Аллергия Рефераттар admin


Плазмоферез, лимфоцитоферез



бет10/12
Дата11.09.2020
өлшемі61,64 Kb.
#77683
түріРеферат
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12
Байланысты:
Аллергия

Плазмоферез, лимфоцитоферез. Плазмоферез қаннан антиденелерді, киллер-торшаларды, айналымдағы иммундық комплекстерді, патологиялық белоктарды тазартады. Асқынулары тромбоз дамуымен, өкпенің ісінуімен және жедел өкпе-жүрек жеткіліксіздігімен болатын кісі өліміне (1%) байланысты.

Лимфоцитоферез – антигенге сенсибилизациясы бар және кортикорезистентті лимфоциттерден тазартады.

Экстракорпоральды иммуносорбция – ағзадан реагиндерді 85%-IgE-ді шығарып, тазартады.

Экстракорпоральды иммунофармокотерапия. Науқастан алған қанды рентген сәулесінде 200-1000 Грей ұстағаннан кейін қайтадан қанға құяды. ДНК белсеніп, лимфо-монокиндер шығып, науқастың жалпы жағдайы жақсарады. Аптасына 1 реттен 8 сеанс (Изольда аппаратында МД 73) өтеді.

Стационарда емделгеннен кейін науқас шипажайда реабилитация өтеді. Бронх демікпесінің инфекциялы-аллергиялық түрінде Алма-Арасан, Ыстық-көл, теңіз жағасындағы шипажайлар (санаториялар) жақсы көмектеседі.

Психотерапия, емдеу дене шынықтыру, иглорефлексотерапия, диета (тұзсыз, ашығу-су ғана ішіп) дәрігердің бақылауымен жүргізілсе жақсы нәтиже береді.

Спецификалық  емдеу.

Спецификалық емдеуді Ресейде 1 рет (гипосенсибилизацияны) А.М. Безредко (1911) қолданған. А.Д. Адоның сөзімен-аллергиялық аурулардың спецификалық гипосенсибилизациясының емдеу негізгі иммунологиялық механизм мен аллергендерді блокадаға ұшырататын антиденелердің (IgG) түзілуі.

Гипосенсибилизацияның механизмдері:

— блокада беретін антиденелердің түзілуі (IgG)

— реагендердің синтезінің азаюы (IgЕ)

— қан нейтрофилдерінің фагоцитозының күшеюі

— иммунды комплекстердің көбеюі

— нысана — торшалардың антигенге жауабы төмендейді

— Т-супрессордың белсенділігінің жеткіліксіздігінің қалыпқа келуі.

Аллергиялық кабинеттің жұмысына орта есеппен 280 емдік аллерген керек.



Иммунотерапия. Гипосенсибилизация — аллергендерді кіргізіп жоғарғы сезімталдықты төмендетеді. Оны десенсибилизация дейді. Толық десенсибилизацияға жету қиын, сондықтан гипосенсибилизация  емі  деп атайды, сенсибилизация беретін аллергендердің мөлшерін біртіндеп көбейтіп төзімділік беретін мөлшеріне дейін көтеріп емдейді.

Аллерген элиминациясы – ауру аллергенмен қатынаста болмайтын жағдайда жүргізіледі. Науқаста аллергені жоқ палатаға орналастырады. Ауа Петрянов фильтрімен кіреді.  Ауру осындай палатада сыртқы ортадағы аллергендер жоғалып кеткенше болады. Мысалы: поллинозда – жаз бойы. Төзімділік 15-20 апта бойы емдегенде пайда болады. Көп жағдайда 3 курс өткізеді. Субпорогты мөлшерінен бастап, әрбір келесі мөлшеріне 0,2 мл қосып отырады.  Гипосенсибиляцияның  ақырғы мөлшері ауру көтере алған максимальды мөлшерімен бітеді. Соңғы мөлшеріне көбінесе аллергеннің таза өзін беруге дейін көтереді. Аллергенді тері ішіне беру, тері астына егумен –салыстырғанда жақсы көмектеседі.

Тозаңды аллергендермен егуді сол аллергенді беретін өсімдіктердің гүлденуіне дейін жүргізеді.

Иммунотерапияның нәтижесін 5 балдық шкаламен бағалайды. өте жақсы (5) нәтиже емдеу біткенде ешқандай шағым жоқ, аурудың көріністері толық жоғалған.

Жақсы (4) симптомдары 50%-ке, науқастың шағымдары 2-3 есе азайған, IgG  анық көбейген. Науқас симптоматикалық ем алып, жұмыс істеуге қабілеті болады. Баға (3) қойғанда, аурудың шағымдары шамалы ғана азайған, иммунологиялық көрінісі және сезімталдығы өзгермеген.

Баға (2) – ешқандай өзгеріс болмаған;

Баға (1) – жаңа шағымдары бар, ауру қозған, иммунологиялық көрсеткіштері төмендеген.

Гипосенсибилизацияны дұрыс жүргізу 80% жақсы нәтиже береді.

Таблетка-аллергендер (оральды әдіс) ішекті белсендіріп, жалпы денеге әсер етеді. Тіл астына берілетін антигендер бар. Балаларға арналған антигенді “глицал” дейді. Шетелде бактериалды вакцинамен (“Бронхо-Ваксон” ) оральды жолмен 1 ай бойы емдейді.

Аллерген қантқа тамызылып ауыз қуысында сорылғанда бадамша бездеріне сіңеді.

Респираторлы аллергоздардың нәтижелі емі аллергенді аэрозольды әдіспен кіргізу. Дымқыл аэрозольдарды РДЖ-4 м, АИ-1 аппараттарымен кіргізеді. Құрғақ аэрозольдарды тыныс жолдарының төменгі жолдарына беру үшін инсуфлятор жүйесін (А.И. Герасимов) және спинкалер (Югославия) қолданады. Мұрын қуысына ингалятор (Фай шонс Англия) пайдалы. Кейбір  дәрілерді аэрозольды баллондармен (бенламетазон, беротек) кіргізеді. Дәрілер тыныс алу жолдарына жақсы әсер етеді, асқазанмен салыстырғанда денеге 20 есе жылдам сіңеді.

Аллергеннің тыныс алу жолына түсуі жергілікті гипосенсибилизацияға әкеледі, фагоцитозды белсендіреді, өкпе иммуногенезі де белсенеді. Антигендер аймақтық лимфа түйіндеріне кіріп, блоктың антиденелері шығады. Иммуноглобуллин А  дем алу жолдарындағы қабынуды болдырмайды, ал IgG қабынуды жояды. Жалпы иммунды реакция да белсенеді. Т-супрессорлар белсеніп, Т-лимфоциттердің торшаларына әсері азайып шырышты секрет пен гистаминнің  шығуы тоқтайды. Антигендер көлемі 30-50 мк болса мұрынның шырышты қабығында шөгеді, 5-15 мк — бронхтарға жетеді. Ингаляцияны күн сайын кейде күніне 2 рет жүргізеді.

Ринитті емдеу үшін дозатор РДЖ-4 м, жұтқыншақ пен ірі бронхтар үшін АИ-1, ПАИ-2, альвеолалар мен кіші бронхтар үшін TUR-USI-50 қолданылады. Гипосенсибилизацияны 1 жыл өткен соң ғана қайталайды. 3 курс ем өткен соң 2-3 жылға үзіліс істейді. Емнің жақсы болмауы аллергенді дұрыс анықтай алмауға немесе науқаста қосымша ауру болуына байланысты.

Аллергиялық ринитте – аллергенді мұрын ішіне, ларингит пен трахеитте-ауыз қуысына, конъюнктивитте — көзге, отитте – құлаққа, бронх демікпесінде – бронхтарға жібереді.

Аллергеннің жаңа түрі (аллергоидтар) IgЕ байланыспай-ақ олардың синтезін басады.

Иммунотерапия гиперсезімталдықтың І және ІҮ түрінде жақсы нәтиже береді. Вазомоторлы ринитте, эндогендік бронх демікпесінде, аллергиялық емес есекжемде иммунологиялық емдеудің керегі жоқ.

Спецификалық ем мына аллергоздарда жүргізіледі: бронх демікпесі, жоғары дем алу жолдарының аллергиялық ауруларында, есекжем, Квинке ісігінде, аллергиялық дерматиттерде. Арнайы ем аллергендерді басқа жолмен денеден арылта алмайтын жағдайлар да ғана (мыс: поллинозда басқа жерге көшіп кету, тағам аллергиясында аллерген-тағамды ішпеу) қолданылады. Кәсіби аллергозда жұмыс орнын ауыстыруда көмектеседі.

Спецификалық емді жүргізуге болмайтын жағдайлар: психикалық ауру, бауыр және бүйрек аурулары, туберкулез, қант диабеті, тиреотоксикоз, ревматизм, коронакардиосклероз (декомпенсация), өкпе-жүрек жетіспеушілігінің ІІ-ІІІ сатысында, өкпе эмфиземасы.

Спецификалық емнің жақсы көмектеспейтін жайттары: аутоиммунды аурулар,  әртүрлі созылмалы қосалқы аурулардың бары (созылмалы тонзиллит, бронхоэктаздар, остеомиелит), гипертония ауруы, кортикостероидты ұзақ қолданғаннан кейін, аспирин демікпесі т.б.

Спецификалық емде титрование жүргізіп бастапқы аллергеннің дозасын анықтайды. Бұл өте қиын жұмыс. В.С. Машкевич (1992) әртүрлі аллергендердің тері сынамасымен бастапқы емдеу дозасының ертінділерін анықтаған:

1) тұрмыстық аллергендер (+++) – 10-5, (+++) – 10-6

2) эпидермальды аллергендер  (+++) – 10-5 (+++) – 10-7

3) бактериальды аллергендер  (+++) – 10-5 (+++) – 10-8

4) саңырауқұлақтар (+++) – 10-5 (+++) – 10-7

5) тозаңды аллергендер: шалғынды шөптер (+++) –10-7 (++++) -10-9; арам шөптер (+++) – 10-9 (++++) –10-11

Аллергендердің әр түріне, тері сынамасының көрсеткіштеріне қарай аллергендердің мөлшерін көтеру немесе төмендету керек. Тері сынамасы тым жоғары болса, соғұрлым басталу мөлшері төмен болады. Бронх шырышты қабығына аэрозольды аллергендердің бастапқы мөлшері: тұрмыстық және эпидермальдық – 10-2  бактериальды – 10-3.

Мұрын шырышты қабығына аэрозольды антигендер мөлшері: тұрмыстық және эпидермальдық – 10-5 бактериальды – 10-6 тозаңдық –10-8 саңырауқұлақтық– 10-5. Кейде спецификалық ем аллергиялық реакциямен жүреді. Бұл басталу мөлшерінің жоғары болуына байланысты. Дұрыс анықтаған басталу мөлшері аллергиялық реакция бермеуі керек. Жергілікті реакциялар болуы мүмкін (12-75%). Спецификалық емде антигистаминді ем қолданбайды. Кейде интал беріп аллергиялық реакцияның алдын-алуға болады (Мошкевич).

Бактериалды емес аллергендермен емдеудің асқынулары:



  1. Жергілікті жедел реакциясы. Аллерген еккеннен кейін 15-20 мин. өткенде аллерген кірген жерде, қызару, ісік, қышу пайда болады. Реакцияның жеңіл түрінде антигистаминдік дәрінің бір таблеткасын беру жеткілікті. Егер иықта үлкен ісік болса 2,5% пипольфеннің 1 мл немесе 1 мл димедрол егеді. Реакция қайтқан соң аллергеннің мөлшерін көбейтпей, қайталайды немесе оның алдындағы мөлшерін қайта береді. Емдеуді тоқтатпайды.

  2. Шок мүшенің реакциясы – аурудың қозуымен сипатталады. Арнайы емді ауру жазылғанша тоқтатады және гипосенсибилизацияны алдыңғы мөлшерден бастайды. Егер реакция тым анық болса емдеудің басқа схемасына көшу керек.

  3. Басқа мүшелердің реакциялары. Жүрек тұсы және аяқ-қолдың ауыруы, қан қысымының жоғарылауы немесе төмендеуі, вегетативтік бұзылыстар, шеткі қан тамырларының, жүйкелердің, бастың қан тамырларының бұзылыстары байқалады. Кейде аллергиялық дерматиттер, аяқ-қолдың ісінуі болады. Спецификалық ем науқас толық жазылғанша тоқтатылады. Иммунологиялық және клиникалық зерттеуден кейін ғана арнайы емді жеңілдетіп жүргізуге болады. Егерде жалпы реакция қайталанса арнайы емді мүлде тоқтату керек.

  4. Жалпы реакция-беті қызарып, денесі қызып, жөтеліп, кеудесі қысылып, қан қысымы төмендеп, тахикардиямен сипатталады. Жалпы реакция анафилактикалық шокпен өтуі мүмкін.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет