158
Сахабалар салған сара жол
Пайғамбарымыздың Мекке
бағындырылған күнгі сөзі
Омар (р.а.) былай дейді: «Мекке алынған күні
Пайғамбарымыз Сафуан ибн Умәйя, Әбу Суфиян ибн
Харб және Харис ибн Хишамды өзіне шақыртты. Мен:
«Аллаһ тағала бізге зор мүмкіндік берді, сірә, бұлардың
жасап келген қиянаты үшін өш алмай қоймаспыз»,
– деп ойладым. Аллаһ расулы оларға: «Сендер мен
менің жағдайым Жүсіп пайғамбар мен бауырларының
жағдайына ұқсайды.
Оның бауырларына дегеніндей
мен де: «Бүгін сендерді айыптамаймын. Жазғырмаймын
да. Мен кешірдім, Аллаһ та сендерді кешірсін. Өйткені
Аллаһ мейірімділердің ең мейірімдісі» (Жүсіп, 12/92)
деймін» – деді.
Омар (р.а.) айтады: «Мұны естігенде, әлгіндегідей
ашулы ойға барғаным үшін Пайғамбарымыздан
ұялдым»
150
.
Әбу Һұрайра бұл туралы былай дейді: «Мекке
алынғаннан кейін, Аллаһ расулы
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)
Қағбаға барып, есіктің екі жақтауынан ұстап тұрып:
«Мені сендерге не істейді деп ойлайсыңдар?» деп
сұрады. Олар:
«Сен бауырымыздың баласысың,
өте мейірімді,
қайырымды жансың», – деп, осы сөздерін үш рет
қайталады. Пайғамбарымыз
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)
: «Мен
де Жүсіп пайғамбардың бауырларын кінәламағанындай
сендерді бүгін жазғырып, кінәламаймын. Аллаһ сендерді
кешірсін, Ол қайырымдылардың ең қайырымдысы.
Барлығың азатсыңдар», – деді
151
.
150
әл-Хинди, Мүстәдрәк 10/757 (30158)
151
әл-Хинди, Кәнзул-уммал 10/677 (29931)