісіне жалғанған технологиялар.


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет