Аллергия Рефераттар admin



бет4/12
Дата11.09.2020
өлшемі61,64 Kb.
#77683
түріРеферат
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Байланысты:
Аллергия

Антибрадикининдік дәрілер созылмалы, рецидивті есекжемді емдеуге (пармидин, ангинин, продектин, гливанол) 1-2 ай бойы қолданылады. Кинин жүйесінің ингибиторлары – антиферменттік препараттар: трасилол, контрикал, калликренин, плазмин. Бұған жататын эпсилон-аминокапрон қышқылын (тамшылатып 1% ерітіндісін 100 мл) және гепарин (5-10 мың өлшемін тері астына, қарынға), трасилолды (венаға 10 мың өлшем) есекжем қозған кезде тағайындайды.

Интал және задитен топтары мембрананы қалпына келтіреді. Интал суда  ериді, асқазан-ішектен денеге сіңбейді, жергілікті қолданылады. Торшаларда цАМФ-тың деңгейін көбейтіп  дегрануляция болдырмайды. Мес торшаларының мембранасын  тұрақтап гистаминнің босап шығуын тоқтатады. Мес торшаларының кальций каналдарының рецепторлары арқылы әсер етіп кальцийдің антагонисы болып саналады. Интал ағзаға 20 минуттен кейін әсер етіп, эффект 6 сағатқа созылады. Интал капсуласы 20 мг, тәулігіне 1-6 капсула тағайындалады. Мұрынға және бронх ішіне ингалятор, көз тамшысы (оптихром), асқазан-ішекке капсула арқылы беріледі. Айлап, жыл бойы пайдалануға болады. Балаларға 2 жастан асқанда ғана тағайындайды.



Задитен (кетотифен) гистаминге, серотонинге, ацетилхолинге қарсы белсенді. Гистаминнің рецепторымен байланысып гистаминнің шығуын бөгейді. Аллергиялық реакцияның бірінші түрінде (атопияда) нәтижелі. Мес торшаларының мембранасын тұрақтайды. Задитен лейкотриендердің және хемотаксисты факторлардың бөлінуін  азайтып, бронхтардың бета-адренергиялық рецепторларының сезімталдығын көтеріп, неспецификалық гиперреактивтілігін басады. Кетотифен- таблеткасы күніне 2 рет тағайындалады. Препарат өте жақсы көмектеседі, оны бір жылға дейін беруге болады. Балаларға 6 жастан асқанда ғана береді Интал мен задитенді бірге беру респираторлы аллергоздарда өте жақсы нәтижелі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет