Вирустарға және микробтарға қарсы препараттар. Тыныс алу жолдарының аллергоздарында бактериалды немесе вирусты инфекциялардың қабынулары жиі. Кейде микроорганизмдер аллергоздардың дамуына немесе қозуына тіке қатысы болады. Эндотоксиндер псевдоаллерген болып гистаминдердің шығуына себеп. Аллергоздар ЖРВИ -дан кейін дамыса антивирусты препараттар (интерферон, ремантадин, рибавирин, ацикловир) тағайындалады. Тыныс алу және асқорыту жолдарында саңырауқұлақтар инфекциясы болса нистатин және леворин (2-4 млн. өл/тәулігіне) таблеткалары беріледі. Респираторлы аллергозда осы дәрілердің натрий тұздарын аэрозоль түрінде қолданады. Басқада антимикотикалық препараттар (амфотерицин, амфоглюкамин, низорал, миконазол т.б.) бар.
Жергілікті (теріге, қынап ішіне) клотримазол қолданылады. Бактериалды инфекция дамыса сульфаниламидты препараттар (бисептол, бактрим, сульфадиметоксин) фолиев қышқылымен бірге беріледі.
Стафилококтарға қарсы нитрофурандар белсенді. Ағзада инфекция ошағы болса антибиотиктер берілуі керек. Бұлшық етке берілетін антибиотиктер иммунокомпетентті торшалардың простагландин Е-ге сезімталдығын төмендетеді. Антибиотиктер лейкоциттердің фагоцитарлық белсенділігін басады, лимфоциттердің ДНК-ға репарациясын бұзады, жалпы иммуносупрессивті әсер етеді. Сондықтан антибиотиктерді инфекциялы-аллергиялық ауруларға тағайындалу принциптері мынадай:
— аса жақсы нәтиже беретін антибиотикті таңдап, жеткілікті мөлшерімен 10 күннен артық беруге болмайды. Ауруларға аса көп аллергия беретін пенициллинді және екі антибиотиктерді қолданбау керек. Тетрациклиндер, левомицетин, стрептомицин — иммунодепрессанттар. Макролиттер стафилококтерге әсер етіп, интоксикация және дисбактериоз бермейді. Эритромицин, спирамицинді – жүктілік кезінде қолдануға болады. Фторхинолондар, цефалоспориндер, гентамицин жақсы нәтиже беріп жүр.
Табиғи антибактериалды препараттардан — хлорофиллипт (10% спирт ерітіндісін, физиологиялық ерітіндіге қосып 1:3), сарымсақ (аллисат), пияз (аллилчеп) экстрактісін (физиологиялық ерітіндіге 1:6 ретінде қосып) ингаляцияға қолданады. Антибактериалды препарат прополистың (18% ерітіндісін 96 гр. спиртте 10 тамшыдан, күніне 3 рет) ішуге және 1%- ерітіндісін ингаляцияға тағайындайды. Инфекцияның қозған кезінде интоксикацияны түсіру үшін гемодез, неогемодез, глюконеодез, энтеродез береді. Олар токсинді байланыстырып ағзадан шығарып жібереді. Қосалқы протозойлы инфекцияларда (лямблиоз, трихоманиаз, амебиаз, лейшманиоз) метронидазол 5 күн бойы тағайындалады. Бұл препарат иммунитетті де көтереді.
Антиаллергиялық иммуноглобулин реагиндердің реакциясын басады, Ig G2 – нің, оның Fc-фрагментінің синтезін белсендіреді. Бұлшық етке 1 мл-ден аптасына 2 рет, барлығы 5 рет егеді.
Достарыңызбен бөлісу: |