Iлияс Есенберлин. «Алмас Къылыш» (Коьшпендiлер – 1)
© «I. Есенберлин атындагъы къор», 2004
www.kazakhstanets.narod.ru
88
таранып отырған. Әбілқайыр үйреншікті әдеті бойынша шымылдықтың қасына
келіп шешіне бастағанында, Рабиу-Сұлтан-Бегім ақ мамықтың үстінен
еркелеп
түрегеліп, аяғын ырғала басып алтын кесеге шербет құйып әкелген.
— Гераттан жіберіпті. Бұғы мүйізінің нәрі қоса қайнатылған, аяғына дейін
ішіңіз, хан ием, — деген.
Хан ішкен. Және денесі аппақ қардай, қарақат көз сұлу бәйбішесінің жанында
әдеттегісінен анағұрлым ұзақ жатқан. Сол бір шатты сәтте әлі де он жеті жасар
уылжыған қызға бергісіз осы бір періштедей сүйкімді әйелін Бақты-Қожа уәзірге
өлтір деп тапсырғаны ойынан шығып кеткен. Бар ынтасы сол бір тамаша мезеттің
қуанышын мейлінше соза түсуде болған. Өткіншек дүниенің қызығы да оған дәл
осы сәтте марал мүйізінің сөлі қосылған шербеттің тәтті уытындай көрінген. Тек
осы қызық тез өтіп кетпегей деп тілеген.
Ал сол сурет оның көз алдына басқаша елестеп кетті. Шербет құйылған алтын
кесені қолына алды. Жанындағы Рабиу-Сұлтан-Бегім мөлдір көзіне қарай тұрып
кесені түбіне дейін жұтып салды. Сөйтті де жүрегі
өртеніп домалай барып
құлады... «Марал мүйізі сөлінің орнына кішкентай ғана күшәланың уы қосылса не
істеймін?! Жоқ, жоқ бұдан былай қарай тым сақ болған жөн. Япырмай, бір
ажалдан аман қалған екем. Өзім де сезімге берілгішпін. Шербетті алдыменен
Рабиу-Сұлтан-Бегімнің өзіне неге іштіріп алмадым? Екіншідей бұл естен
шықпасын. Жалғыз Рабиу-Сұлтан-Бегім ғана емес, қай қатыным болса да берер
асын, ішкізер сусынын ең алдыменен өздеріне таттырып көруім керек-ақ!»
— Хан сырын көп білетін уәзір тірі қалуға тиісті емес...
Ойда тұрған Әбілқайырға дәйекші сөзі алыстан талмаусырап жетті. «Иә, хан
сарайларында бар өмірі өткен қарт дәйекші дұрыс айтады. Бақты-Қожа уәзір менің
ең қылмысты сырымды біледі. Сондықтан...»
Үйге кірген шабарман кенет хан ойын бөліп жіберді.
— Тақсыр хан, үлкен бәйбішеңіз сізге айтуға бата алмай отыр екен. Гүлбаһрам-
Патшайым ханша кешеден жоқ... Бір жетіден бері төмендегі
елдің бәйгесіне екі
қылаңды мініп кеткен секілді.
Мұндай хабарға еті үйреніп кеткен хан, қабағын да шытқан жоқ.
— Қобыланды батыр қайда екен?
— Тақсыр, Қобыланды батыр бар Қыпшағын соңынан ертіп ата мекен ескі
қонысы Торғай өзенінің бойына көшіп бара жатыр.
— Неге?
Онысын білмеймін. Қас-қабағы жабыңқы. Жігіттері де қалың қол боп тастай
түйініп алған. Қайт деуге бата алмадық. Жәнібек пен Керей ауылдары ауған
Жағатай жұртына қарай қашқан Гүлбаһрам-Патшайым ханшаның соңынан қуып
жете алмай қалыпты деседі жұрт. Ұзын-құлақ. Мүмкін бұл өсек болар.
«әрине бұл өсек емес. Қыпшақ батыр Қобыландының
шынымен-ақ менің
қызымда үміті болған екен. Қыз көнбей қашып кеткен соң, ызадан көшкен екен.
Маған қолқа салуға қаймыққан ғой. Ажалға бермей, алып қалғанымды тағлым
тұтқан да. Шіркін, ләззат, сен кәріні де, жасты да отқа саласың-ау.
Оспан дұрыс
айтады. Қобыландының Ақжол мен Саянға өшігуі де осыдан. Бірақ бір қатын
қолыма түспеді деп, осыншама бүлінетін не бар еді, ақымақ! Осының ызасына
әлде соңынан бар әскерімді жұмсап, қан жоса етейін бе? Жоқ,
өйтудің керегі
болмас. Торғай өзенінің бойы да менің қарамағымда ғой. Кетсе өз жеріне кетті,