Алмас қылыш



Pdf көрінісі
бет29/102
Дата10.09.2022
өлшемі1,59 Mb.
#149138
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   102
Байланысты:
Көшпенділер - Алмас қылыш
Ілияс Есенберлин Көшпенділер Қаһар, Презентация Физико-химические методы анализа
Iлияс Есенберлин. «Алмас Къылыш» (Коьшпендiлер – 1)
© «I. Есенберлин атындагъы къор», 2004 
www.kazakhstanets.narod.ru
 
57 
Бұл жайды Әбілқайыр хан да білмеген. Тек бес жыл өткеннен кейін ғана
соңынан аламанын ертіп, әлсін-әлсін жылқысын шауып маза бермей жүрген
жыртық бет, жалғыз көз батыр осы Орақ екенін естіген. 
Ал, ол күндері хан Орақты ат құйрығына байлатып біржолата жоқ еттім деп 
ойлаған. Сондықтан да келіні құран алып ант еткенде, «Орақ болса да жоқ, мейлі» 
деп тілегін бере салған. Хан қабағының ашылмауына, әрине, Саян да себеп болды. 
Әбілқайырдың Бүркіт руынан алған әйелінен Шах-Будақ сұлтан мен Қожа 
Мұхамед, Маңғыт бәйбішесінен Ахмет пен Мұхамет-сұлтан, Қоңырат руынан
алған бәйбішесінен Шайх-Хайдар, Санжар, Шайх-Ибрагім, төртінші бәйбішесі 
Ұлықбектің қызы Рабиу-Сұлтан-Бегімнен Күшкінші мен Сүйіншік сұлтан туған-
ды. Шабуылда тоқалдыққа Барлас руынан алған әйелінен Ақ-Бұрық пен Саид-баба 
дүниеге келген. Осы он бір баладан ең тұңғыш Шах-Будақ пен Рабину-Сұлтан-
Бегімнен туған Сүйіншік сұлтан бір төбе де, өзге балалары бір төбе болатын. Шах-
Будақ о дүниеге аттанғаннан кейін, Әбілқайырдың үлкен баласына деген 
махаббаты одан қалған екі ұлға ауған. 
әсіресе екі баланың үлкені Мұхамед-Шайбаниды өте жақсы көретін (бұл атты 
да оған өзі қойған). Ал балалық мінезінде де Шыңғыс ұрпағының қанына біткен 
қайсарлық, қағілездік бар-ды. 
Келіні Аққозыға деген ашуын да хан осы екі немересін жетім қалдырып, 
өксітпейін деп әзер кешірген-ді. 
Ал осы он бір бала, олардан туған толып жатқан немересінің ішінен Әбілқайыр 
келешекте Ордамның тірегі болады деп нағашысы Ақсақ Темірге тартқан, кесіп 
алса қан шықпас қатал, Сүйіншік сұлтан мен немересі Мұхамед-Шайбаниды 
ерекше көңіліне қуат ететін. Әке балаға сыншы, өмір Әбілқайырдың болжауын 
дұрысқа шығарды. Бірақ болжауы дұрыс болғанмен де, бұл екеуінен Сайын тағы 
әзірге тым алыс жатқан-ды. Шах-Будақтан кейінгі кезек Шайх-Хайдардікі еді. 
Бұрындықтың атасының тағының жанына келген Мұхамед-Шайбаниға шүңет 
көздерімен аса бір өштене қарауынан, немересінің тағдыры жеңіл болмайтынын, 
басынан талай ауыртпалық, қанды тартыс өтетініне хан шек келтірмеді. «Соның 
бәріне осы албырт Мұхамед шыдай ала ма? Шыдай алса, жауына төтеп бере ала 
ма?» деген қобалжу сұрақ осы тойдан кейін оның ойынан кетпей қойды. Қыран 
құс балапанын басып шығарарда, ең алдымен өзінің ұясына жақын жерден туатын 
қауіпті ойлайды дейді. Егер ол қауіп жылан, не болмаса басқа бір қорқынышты 
жыртқыш аң болса, сол жауларын жойып, ұясына туар қатерден балапанын 
құтқармай, жем іздеп алысқа ұшпайтын көрінеді. 
Мұхамед-Шайбаниге деген Бұрындықтың көзінде жарқ еткен өшпендік отты 
Әбілқайыр есінен шығара алмай қойды. «Немереме жақын жау, сыбдырын 
білдірмей шағар улы жылан осы Орыс ханның ұрпақтары, — деді ішінен 
Әбілқайыр, — егер ұрпағың қауіп-қатерсіз дүние қызығын көрсін десең ең 
алдымен осы Бұрындықтардың көзін құрт!». 
Ал екінші жақсы көрері Сүйіншікке келгенде Әбілқайыр бір орнында отыра 
алмайды. Астынан сыз өткендей түрегеліп келіп, ерсілі-қарсылы ызалана жүре 
бастайды. Ханның бүйтуі тек Рабиу-Сұлтан-Бегімге деген қызғаныштан ғана 
тумаған-ды. Жан күйінер, намысына тиер басқа да бір қырсық пайда бола қалған. 
Алдыңғы жылғы Қорасан жорығынан Әбілқайыр, жүзіктің көзінен өтердей үш 
текежаумыт күрең бесті әкелген. Хан ордасына тиісті олжаны бөлгенде, әлгі 
бестілерді сый-сияпат етіп сүйікті кіші бәйбішесі Рабиу-Сұлтан-Бегім сұлуға 


Iлияс Есенберлин. «Алмас Къылыш» (Коьшпендiлер – 1)
© «I. Есенберлин атындагъы къор», 2004 
www.kazakhstanets.narod.ru
 
58 
тартқан. «Аулың көшкенде, екі балаңмен үш күреңді мін. Ақсақ Темірдің немере 
қызына сөйтсе, жарасады» деген. Осы бір сөзімен бүкіл Азия мен Үндістанды 
тітіреткен ұлы әмірдің шаһарын шауып, немере қызын тартып алып, әйел етіп 
отырса да, қанды көз Көрегеннің аруағына бас иетінін білдірген. Бұл тарту, өзге 
бәйбішелерінің арасында кезінде күндестіктен туған жанжал да шығара жаздаған. 
Сол бестілер биыл ауыздарымен құс тістейтін жеті жасар ат болған. Биылғы тойда 
Әбілқайыр оларды да бәйгеге қосып көрмек боп, Рабиу-Сұлтан-Бегімге: 
— Ханым, үш күреңді тойға мінбей апарыңдар. Тарланкөкпен бірге бәйгеге 
салмақпын, — деген. 
Сүрме қасты, аққудай аппақ, отыз беске, келіп қалса да, әлі де шаңқай түстей 
жарқыраған сұлу Рабиу-Сұлтан-Бегім: 
— Үш күрең бәйгеден келсе бірге келеді, қалса бірге қалады, — деген, 
қарақаттай мөлдіреген үлкен бота көздерін найзадай ұзын кірпіктерінің астынан 
хан тағындағы еріне жаудырата қадай, — тізбектеліп ұшқан қоңыр қаздай 
үшеуінің қатар келгені жарасымды. Бірақ бұ жолы бәйгеге салудың реті қалай 
болар екен, ортаншысының аяғына жем түсіп, ақсап жүр. Қабылбай сынықшы 
кеше қарап кетті. 
— Олай болса, бұл жолы қоя тұрайық, — дей салған хан. 
Батыр Саян жанындағы екі күзетшімен Сығанақ жаққа, дәл сол күні қораға 
әкелінген осы үш күреңмен қашқан. «Бақытты жігіт жалғыз ғана ханның жас 
бәйбішесін құшып қоймапты, әрқайсысы бір рудың жылқысына татитын үш
сәйгүлік жүйрігін мініп кетіпті! Қандай қорлық, ханның намысын аяққа таптар 
қылық!» Сыбырлағанды құдай естімей ме, құдай құлағына жетер сөзді, жұрт қалай 
сақтанып сыбырласа да хан құлағына да жеткен. Әбілқайыр жұрт өсегін ойына 
алса болғаны, шиырқап шабатын бурадай қаһарлана түседі. «Рабиу сұлу мен 
батыр Саян арасындағы баяғы жел сөз бен үш күреңнің ауылда қалуы... Үш 
күреңді үш кісінің мініп кетуі — бәрі бір түйін» дейді хан ішінен және бас уәзірі 
Бақты-Қожа арқылы үш күреңді той алдында Қабылбай дәруіштің көрмегені 
анықталған. Сірә, ханым берген сыйлыққа қызыққан болуы керек, Қабылбайдың 
өзі үш күреңді қарағам депті, ал оның бірге еріп жүрген шәкірттері сынықшының 
бұл күндерде тіпті Орда-Базарда болмағанын айтыпты. Ханда «Бақты-Қожа уәзірі 
бір жаман оймен шындықты бұрмалап жүр ме, әлде сынықшы шәкірттерінің 
арасында күншілдік боп, Қабылбай қарттың сөзін әдейі бұрған жоқ па екен» деген 
ой болмаған-ды. 
Онсыз да жүрегіне тұнып жүрген бұл сөздер ханды өзінің тұңғиығына батыра 
берген. Әбілқайырдың көкірегін Рабиу-Сұлтан-Бегімге деген өшпенділік уы 
жайлаған. Көзіне шөп салған, арын, намысын қорлаған жігітпен арасындағы қаңқу 
сөзді былай қойғанда, бүкіл елге әйгілі үш жүйрігіне мінгізіп, оны ажалдан 
құтқарып жіберген ерке бәйбішесінен енді хан Ақсақ Темір тұқымына дақ 
салардай өш алуды ойлаған. Өш алуға келгенде Әбілқайыр, қайын атасының кеше 
бүкіл әлемді тітіреткен аруағынан да, оның ұрпақтары билеп отырған елдердің 
қаһарынан да қорықпаған. Рабиу-Сұлтан-Бегім Ақсақ Темір немересі болса, мен 
ұлы Шыңғысханның әулетімін деген. Бұл ашудың үстіне Рабиу-Сұлтан-Бегімнің 
тағы бір қылмысты қылығы жамалған-ды. Тағы сол Бақты-Қожа уәзірдің айтуы 
бойынша, батыр Саянның жанына күзетке Арғын жігіттерін қойдырған ханның 
сүйікті кіші бәйбішесі Рабиу-Сұлтан-Бегімнің өзі болып шықты. «Күзет бастығын 
да сатып алған секілді. Және жоғарғы мәртебелі ханымның Арғын билерімен де 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   102




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет