5. Бейне, бейне бір, тең деген сөздер арқылы жасалады:
Ауызы бейне шалғы орақ,
Шөп емес, бірақ май орады.
(Жұмбақ)
Бақытың баста тұрғанда,
Асқар таумен тең едің.
(Нысанбай)
Тіліміздің рефарматоры А. Байтұрсынұлы ауысуды 2-ге бөліп қарастырған: тіл ауысуы және лұғат ауысуы. Мұнда әдетті ауысу тілдік болады да, айтушының сөзіндегі ауысу лұғаттік болады.
Сонымен қатар метафораның тілдік сипатын қарастыруға болады. Яғни тілдік (сөздік, дәстүрлі) метафора – сөзге жаңа мағына қосып, оның семантикалық шеңберін кеңейтіп, әрдайым үздіксіз дамытып отырады. Көбіректе полисимия арқылы жасалады. А. Байтұрсынұлының тіл ауысуы да осы болса керек. Мысалы: әңгіменің аяғы, ауылдың аяғы т.б. Тілдік метафораның туу жолдары:
Тұлға ұқсастығы: ұшақтың қанаты, қазанның құлағы, домбыраның құлағы т.т.
Қимыл ұқсастығы: істі жабу т.б.
Заттардың қызметіндегі ұқсастық: жердің серігі т.т.
Ұғымдардың бір-біріне қатыстылығынан туатын ұқсастық: өткір тіл, өткір сөз
т.б.
Достарыңызбен бөлісу: |