Бетта-рецепторларының стимуляторлары-орциприналин сульфат, изадрин. Оларды ингаляцияға 4-5 жастан бастап пайдаланады. Өте нәтижелі бронхолитик, фенотеролгидробромид-беротек аэрозолы 8 сағатқа дейін спазмды болдырмайды. Кейінгі жылдары пайда болған аэрозоль “дитек”-тің құрамында беротек және ингал бар. Ингал бронх демікпесінің қозуында басады.
Холинолитиктер. М-холинолитиктер (атропин, ипратропиум-бромид, меңдуана препараттары, теофедрин, антасман, солутан) торшалардың М-холинорецепторларына блокада жасап цГМФ синтезін басып мес торшаларының дегрануляциясын азайтады. Бұлардың кері әсері түкірікті қойылтады, ішектің атониясын, тахикардия береді, қарашықты кеңейтеді. Ипратропиум-бромидті ингаляцияға қолданады, беродул жақсы көмектеседі, өйткені М-холинолитик+бета-адреномиметиктен тұрады.
Пурин қосындылары. Теофиллин-диметилді ксантин, теоброминге ұқсас. Ол спазмолитик және антиаллергиялық дәрі: қан торшаларында цАМФ-ты (ПГТ2) және бронхтардың гистаминге, ацетилхолинге сезімталдығын төмендетеді. Балаларға 14 жасқа дейін теофиллин берілмейді.
Муколитикалық дәрілер. Тыныс алу жолдарының ауруларында және қою қақырықты секрециясында тиімді. Ацетилцистеин (10% ерітіндісі) ингаляциясы жақсы. Тахоликвин (1%), ұйқы безінің препараттарын (трипсин, химотрипсин) тағайындайды.
Альфа-антитрипсиннің тапшылығында ферменттерді әсіресе трипсинді беруге болмайды, өйткені брадикиннің белсенділігі пайда болады.
Патогенетикалық дәрісіз емдеу.
Гемосорбциядан кейін иммунитет көрсеткіштері өзгереді, дәрі шок-мүшелерге әсер ете бастайды, гиперсезімталдық төмендейді.
Гемосорбцияя өткен соң 3 күннен кейін айналымдағы иммундық комплекстер азаяды, фагоцитоз күшейеді, аутоантиденелер және иммуносупрессорлы лимфоциттер, кортизолрезистентті лимфоциттерде азаяды. Гемосорбцияны жүкті әйелдерге, созылмалы инфекцияның қозған кезінде, асқазанның және ұлтабардың жарасында, тромбоз ауруында, астматикалық статуста, гипертонияда жүргізуге болмайды.
Достарыңызбен бөлісу: |