Аллитерация (лат adlittera дыбыстас) – бірыңғай дауыссыз дыбыстарды қайталау және ассонанс



бет4/14
Дата16.05.2022
өлшемі178 Kb.
#143544
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14
Байланысты:
Теория

Метафораның жай түрі.

Көп сөз – көмір,
Аз сөз – алтын.
(Мақал)

  1. Жіктік не тәуелдік жалғаулары арқылы жасалғандар.

Сен бұзау терісі шөншіксің
Мен өгіз терісі талыспын.
(Бұхар жырау)
Халқыңыз қапа болмайды,
Есен барса жолбарысың.
(Батырлар жыры)
Исатай – ел еркесі, ел серкесі.
(Шернияз)

  1. Көмекші етістіктердің көмегімен жасалады (еді, едім, едің, екен):

Қойда бағылан қозы едім,
Жылқыда шаңқаң боз едім.
(“Ер Тарғын”)
Арыстан еді-ау Исатай,
Бұл фәнидің жүзінде
Арыстан одан кім өткен?
(Махамбет)
4. Ұлғайған не күрделі метафора. Ол өз ішінде 3-ке бөлінеді:
а) Бір нәрсені бірнеше нәрсеге балау:
Демалысы – үскірік аяз бен қар...
(Абай)
Орысым – тағдырласым,
Оқуда әліптесім;
Өмірде жан сырласым,
Өнерде әріптесім.
(М. Әлімбаев)
Бұл арада бір шумақ өлең түгелдей ауыстыруға – күрделі метафораға айналып кеткен.
ә) Басқа тәсілдер (көбіне айқындау) арқылы күрделендіру:
Мен – тауда ойнаған қарт марал.
(Махамбет)
б) Екі нәрсенің қарама-қарсы тұрмауы, жасырын түрде келуі:
Көлге біткен құрағым,
Сурылып озған пырағым.
(Батырлар жыры)
Күрделі метафора жасаудағы мақсат та – сөзді құбылту арқылы ұғымды тереңдету; ой образын үстемелей, өсіре келе оның әсерін күшейту.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет