Алмас қылыш



Pdf көрінісі
бет45/102
Дата10.09.2022
өлшемі1,59 Mb.
#149138
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   102
Байланысты:
Көшпенділер - Алмас қылыш

Iлияс Есенберлин. «Алмас Къылыш» (Коьшпендiлер – 1)
© «I. Есенберлин атындагъы къор», 2004 
www.kazakhstanets.narod.ru
 
89 
Жәнібек пен Керей тәрізді жеке хандықты көксеп, жат жаққа қаша жөнелген жоқ 
қой. Әлі-ақ сабасына түсер, қайта оралар...» 
Әбілқайыр ақыл-сезімін астаң-кестең еткен бұл ойларын ешкімге сездірген 
жоқ. Тек: 
— Қырық күншілік жерді бір күнде алатын Көксеңгірмен Гүлбаһрам-
Патшайымға жете алмай қалса, шын таусылған екен! — дей салды теріс бұрылып 
кетіп. 
— Иә, солай, тақсыр. 
Хан сол теріс бұрылған қалпында «бәрің де кетіңдер!» деген ишарат білдіріп 
қолын сілтей салды. Уәзір, шабарман тұтқынды ала жөнелді. 
— Қош бол, хан ием... 
Әбілқайыр кешегі өзінің жақсы көретін ақылшысының бірі Оспан-Қожаға 
бұрылып та қараған жоқ. Ол дәл осы сәтте Оспан-Қожаны да, оның тағдырын да, 
бағанадан бері айтып тұрған су астында жатқан інжу-маржандай сырларын да 
есінен шығарған. Иә, ол өзгенің қастығы болмаса, жақсылығын тез ұмытатын. 
Бүкіл Дәшті Қыпшақ, Қорасанды билеп тұрған Әбілқайырға Оспан-Қожа деген 
құл кім? Жақын етсе өзі етті. Өлтірсе өзі өлтіреді. Ал дәйекші сорлы қайтадан 
зынданында ажалы жеткенше, іріп-шіріп жата бермек боп кете барды. Ханды енді 
басқа ой мазалай жөнелді. 
«Жәнібек пен Керей Жағатай ұрпақтарының қол астына ауды. Қыпшақ 
Қобыланды көшті өз жайына. Самарқанттағы әбусейіттің теріс бұрылып бара 
жатқаны анау... Еділ бойындағы өзіне тән Қыпшақтарын ертіп қарға бойлы 
Қазтуған да Жәнібек пен Керейге қосылғалы қонысынан көтеріліпті деген сөзді 
кеше естідім. Және Қазтуған жырау: 
Шырмауығы шөккен түйе таптырмас, 
Балығы көлге жылқы жаптырмас, 
Бақасы мен шаяны 
Кежідегі адамға 
Түн ұйқысын таптырмас, 
Сөйткен менің Еділім, 
Сен салмадың, мен салдым. 
Қайырлы болсын сендерге 
Менен қалған мынау Еділ жұрт, — 
деп Еділ бойында қалған Алшын, Ноғайлы руларына батасын беріп көтеріліпті 
дейді. Өзге рулар да Жәнібек пен Керейдің соңынан ерді деген сөздерді жиі ести 
бастадым. Бұның бәрі неліктен? Отыз жылдай ат үстінен түспей көтерген Көк 
Ордам қайтадан құлағалы тұр ма? Егер менің көзімнің тірісінде мықтап шетінесе, 
он ұлым, он бес қызым, елуге тарта немерелерім, әрқайсысы ол Орданы өзіне 
қарай тартып пара-парасын шығармасына кім кепіл? Иә, сөйтулері мүмкін. Жоқ, 
ондай жағдайға жеткізуге болмайды. Ел тізгінін қайтадан қатты тартуым ақыл. Ең 
алдымен Мауреннахр мен Қорасанның биліктері қолындағы өзіммен тілектес 
хакім, сұлтандармен одақтасып алып, Жәнібек пен Керейдің қолтығына су бүркіп, 
жеке хандық етеміз деп отырған Моғолстанға ойранды салуым борыш...» 
Әбілқайыр енді Ордасының ішіндегі жағдайға көз жіберді. «Алғашқы келісімді 
Ақсақ Темірдің ұрпақтары меңгеріп отырған Самарқант пен Бұқардан бастайтын 


Iлияс Есенберлин. «Алмас Къылыш» (Коьшпендiлер – 1)
© «I. Есенберлин атындагъы къор», 2004 
www.kazakhstanets.narod.ru
 
90 
болсам, Ұлықбек мырзаның қызы Рабиу-Сұлтан-Бегім жайындағы ой-пікірімді тез 
өзгертуім қажет. Заты әйел болғанмен Рабиу-Сұлтан-Бегім Ақсақ Темір ұрпақтары 
мен 
Мауреннахрдың 
бек, 
әмірлерінің 
алдында 
қадірлі. 
Тартыс- 
та бұл қасиетін де есте тұтқан жөн. Әскер басқа елді басып алуға керек, ал 
жауыңның ақылды адамдары, бек-сұлтандары сол елді билеуіңе құрал». 
Әбілқайыр езу тартып күлді. Оспан-Қожа: «хан сырын білетін уәзір өмір сүруге 
тиісті емес» дейді. Дұрыс айтады. Бұл данышпан ақылыңды Бақты-Қожаны құрту 
үшін ғана емес, өзіңнің көзіңді де тезірек құрту үшін жұмсармын... Сен жеті қабат 
жер астындағы зынданда жатсаң да, білетін сырың жер астында жатпайды, бәрібір 
сыртқа шығады... Мұндайда қара жерге де тіл бітеді...» 
Ертеңіне Оспан-Қожаға ас түсірілу тоқтатылды. Ал сол күні төрт нөкерімен 
хан Ордасына келе жатқан Бақты-Қожа уәзір үшті-күйлі жоқ болды да кетті... Хан 
шабармандары іздеп жан-жаққа қанша шапқыласа да оны таба алмай-ақ қойды, 
хан Ордасының маңайындағы Үйсіннің атышулы батыр, билері «бұл қалай?» деп 
күңкіл шығара бастады. Дәл осы кезде «Бақты-Қожа нөкерлерімен Моғолстанға 
өтіп кетіпті» деген лақап дүңк ете қалды. Өзі шығарған бұл лақапты ең алдымен 
Әбілқайыр пайдаланды, «Мені сатып кеткен әкесінің айыбы» деп, хан көптен бері 
көзін тігіп жүрген, ерніне әлі тірі жанның ерні тиіп көрмеген, кеудесіндегі қос 
алмасы тығыршықтай, дала киігіндей тағы, қамшының таспасындай тастай етіп 
өрілген қолаң шашы жерге түскен Бақты-Қожаның он төрт жасар сұлу қызы — 
Тоқтар-Бикені тоқалдыққа алды. Қандас уәзірдің кесірі тие ме деп, хан қаһарынан 
қорқып қалған Үйсін батырларының сыбырлары су сепкендей басылды. 
Әбілқайыр жас тоқал алып ашуын басып, енді жорыққа дайындалуға кірісті. 
Демек, Рабиу-Сұлтан-Бегім атақты Ақсақ Темірдің данышпан немересі 
Ұлықбектің қызы. Ол өзінің ақыл-парасатымен жұрт алдында ерекше көзге 
түскен. Сүлеймен пайғамбардың кезіндегі әйел патша Балқыз замандастарына 
қандай құрметті болса, бұған да өз замандастары біздің уақытымыздың Балқызы 
деген ат берген. 
Жас иіс сұлу тоқалы Тоқтар-Бике Әбілқайырға тек өзінің сұлулығы мен 
жастығын берді. Өзгесін хан Рабиу-Сұлтан-Бегімнен тапты. Рабиу-Сұлтан-Бегім 
де өзіне хан ықыласының қайта түскенін көріп, жас иіске аз күн ауғанын кек 
тұтпай, енді бұрынғыдай емес, хан істеріне біртіндеп араласа бастады. Осы кезде 
Орда-Базарға әбду-Латифтың туған баласы Мұқамет-Жөкі келе жатыр деген хабар 
жетті. 
Рабиу-Сұлтан-Бегім оны алдынан ат шаптыртып қарсы алды. Үстінде көк 
құрыш шынжыр сауыт, ер-тоқым, жүген-құйысқандарын алтынмен аптатқан он 
шақты жігіт Орда тұсына кеп түсе қалды. Хан Ордасына қарай жаяу жүрді. Қару-
жарақтарын сыртқа қалдырып, бұлар иіліп сәлем беріп үйге кіріп келгендерінде, 
Әбілқайыр елең етіп шошып кетті. Ордада ханмен бірге тұрған Рабиу-Сұлтан-
Бегім езу тартып күлімсіреді. 
— Хан ием, бұл кіші балдызыңыз, әбду-Латиф мырзаның туған баласы 
Мұқамет-Жөкі, — деп басын иді. 
Ал Жөкіге: 
— Жалғыз бауырым Мұқамет-Жөкі, сау-саламат келдің бе? Мына кісі ұлы 
мәртебелі Сүлеймен пайғамбардай ақылды, Ескендір Зұлхарнайын патшадай 
айбарлы, бүкіл Дәшті Қыпшақ ханы Мауреннахр мен Қорасанның сырттай 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   102




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет