Алмас қылыш



Pdf көрінісі
бет48/102
Дата10.09.2022
өлшемі1,59 Mb.
#149138
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   102
Байланысты:
Көшпенділер - Алмас қылыш

Iлияс Есенберлин. «Алмас Къылыш» (Коьшпендiлер – 1)
© «I. Есенберлин атындагъы къор», 2004 
www.kazakhstanets.narod.ru
 
95 
Моғолстан, онымен шектесіп жатқан тағы Дәшті Қыпшақ... Тек Моғолстан 
өлкесін өзіңе бағындырсаң, болғаны. Көк Орда хандығы батысы — Еділ, Қара 
теңіз, оңтүстігі — Хивас, Иран, Ауған, солтүстігі — Тара, Орал ойпаты, шығысы 
— Үндістан, Қытай мемлекетіне дейін созылған ұлы хандыққа айналады. Мұндай 
жерді Ескендір Зұлхарнайын әтиль, Шыңғысхан, Ақсақ Темірден бөтен ешкім 
билеп көрген жоқ. Бесінші ұлы хан боп мен билеймін, жалғанда бұдан артық 
жетер арман бар ма? Бұл опасыз дүниеде бәрі де бір күнгідей болмайды, байлығың 
да, бақытың да өтеді де кетеді... Тек атағың ғана өшпейді. Ал осыншама жерді, 
елді билесең сенің атағың ұрпақтан ұрпаққа кетеді. Бүкіл әлемді топан су қаптар 
күн туса, Нұқ пайғамбардай адамзатқа өлмес атың қалады. Өзің өлсең де, тарихта 
есімің өлмесе, одан артық қандай мәңгі тіршілік бар? Бұдан асып тірі пенде не 
істей алады?» 
Бұл ханның орындалмас қиялы. Демек, Үргенішті алуды арман еткен 
Әбілқайыр Дәшті Қыпшақтың оңтүстік құмайтты жағын қиғаштай жүріп, бір 
аптадан кейін Отырардың солтүстік тұсынан өтетін Сейхун дарияның қамыс, 
жиде, қарағашты жағасына келіп жетті. Құмырсқадай быжынаған қалың қол, 
белдері босаңсыған аттарын тынықтырмақ боп, бір жетіге қостарын тікті. Хан 
ойынша бұлар тынығып болғанша әскерге азық-түлікке он мыңдаған қойды айдап, 
соңдарынан көше қонып келе жатқан көп қараша ауылдары да жетпек-ті. Ал 
қосын келіп қостарын тіккен Сейхун дарияның тұсы өркеш-өркеш асау сұрғылт 
толқындары жұдырықтай тастарды жаңқа құрлы көрмей жұлып ала жөнелетін 
долы еді. Екі жағы бірдей түйелі адам көрінбейтін қалың қамыс, анақурай. 
Бұлардан әрі кигіздей боп тұтасып кеткен тапал бойлы тораңғыл мен жиде ағашы. 
Іші толған сан түрлі аң, құс. Анда-санда бүкіл Дария бойын тітіреткен 
жолбарыстың ақырған ашулы үні естіледі. Сөйткенше «бақ» ете қалған ақбөкеннің 
даусы шығады. 
Әбілқайыр әскері осы арада бір жеті болмақ. Аттың белін көтергеннен кейін 
арғы бетке өтпек. Сейхун секілді долы тасқыннан өту оңай шаруа емес. 
Шыңғысхан заманында мұндай өзеннен өтудің басқа жолы болған. Әрбір 
монғол жауынгері ерінің басына байлап алған өгіз терісін дастарқан секілді 
дөңгелетіп ойып, шетінен қыл шылбыр өткізетін тесік істейтін. Бар киім-кешегін, 
кейде тіпті қару-жарағын да, осы терінің ортасына салып, шетіндегі тесіктерден 
өткізілген шылбырмен аузын бүріп байлайтын. Осылай қолдан жасалған, суда 
батпайтын тері қапшықты ат құйрығына байлайтын. Өзі атының жалынан ұстап 
қатарласа жүзеді. Не атты бос қоя беріп әлгі қапшықтың үстіне отырады. Орхон, 
Онон, Керулен, Енисей, Ертіс секілді ағысы қатты мол судың жағасында өскен 
монғол жылқылары, толқыны екпінді қандай өзендер болса да арғы бетке алып 
шығады. Дәл осылай олар бір кезде Жейхун, Сейхун, Жайық, Еділдерден де өткен. 
Ал Қыпшақтардың тәсілі бөтен-ді. Олар жылқыларын өзеннен бос жүзгізетін. 
Ағыс жағына күштілерін салатын да, олардың ық жағымен тай-құлындарын 
тоғытатын. Өздері қамыстан, не талдан сал тоқып, сонымен өтетін. Тек кейбір 
өжет жігіттері ғана үрген қос қарынды байлаған жіптерді қолтықтарының астынан 
өткізіп, арқасына киімі мен қару-жарағын таңып, жүзіп арғы бетке шығады. Ал, 
Сейхун, Жейхун жағасының жауынгерлері көбіне кепкен асқабақтарды байлап 
жүзіп өтеді. 
Жігіттері бір күн дем алғаннан кейін, Әбілқайыр қамыс шауып сал дайындауға 
бұйырды. Өзі нөкерлерімен әскері қос тіккен жерден әрірек барып аң ауламақ 


Iлияс Есенберлин. «Алмас Къылыш» (Коьшпендiлер – 1)
© «I. Есенберлин атындагъы къор», 2004 
www.kazakhstanets.narod.ru
 
96 
болды. Хан аңға шыққан жер Сейхунның ойпаттау сағасы болатын. Дария 
жазғытұрымғы тасыған кезде осы арадағы кең алқапты алып, қайтадан есесіне 
түскен шағында ойдым-ойдым қарасулар қалдыратын. Тым қуаңшылық жылдары 
бұл араға сонау Қазықұрт тауынан жайлауға көшіп келген ауылдар, тартылып 
қалған қарасулардың балшықтарынан құлаш-құлаш мекре, лақа балықтарды қазып 
алатын. 
Ауылдар жайлауға келмеген жылдары бұл араны бұғы мен марал жайлайды. 
Көл аралары жазық дала, көк шалғын. Сейхун жағасы қалың қамыс, тұтас- 
қан жиде ағашы. Бұғы мен маралға бұдан артық қандай қоныс керек? 
Әбілқайыр осы араға шатырларын тікті де, қасына кернейші-дабылшы екі-үш 
жігіті мен ежелгі серігі Бахтияр-баһадурды ертіп жан-жақтарын шолып келуге 
шықты. Астында жол-жөнекей ер салынбай, тың, жетекте келген Тарланкөк. 
Ауыздығымен алысады. Өзгелердің де мінгендері қосаяқтай жүйріктер. Әйтсе де 
олардың аттары қамыс құлақтарын қиғаштап, жіті басқанмен де, Тарланкөктей 
емес, ауыздығымен алысып келе жатқан жоқ. Сірә, Сейхунның лайлы суы мен 
шігір араласқан сұрғылт бетегелері жер-су талғайтын сәйгүліктерге тақа жәйлі 
тимеген тәрізді. 
Хан тобы әңгімелесе жүріп, бір жазық далаға шықты. Кенет Тарланкөк 
осқырына, танауы делдиіп, құлағын тіге қалды. Бұлар «не болды» деп жан-
жақтарына қарап та үлгерген жоқ, дәл алдарынан шаңырақ мүйіздерін арқаларына 
сұлата жатқызып, көгал шөптің үстімен бауырлай ұшқан құстар тәрізді, ұзын 
аяқтарын көсілте жазып, теңбіл жүнді бір топ арқар зуылдай өте берді... Үлкен-
кішісі аралас. Шабыстарына көз ілеспейді, нағыз бір селдірлей аққан сағым-
сынды, «Бұлар бізден үрікті ме?» деп хан ойланып та үлгермеді, кенет арқардың 
соңынан шұбалана қуған бір ұя қасқырды көрді. Қамысты жердің нағыз қара 
қылшықтары, құлынжал арландары. Топтанбай созыла шапқанмен аралары жиі 
кетіп барады. Хан тобы бұларды шөптің қалыңдығынан бірден көре алмаған екен, 
арқарларды өкшелеп жетуге жақын. Сірә, қасқырлар өздерінің ежелгі әдеттеріне 
салып, кезектесіп қуған болуы керек, қарқындарына қарағанда мына көкжалдар 
төтеден қосылған тәрізді, әйтпесе жазық жердің жел ере алмас құдіретті 
жүйріктері — арқарлары бұларға шаңдарын да көрсетпесе керек-ті. 
Хан тобы шыдап тұра алмады, елегізген жүйріктерінің тізгінін босатып 
жіберіп, сойылдарын ыңғайлап, айқай сап қасқырлардың соңынан тұра шапты. 
Тарланкөк өзге аттардан бірден суырылып сала берді. Көп кешікпей хан 
серіктерінен озғындай шығып қарасын үзді. Әбілқайыр жас кезінде ұрыстарға 
тікелей қатысып келсе де, алтын тақтың қызығын көрген сайын ажалдан қорқа 
түскен. Жиырма бестен асысымен-ақ хан ұрысқа қатысуды қойған. Таластың 
тағдыры шешілетін қан майданға ол өзінің батырлары мен әскерін айдап салатын. 
Тек жау жеңілген кезде ғана жеңіс қуанышын қарсы алуға жұрт алдына шығатын. 
Өзі тікелей ұрысқа қатыспайтындығынан хан көптен бері сойыл, найзаны 
жұмсауды ұмытқан. Бірақ өзін аңдыған жаудың көптігінен сескеніп, Ордада 
жүргенінде наркескенін, атқа қонғанда садағын тастамайтын. Бұл екі қаруды 
жұмсауда аса шеберленіп алған. Әсіресе жақ тартуға келгенде, жебесін 
құралайдың көзіне дәл қадайтын мерген. Міне, осы қасиеті қазір де өзіне үлкен 
жәрдем берді. 
Тобылғылы, қурайлы, бозаңы белден келетін жазық дала... Алдарында көгілдір 
тоғайлы Сейхун дария... Оңды-солды қамысты шалшық көлдер... Аспан айнадай 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   102




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет